Күшін жойған

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы

Актінің түрі
Нұсқаулық
Шешім
Қабылдау күні
11.05.2010
Өзгерту күні
18.05.2012
Актіні қабылдаған орган
Аягөз ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012.05.18 N 4/27-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV «Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» (2009 жылғы 12 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2515 нөмірімен тіркелген) 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған шешіміне сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтiк көмек төлеудiң нұсқаулығы» (қосымша берiлген) бекiтiлсiн.
      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы кезекті XXI сессиясының № 01-02/21-9 «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтiк көмек төлеудiң нұсқаулығын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешiм Аягөз аудандық Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                А. Мүсапырбеков

      Мәслихат хатшысы               М. Темеков

Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 01-02/24-14 шешімімен бекітілген

Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек төлемiн реттейдi.
      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV «Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» (2009 жылы 12 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2515 нөмірімен тіркелген) 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған шешімі нұсқаулықты қабылдауға құқықтық негiз болып табылады.
      3. Отын сатып алуға әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрi - әлеуметтiк саладағы мамандарға) көрсетiледi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтiк көмек жыл сайын бiржолғы ақшалай төлем түрiнде 5000 теңге мөлшерiнде көрсетiледi.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтiк көмек облыстық мәслихатының шешiмiмен белгiленген мөлшерде төленедi.

2. Тағайындау

      4. Әлеуметтiк саладағы мамандарға әлеуметтiк көмек жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органымен тағайындалады. Әлеуметтiк көмегiн тағайындау үшiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органына келесi құжаттар тапсырылады:
      1) әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi өтiнiш;
      2) ақшалай төлемдi алушы салымдар бойынша «Қазпошта» АҚ-ның филиалдарында жеке шоттың нөмiрiн ашуға мiндеттi;
      3) жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      4) салық төлеушi тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi;
      5) атқаратын лауазымы жөнiндегi мекемеден анықтама;
      6) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтама.
      5. Осы нұсқаулықты қолданатын екi немесе одан көп тұлғалар бiрге тұрғанда, әлеуметтiк көмек әрқайсысына берiледi.

3. Қаржыландыру және төлеу

      6. Әлеуметтiк саладағы мамандарға әлеуметтiк көмегiн қаржыландыру қаржы жылына осы мақсаттарға көзделген жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен iске асырылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

4. Бақылау және есеп беру

      7. Әлеуметтiк саладағы мамандарға жыл сайынғы бiржолғы ақшалай төлемдердi төлеуге бақылауды және есеп берудi жүргiзу Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жүктеледi.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.