Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
24.02.2012
Өзгерту күні
20.01.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі «Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы» № 72-Ө-а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148, «Юридическая газета» газетінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 144 (878) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқаруЕрежелерінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Атқарушы органдардың шешімі немесе мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің немесе жер пайдаланушыларының өтініші бойынша жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыруды орындайтын азаматтар және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - Жерге орналастырушы) жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылады.
      Мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушыларының өтініштері бойынша жерге орналастыру жұмыстары олардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы «Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 185-Пбұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5866, «Юридическая газета» газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1792) және «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1618) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулығында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жобаларды әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.».
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару агенттігі
      Төрағасының м.а.                             K. Раймбеков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.