Күшін жойған

Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Тізбе
Шешім
Қабылдау күні
12.08.2010
Өзгерту күні
06.12.2011
Актіні қабылдаған орган
Жезқазған қаласының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2011.12.06 N 34/417 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Төлеуов С.Ж.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Әбдіров Қ.С.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту        Мырзаханов Бағлан
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"      Мырзаханұлы
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі
N 24/296 қаулысына
қосымша

Жезқазған қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" Жезқазған қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-31 тіркелген, 2006 жылдың 4 тамызында N 56-57 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. "Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Жезқазған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N 2/20 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-51 тіркелген, 2007 жылдың 28 қарашасында N 67 (7353) "Сарыарқа" газетінде, 2007 жылдың 30 қарашасында N 58 "Жезказганская газета" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. "Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 ақпандағы N 5/58 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-61 тіркелген, 2008 жылдың 4 сәуірінде N 27 (7388) "Сарыарқа" газетінде, 2008 жылдың 4 сәуірінде N 10 (10) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімі.
      4. "Жезқазған қалалық Маслихаттың 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 шілдедегі N 9/96 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-65 тіркелген, 2008 жылдың 8 тамыздағы N 74 (7435) "Сарыарқа" газетінде, 2008 жылдың 13 тамыздағы N 44 (44) "Жезказганская газета" газетінде жарияланған) шешімі.
      5. "Жезқазған қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуіріндегі N 13/161 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-87 тіркелген, 2009 жылдың 30 мамырдағы N 59 (7552) "Сарыарқа" газетінде, 2009 жылдың 10 маусымында N 41(115) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімі.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі
N 24/296 шешімімен бекітілді

Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 241-297 баптарына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 Қаулысына, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 Қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 28/344 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Негізгі ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйді ұстауға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.
      Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 28/344 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
      2) коммуналдық қызметтер - сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілетін қызметтер;
      3) кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектісі) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
      4) кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
      5) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiнің күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      6) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
      7) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;
      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      9) тұрғын үйді жалдау – тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға алушыға тұрақты немесе уақытша ақы төлеп жалдауға береді;
      10) тұрғын үйді ұстау шығындары- жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген тұрғын үй (пәтер) иелерінің ай сайынғы жарналары арқылы жиналатын міндетті шығын сомалары;
      11) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін беретін "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі-уәкілетті орган);
      12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады.
      13) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.
      3. Тұрғын үй көмегі Жезқазған қаласында тұрақты тұратын, белгілі бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын адамдарға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.
      Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метрді құрайды;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
      1985 жылға дейінгі тұрғын үй ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 98 килограмм көмірден артық емес;
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 72 килограмм көмірден артық емес;
      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;
      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Жезқазған қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын.
      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспау керек.
      3) cуық суды, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;
      4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеуі тиіс. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
      5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
      8. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
      9. Тұрғын үй көмегін келесілерге берілмейді:
      1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар;
      2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдар;
      адамдарды есептемегенде:
      күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
      туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
      үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
      кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
      11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.
      12. Жанжалды немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
      13. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үй отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 1 жыл мерзімге тағайындалады.
      15. Тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттарын тапсыру үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Жезқазған қаласындағы филиалына тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш пен келесі құжаттарын (1 қосымша) ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қоныстану ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) тұрғын үй құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
      4) отбасы мүшелерінің қызметі жөніндегі мәліметтер (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама, салық басқармасынан алынған жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы анықтама, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама әкеледі);
      5) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжат: некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік, жетпіс жастан асқан жалғыз басты адамдарды есептемегенде, азаматтық хал актілерін жазбаларынан N 4 үлгідегі анықтама;
      6) тұрғын үйді ұстау шығындары жөніндегі шот, коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртегі және жалпы ауданын растайтын техникалық төлқұжат, телекоммуникация желісі қызметтерінің түбіртегі немесе шарт, қатты отын алу шоты (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), телекоммуникация байланысының қызметтері туралы шарт немесе түбіртек, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлерін өткізудің шығындар сметасының негізінде, жергілікті уәкілетті органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісе отырып, пәтер иелері мен жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалпы жиналыста бекіткен және кондоминиум объектісін басқару органының бастығының қолы мен мөрі қойылған, кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы орган ұсынған пәтерді жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      7) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;
      8) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама.
      Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса ұсынылады.
      19. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісін (234 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке істері тізіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебі жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
      20. Тапсырылған құжаттардың дұрыстығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат сұратуға құқылы.
      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.
      23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
      24. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасайды.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      25. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы) жинақтаушы шоттарына аудару.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркелген нөмірі;
      2) әлеуметтік жеке код;
      3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      26. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

8. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысты есептеу тәртібі

      27. Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес, осы мекенжай бойынша тіркелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.
      28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.
      29. Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды);
      30. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешек) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.
      31. Отбасының орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.

9. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлері

      32. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы түріндегі табыс;
      2) зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер;
      3) балаларға және асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) жиынтық табысты есептегенде ескерілетін басқа да табыс түрлері.
      33. Еңбекақы түріндегі табыстар:
      1) еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстемеақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
      2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбекақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін ақшалай өтемақы;
      3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушінің (жеке тұлға) қызметін тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;
      4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбекақысы;
      5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезінде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
      6) сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін делдалдық сыйақы;
      7) еңбекақыны есептеуде есепке алынбайтын және ұйым қаражатын есебінен төленетін (оқу демалысының төлемі, авторлық гонорар, қарыз, несие, ашқан жаңалығы, өнертабысы және тиімді ұсыныстары үшін сыйақы) төлемдердің басқа түрлері;
      8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегі, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесі үстемеақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;
      9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық Банк белгілеген бағам бойыша ұлттық валютада есептеледі;
      10) егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық Банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінген шет ел валютасында алынған шет ел азаматының табысынан белгіленеді;
      11) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы, өнертабысы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;
      12) өтелген несие, қарыз сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;
      13) шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады. Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
      14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;
      15) салық басқармасында тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық басқармасымен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
      16) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
      17) жұмыс берушінің кесірінен бос тұрып қалу уақытына ақы төлеусіз бір айдан артық уақыт жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдардың жиынтық табысын есептегенде өзі көрсеткен табысы ескеріледі, бірақ ол заңнамамен бекітілген ең төменгі еңбекақыдан аз болмауы тиіс.
      Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      34. Зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
      2) мүгедектікке, асыраушысынан айрылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      3) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, шәкіртақы алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
      6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
      7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
      8) жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен берілетін тұрақты төлемдер;
      9) жүріп-тұрысында қиыншылықтары бар 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу;
      10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
      11) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер;
      12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
      13) бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы;
      14) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
      Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      35. Балаларға және асыраудағыларға төленетін алимент түріндегі табыстар:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
      2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
      3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакторийінде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекенжайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиісті органдар растайтын құжатттар қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді;
      4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
      5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
      6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда, ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді;
      7) балаларға және асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбіртегімен, сондай-ақ өндіру туралы сот органдарының шешімі қоса ұсынылып, жазбаша өтініш негізінде расталады.
      36. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
      1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал және құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
      2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы Ереженің 567 қосымшалары негізінде уәкілетті орган есептейді;
      3) жердің бір сотығынан (бір бастан) өндірілетін өнім құны өсірілетін дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) орташа өнімділігін 5 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
      4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығынан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
      5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      6) табысты есептеу үшін Жезқазған қаласы статистика басқармасының деректері негізінде Жезқазған қаласы "жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған Жезқазған қаласында қалыптасқан өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтік есептеу карточкасы өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға арқылы толтырылады.
      37. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар:
      1) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беру;
      2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сату;
      3) жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға беру, мұраға алу түрінде;
      4) салымдар және борыштық құнды қағаздарды есепке ала отырып, лоторея, ұтыс бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
      5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
      6) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
      7) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлінеді және оның сәйкес бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа енгізіледі;
      8) басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады.
      9) несие төлемдері отбасының жиынтық табысының 60 %-ынан асатын болса, төленген кредит сомалары. Сонымен қоса жиынтық табысқа ай сайынғы төлем мөлшері мен отбасының жиынтық табысының 60 %-ы арасындағы айырмашылық ескеріледі.
      Көрсетілген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.

10. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері

      38. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
      4) мемлекет бастамасымен (мерекелерге және мерейтойларға қарсы) көрсетілетін көмек;
      5) жеке ісін ашуға көрсетілетін көмек;
      6) негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың қымбаттауына байланысты Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      7) 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      8) жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы;
      9) отбасының бір мүшесі сол отбасында тұрмайтын адамға төлейтін алименттері;
      10) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протез жасатуына жолақысын төлеу;
      11) протез жасату кезінде азаматтарды асырау;
      12) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдікпен жол жүруінің құны;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: емдік препараттар, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу), қозғалыс құралдары (кресло-арба) және мүгедектерге берілетін оңалтудың өзге де құралдары, оқу кезінде оқушыларға берілетін тегін ас түрінде көрсетілетін көмектің заттай түрлері;
      14) ақшалай және заттай түрде (бағалы құны) көрсетілетін қайырымдылық көмегі;
      15) төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу үшін көрсетілген біржолғы көмек;
      16) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін, мүгедектерге арнайы көлікте қызмет көрсетуге материалдық (әлеуметтік) көмек;
      17) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
      18) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік жолақы билетінің құны түрінде берілетін әлеуметтік көмек;
      19) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін материалдық қамсыздандыру;
      20) бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші, екінші топтағы жалғызбасты мүгедектердің күтіміне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемеақы.

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондуминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің тоқтатылатыны туралы,ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
      Өтініш берушінің деректері:
      Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
      Жеке куәлік деректері ________________________________ берілген
               (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)
      СТН ___________________________________________________________
      ӘЖК ___________________________________________________________
      Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ______________________________________
      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
      Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі _____ үй ___________ пәтер                 телефон _______________
тиістілік _______________________ түрі ___________________
          (пәтер иелері кооперативі)   (жеке, мемлекеттік)
      Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
      Қосымша аудан _____ шаршы метр.
      Бөлме саны ________
      Әлеуметтік мәртебе _______________отбасылық жағдай ____________
      Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
      Меншігімде бір тұрғын үй бар.

      Өтініш берушінің қолы __________________
      Күні ___________________________________

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

      Азамат (ша) _____________________________________________
оның:___________ көшесі (шағынаудан) ________ үй ______ пәтер __________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
      Отбасы құрамы __________________ адам.
      Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
      Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ______ _____________
      Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады

















































      Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды

      Маманның қолы ______________________
      Қабылдау мерзімі ___________________

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

      1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













      Өтініш берушінің қолы __________________
      Күні ______________________________

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

200 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы анықтама

      Төлеуші _______________________________________________________
                        (пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
      Мекенжайы _____________________________________________________
      Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.
      Бөлме саны _________________
      Үйдің жалпы сипаттамасы _______________________________________
                                     (ыстық сумен қамтамасыз ету)

Төлем түрлері

Қызмет саны

Жеке шоттың нөмірі

1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



2. Жылыту жүйесі



3. Ыстық су



4. Суық су



5. Кәріз



6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету



7. Қоқыс шығару



8. Телефонға абоненттік төлем



      Маманның қолы _____________________________
      Қабылданған күні __________________________

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуiк бақтары






Сүйектi жемiс бақтары






Жидек дақылдары






Жүзім






Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер (ет/жүн)






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
6 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
облыс, аудан _______________________ үйiнiң мекенжайы _______________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





      20 __ ж. "__"_________
      Т.А.Ә. __________________________________
      _______________________________________________
      (Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.