Күшін жойған

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және кері үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Үлгі
Қабылдау күні
24.08.2011
Өзгерту күні
23.04.2012
Актіні қабылдаған орган
Ақсу қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012.04.23 N 278/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" N 336 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Ақсу қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 4 тамыздағы
N 527/4 қаулысымен  
бекітілді      

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің жалпы
білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін
тасымалдауды қамтамасыз ету"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 336 қаулысымен  бекітілген "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетіледі.
      2. "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округінің жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - әкімдік) көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдау туралы анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тартудың уәжді жауабын бере отырып, оқушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және кері үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылған талап

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету (осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес) селолық округтер әкімдері аппараттарының ғимараттарында көрсетіледі, онда тұтынушыларға, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Күту залдары ақпараттық стендтермен, толтырылған бланк үлгілерімен жабдықталған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Ақсу қаласының селолық округтер әкімдер аппараттарының фойесінде орналасқан стендтерде, сонымен қатар облыстық әкімдіктердің, білім беру басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz. сайтында орналастырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызмет оқу жылы ішінде көрсетіледі:
      1) қабылдау кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз белгілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліспен, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – тұтынушы). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мына сәттен басталады:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш (өтініш түскен сәттен бастап 5 күн ішінде) 5 жұмыс күнді құрайды;
      2) өтініш берушімен өтініш жасау күні қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді алғанға дейін барынша жіберілетін уақыт (тіркеу кезінде) – 30 минуттан көп емес;
      3) өтініш берушімен өтініш жасау күні мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыға қызмет көрсетуге барынша жіберілетін уақыт – 30 минуттан көп емес.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мына құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) оқушының (тәрбиеленушінің) ата-анасынан немесе заңды өкілден осы регламентке қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес баласын жалпы білім беру ұйымына дейін тегін тасымалдауды қамтамасыз етуге өтініш;
      2) баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (жеке  куәлік);
      3) осы регламентке берілген 3-қосымшаға сәйкес оқу орнынан анықтама.
      Туу туралы және жеке куәліктің тұпнұсқасы көшірмемен салыстыру үшін ұсынылады және кері қайтарылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініштің үлгісі селолық округтер әкімдері аппараттарының фойесінде орналасқан, сондай-ақ селолық округтер әкімдері аппараттарының мамандарынан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз жазбаша түрде бас тарту себебін көрсете отырып, осы регламенттің 5-тармағында  көрсетілген тұтынушымен құжаттарды толық ұсынбауы болады.
      8. Өтініш, баланың туу туралы куәлігінің және /немесе жеке куәліктің көшірмесі мен оқу орнынан анықтама, осы қызметті көрсетуге селолық округтер әкімдері аппараттарының жауапты маманының кабинетіне тапсырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға осы регламентке қоса беріліп отырған 4-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаған күні мен нөмірін, қолхат берген селолық округі әкімдерінің аппараты маманының тегі, аты, әкесінің аты және мемлекеттік қызмет көрсетуді алатын күнін көрсете отырып, қолхат беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі
іс әрекет (өз-ара әрекет) тәртібін сипаттау

      10. Құжаттарды қабылдап алғанынан және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бергеннен кейін, оқушылар туралы мәліметтер осы регламенттің 5-қосымшаға сәйкес Ақсу қаласы ауыл аймағының жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілген балалардың тізіміне енгізіледі.
      11. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі осы регламентке қоса беріліп отырған 6-қосымшаға сәйкес (білім беру ұйымын көрсете отырып) жалпы білім беру ұйымына дейін тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы, қабылданған анықтама негізінде әкімнің қолымен және мөрмен расталған селолық округ әкімі аппаратының маманымен жүзеге асырылады. Тұтынушының жеке өтініш жасау кезінде өтініш түскен сәттен бастап 5 күн өткеннен кейін селолық округі әкімінің аппараты маманымен беріледі.
      12. Анықтаманы беру туралы мәліметтер осы регламентке қоса берілген 7-қосымшаға сәйкес анықтамаларды есепке алатын кітабында тіркеледі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:
      1) селолық округ әкімі аппаратының маманы:
      құжаттарды тексеру және қабылдауды жүзеге асырады;
      тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілгендердің тізіміне енгізеді және тұтынушыға құжаттарды алу туралы қолхат береді;
      тізімді селолық округтің әкіміне бекітуге береді;
      тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама береді және тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтамаларды есепке алу кітабында тіркейді;
      тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілген балалардың тізімін қалалық білім бөліміне жібереді;
      2) селолық округтің әкімі тасымалдауға жататын оқушылардың тізімін қарайды және бекітеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық
тұлғалардың жауапкершілігі

      14. 1-қосымшада көрсетілген селолық округ әкімдерінің аппараттары уәкілетті лауазымы тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.
      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес шағымдануға құқығы бар.
      Шағымды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін үлгідегі өтініш және тұтынушымен қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері кіреді.
      Селолық округ әкімінің қабылдау және жұмыс кестесі демалыс және мейрам күндерін қоспағанда түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.
      16. Қабылданған өтініш селолық округ әкімі аппаратының кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңымен белгіленген мерзімде қаралады. Тұтынушыға өтініш қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, күні мен уақыты көрсетіле отырып, талон беріледі.
      Өтінішті қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қосымша ақпаратты тұтынушы білім бөлімінің мына мекенжай бойынша: 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42, N 4 - кабинетінде, сонымен қатар http: //goroo-aksu.ucoz.ru сайтынан ала алады.

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша            

Ақсу қаласы селолық округтері
әкімдер аппараттарының тізімі

Р/с № Селолық округ әкімі аппараттарыныңтолық атауы Елді мекен атауы Байла ныс телеф оны Заңды мекенжайы Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

6

1

"Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Суаткөл ауылы,
Жаңашаруа ауылы

8(718)37
70707

140114
Сарышығанақ  ауылы, Молодежная көшесі, 10

жоқ

2

Ақсу қаласы Ақжол селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Ақжол ауылы, Юбилейный ауылы

8(718)37
78382

140111
Ақжол ауылы, Школьная көшесі

жоқ

3

"Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Сынтас ауылы,
Көктас ауылы,
Қарабай ауылы

8(718)37
70244

140105
Айнакөл ауылы, Центральная
көшесі, 23

жоқ

4

"Ақсу қаласы
М. Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Сырлақала бөлімшесі,
Дөнентаев бөлімшесі, Көктерек бөлімшесі

8(718)37
70244

140109
М.Омаров атындағы ауыл
Школьная көшесі

жоқ

5

"Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Барынтал бөлімшесі,
Қаракөл бөлімшесі

8(718)37
70700

140114
Қызылжар ауылы, Школьная көшесі, 16

жоқ

6

"Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Еңбек бөлімшесі

8718)37
73601

140116
Путь Ильича ауылы, Школьная көшесі

жоқ

7

"Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Төртқұдық бөлімшесі,
Малая бөлімшесі, Парамоновка бөлімшесі, Қазақстанның 30 жылдығы бөлімшесі

8(718)37
78244

140103
Достық ауылы, Первая линия көшесі

жоқ

8

"Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Ребровка ауылы,
Ж. Майдан бөлімшесі

8(718)37
79576

140108
Жолқұдық ауылы,
Школьная көшесі

жоқ

9

"Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты" ММ

Сольветка ауылы, Евгеньевка ауылы

8(718)37
74410

140107
Евгеньев ауылы,
Гагарин көшесі

жоқ

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша             

Өтініштің үлгісі

Ақсу қаласы селолық округінің әкіміне
(өтініш иесінің Т.А.Ә.)______________
мекенжайы, телефон: _________________
_____________________________________

Өтініш

      Сізден, мына мекенжайда тұратын (елді мекеннің атауын көрсету қажет) және сыныпта оқитын (сынып N, білім беру ұйымның толық атауын көрсету) кәмелетке толмаған баламды (Т.А.Ә., туған жылы), 20__ - 20__ оқу жылы (оқу жылын көрсету) жалпы білім беру ұйымына дейін және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

      Күні "___"_______________жылы

      Өтініш иесінің қолы _________

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша             

Оқу орнынан берілген анықтаманың үлгісі
АНЫҚТАМА

      Осы анықтама__________________________________________________,
                       (оқушының, тәрбиеленушінің Т.А.Ә.)
      ол расында да _________________________________________________
                               (мектептің атауы)
      _____ сыныпта ______ ауысымда (оқу кезеңі сағат___ ден _____ ге дейін) оқитыны және тасымалдауға мұқтаж екендігі туралы берілді.

      Анықтама талап етілген жерге берілді.

      N________  мектеп директоры                Т.А.Ә.______________
     (мектептің атауы)                                     (қолы)

      М.О.

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша             

Тұтынушыдан алынған құжаттар туралы қолхаттың үлгісі

      Ақсу қаласы селолық округі әкімі аппаратының
      _______________________________________________________________
                  (елді мекеннің, қаланың атауы)
      N _________________құжаттарды қабылдау қолхаты
      _________________________________ мына құжаттар кімнен алынды:
      1. Өтініш
      2. Туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі
      қашан ________________  N _________ кіммен берілген____________
      3. Оқу орнынан анықтама.

      Қабылдаған селолық округ әкімі
      аппаратының маманы _____________
                            (қолы)

      20______ ж. "______" ______________
      ___________________________________

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
5-қосымша             

"БЕКІТЕМІН"
Ақсу қаласы селолық округінің әкімі
Т.А.Ә._______________ қолы ________
20_____жылғы "____"________________

               20 _______________________ оқу жылына арналған
(оқу жылын көрсету) Ақсу қаласы ауыл аймағының білім беру ұйымдарына
және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз
етілген балалардың ТІЗІМІ

р/N Оқушының (тәрбиеленушінің) Т.А.Ә. Туу туралы куәліктің және (жеке куәліктің) N Оқушы (тәрбиеленуші) тұратын елді мекеменнің атауы Оқушы (тәрбиеленуші) жеткізілетін мектептің атауы сынып

1

2

3

4

5

6







"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
6-қосымша             

АНЫҚТАМА

      Осы анықтама _________________________________________________,
                     (оқушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә)
      ол расында да N______________________(мектеп атауы) жалпы білім беру ұйымын және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетіндігі туралы берілді.
      Анықтама оқу жылы кезеңіңде жарамды болады.

      Ақсу қаласы селолық
      округінің әкімі                        Т.А.Ә___________________
      _______________________                          (қолы)       
       (елді мекеннің атауы)

      М.О.

"Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
Ақсу қаласы ауыл аймағының білімнің 
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне
тегін тасымалдауды қамтамасыз ету   "
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
7-қосымша             

Жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін
тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтамаларды
есепке алу кітабының үлгісі

      Ақсу қаласы селолық округінің әкімі
      _______________________________________________________________
                    (елді мекеннің, қаланың атауы)

Анықтамаларды есепке алу кітабы

Кітап басталды_______________жылы
Кітап аяқталды_______________жылы

р/сN Берілген күні Анықтама берілген тұтынушының Т.А.Ә. Анықтаманы берген лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә. және қолы Анықтаманы алған тұтынушыныңқолы Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5






Ескерту: Анықтамаларды есепке алу кітабы нөмірленеді, тігіледі және әкімінің қолымен және мөрмен бекітіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.