Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына екінші деңгейдегі банктердің қызметін пруденциялдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
11.04.2011
Өзгерту күні
30.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.Л. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттік     
Басқармасының          
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 20 қаулысына қосымша 

Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша енгізетін өзгерістердің тізбесі

      Агенттіктің нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 - 0,06-дан кем болмайды;
      kl-2 - 0,06-дан кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 - 0,07-ден кем болмайды;
      kl-2 - 0,07-ден кем болмайды.
      Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 - 0,05-тен кем болмайды;
      kl-2 - 0,05-тен кем болмайды.».
      34-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осылар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:».
      2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші абзацтары алып тасталсын;
      2-тармақта «2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1 тармағының үшіншіден бастап бесіншіге дейінгі абзацтарынан және» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын.
      3. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 31 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5617 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бесіншіден бастап он екіншіге дейінгі абзацтары алып тасталсын;
      2-тармақта «2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесіншіден бастап он екіншіге дейінгі абзацтарын қоспағанда,» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын.
      4. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2008 жылғы 2 қазандағы № 146 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 247 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5999 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың он жетінші, он сегізінші абзацтары алып тасталсын;
      3-тармақта «қаулының 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он жетінші, он сегізінші абзацтарынан басқа, осы» деген сөздер мен цифрлар алып тасталсын.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.