Күшін жойған

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
14.03.2012
Өзгерту күні
23.06.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика минстрінің 23.06.2015 № 446 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 1-бабының 8-тармағына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6825 тіркелді, 2011 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         С. Нокин

Қазақстан Республикасы 
Құрылыс және тұрғын 
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 54 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы  
Құрылыс және тұрғын  
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 60 бұйрығымен бекітілген

Нысан      

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері бойынша
тексеру парағының нысаны

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексерілетін орган __________________________________________________
Органның орналасқан жері ____________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру жүргізілетін кезең __________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20 __ жылғы «__» _______________ № _____ актінің негізінде жүзеге асырылады.


р/с

Талаптар атауы

Иә/Жоқ/Талап етілмейді

Түсініктеме

1

2

3

4

1. Сәулет және қала құрылысы органдары

1

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және республиканың селолық елді мекендерінің мынадай қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілуі:



1.1

аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары

/ /


1.2

бас жоспарлар

/ /


1.3

егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

/ /


1.4

құрылыс салу жобалары

/ /


1.5

аумақтық құрылыс салу қағидаларының болуы

/ /


1.6

мынадай қағидаларды сақтай отырып, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру:


/ /


1.6.1

аумақтық құрылыс салу қағидаларын

/ /


1.6.2

қала құрылысы регламенттерін

/ /


1.6.3

мемлекеттік қала құрылысы нормативтерін

/ /


1.7

мыналар кезінде аумақтарды аймақтарға бөлуге бақылау жүргізу:



1.7.1

қала құрылысын жоспарлағанда

/ /


1.7.2

аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлгенде

/ /


1.7.3

қызыл сызықты сақтағанда

/ /


1.7.4

сары сызықты сақтағанда

/ /


1.7.5

құрылыс салуды реттеу сызығында

/ /


1.8

жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасын берудің мерзімдерін және басқа да рұқсат құжаттарын сақтауы

/ /


1.9

облыстық және базалық деңгейлерде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу

/ /


2

Бұрын берілген нұсқамаларды орындау

/ /


2. Құрылыс органдары

1

Салынып жатқан объектіні іріктеп тексеру кезінде объектілерде белгіленген талаптардың сақталуы, оның ішінде:



1.1

жерге тиісті құқықтың болуы

/ /


1.2

бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы

/ /


1.3

жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы

/ /


1.4

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы

/ /


1.5

лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы

/ /


1.6

орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдары, құрастырмалары) және жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдері мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келуі

/ /


1.7

объектіде бақылауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы, оның ішінде:

/ /


1.7.1

кіру

/ /


1.7.2

операциялық

/ /


1.7.3

зертханалық

/ /


1.8

атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы ресімдеу

/ /


1.9

тапсырысшының (меншік иесінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

/ /


1.10

тапсырысшының (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы

/ /


2

Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқыған кезде растайтын құжаттардың болуы

/ /


3

Объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) тәртібін сақтау, оның ішінде:



3.1

бекітілген жобаға сәйкес объектінің толық әзірлігі

/ /


3.2

жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуы

/ /


3.3

мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) сақтау:

/ /


3.3.1

азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша - тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

/ /


3.3.2

ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

/ /


3.4

Комиссияны тапсырысшының шешiмiмен тағайындалуы және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылуы



3.4.1

қабылдау комиссиясы

/ /


3.4.2

жұмыс комиссиясы

/ /


3.5

Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындау мерзімін сақтау:



3.5.1

өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей

/ /


3.5.2

тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей

/ /


3.6

Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актісінің белгіленген нысанын сақтау

/ /


4

Бұрын берілген нұсқамаларды орындау

/ /


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.