"Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
13.07.2010
Өзгерту күні
09.06.2010
Актіні қабылдаған орган
Балқаш қаласының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      1) кіріспе бөліміндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Е. Баймағанбетов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Қ.Г. Тейлянов
      2010 жыл 09 маусым

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.