Күшін жойған

Аудандық мәслихаттың кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Актінің түрі
Тізбе
Шешім
Қабылдау күні
04.07.2011
Өзгерту күні
26.06.2012
Актіні қабылдаған орган
Шет ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012.06.26 N 4/51 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Шет аудандық мәслихатының кейбiр шешiмдерiне осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес өзгерiстер енгiзiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Б. Смағұлов

      Мәслихат хатшысы                           Р. Мақсұтов

Шет аудандық мәслихатының
2011 жылғы 03 маусымдағы
№ 32/331 шешiмiне
қосымша

Шет аудандық мәслихатының кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң тiзбесi

      Шет аудандық мәслихатының келесi шешiмдерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының N 28/293 "Шет ауданының елді мекендерін көркейту және абаттандыру Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 8-17-115 болып енгiзiлген, "Шет Шұғыласы" аудандық газетiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы N 12 (10.321) санында жарияланған) келесі өзгерістер:
      1) шешімнің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Шет ауданының елді мекендерін көріктендіру Ережесін бекіту туралы";
      2) 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Шет ауданының елді мекендерін көріктендіру Ережесі бекітілсін.";
      3) көрсетілген шешіммен бекітілген, Шет ауданының елді мекендерін көркейту және абаттандыру Ережесінде:
      тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Шет ауданының елді мекендерін көріктендіру Ережесі";
      "Ереженің негізгі міндеттері" және "Ереженің мақсаттары" тараулары алынып тасталсын.
      2. Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының N 28/295 "2011 жылға жер салығының базалық ставкаларын төмендетіп және жоғарылатып бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 8-17-114 болып енгiзiлген, "Шет Шұғыласы" аудандық газетiнiң 2011 жылғы 16 ақпандағы N 08 (10.316) санында жарияланған) келесі өзгерістер:
      1) шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген шешімге 1 қосымшаның 6 тармағы алынып тасталсын.
      3. Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының N 28/297 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 8-17-113 болып енгiзiлген, "Шет Шұғыласы" аудандық газетiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы N 09 (10.317) санында жарияланған) келесі өзгерістер:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде 6 тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.