Күшін жойған

Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
09.09.2011
Өзгерту күні
12.06.2012
Актіні қабылдаған орган
Шардара ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 5-37-V Шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Р.Қарабаева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков

Шардара аудандық мәслихатының
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 46-348-ІV шешімімен бекітілген

       Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Шардара ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібін белгілейді.

2. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі

      2. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендіріледі.
      3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кіргізу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егілген» белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі.
      4. Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын, көпшілік шаралар өткізілетін алаңдарда серуендетуге;
      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге;
      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
      6) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      7) иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланатын орындарына, дүкендердің сауда жасау алаңдарына әкелуге және ұстауға.
      5. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізіледі.
      6. Иттерді және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
      1) бірнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзінің жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (ұшыну) болмаса екі ит пен мысықты тек өзі тұратын тұрғын жайда ұстауға;
      2) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз бос ұстауға елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда рұқсат беріледі.

3. Қорытынды ережелер

      8. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.