Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
02.03.2011
Өзгерту күні
01.03.2011
Актіні қабылдаған орган
Жылыой ауданының әкімдігі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 6–тармағы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық сайлау комиссияның келісімімен белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы бойынша № 10 сайлау округі бойынша облыстық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық сайлау комиссияның келісімімен белгіленсін.
      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңдылықтарында көзделген шарттары мен тәртіптер бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастапқа қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Далбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                               Р. Нұғманов

Аудан әкімдігінің   
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 1-қосымша

Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Елді мекен

Орналасатын жері

1

Құлсары қаласы

1 шағын аудандағы аялдаманың жанына тақта

2

Теміржол вокзалы ғимаратының жанына тақта

3

Тайманов-Махамбет көшелерінің қиылысына тақта

4

Қорғанбаев көшесіндегі № 15 орта мектеп ғимаратының алдына тақта

5

Жаңа Қаратон поселкесі

№ 22 орта мектеп ғимаратының жанына тақта

6

№ 23 орта мектеп ғимаратының жанына тақта

7

Тұрғызба селосы

№ 4  орта мектеп ғимаратының жанына тақта

8

Шоқпартоғай селосы

№ 3 орта мектеп ғимаратының жанына тақта

9

Қосшағыл селосы

№ 2 орта мектеп алдындағы алаңға тақта

10

Ақкиізтоғай селосы

Бұрынғы мәдениет үйі кеңсесі ғимаратының алдына тақта

11

Майкөмген селосы

№ 17 орта мектеп ғимаратының алдына тақта

Аудан әкімдігінің   
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 2-қосымша

Жылыой ауданы бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 округ бойынша үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ

Елді мекен

Орналасқан жері

1

Жаңа Қаратон поселкесі

№ 22 орта мектеп ғимаратының жанына тақта

Аудан әкімдігінің   
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай табыстауға жауапты мемлекеттік мекеме

Мемлекеттік мекеменің атауы

Басшысы

Телефон, факс

Мекен–жайы

1

Жылыой ауданы қаржы бөлімі

Дюсупова Жанар Амангелдіқызы

(871237) 5-10-63

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.