"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
06.10.2011
Өзгерту күні
28.09.2011
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
      31-тармақ бірінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Екі деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға тиісті өңірдің жылумен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы ұйымдары немесе жергілікті атқарушы органы ақпаратының негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары теңеседi.»;
      37-1-тармақ екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Үш деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға тиiстi өңірдің жылумен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы ұйымдары немесе жергілікті атқарушы органы ақпаратының негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары теңеседi.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайлар орын алған бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т.Көккөзова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды және тиiстi ақпаратты кейіннен Заң департаментiне (М.Ш.Мукушева) ұсынуды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В.Шкарупаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Алдабергенов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.