Күшін жойған

Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
16.04.2012
Өзгерту күні
23.08.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының м.а. 2012.08.23 № 246 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 23-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану қағидалары бекітілсін.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Т. Ермегияев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақтан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
________________ Д. Мыңбай

2012 жылғы 10 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Спорт және дене шынықтыру 
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 6 сәуірдегі  
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерін қолдану қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды реттеу, жарыстардың қатысушылары мен көрермендерінің бойында азаматтық патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында әзірленген.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін спорттық  жарыстардыөткізу кезінде қолданылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарыстарға қатысуы кезінде қолданылады.
      3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі, ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2 (бұдан әрі – Мемлекеттік Ту);
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі, дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес (бұдан әрі – Мемлекеттік Елтаңба);
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды (бұдан әрі – Мемлекеттік Гимн);
      4) спорттық жарыс - спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін сайыс.
      4. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылары Мемлекеттік Тумен, шет елдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде шет елдердің туларымен, сондай-ақ тутұғырлармен, туларды көтеретін құралдармен, Мемлекеттік Гимннің және (шетелдік спортшылар, (командалар) қатысқан жағдайда) шет елдердің гимндерінің фонограммаларымен қамтамасыз етеді.
      5. Халықаралық спорттық жарыстардың ашылу, жабылу және марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының жаттықтырушылары мен спортшылары бірегей (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген (ту және (немесе) елтаңба) спорттық киім-кешектерді пайдаланады.

2. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Гимнін қолдану тәртібі

      6. Мемлекеттiк Ту спорттық жарыстардың салтанатты ашылу және жабылуы кезінде тұғырдан көтеріледі, ту тұғыр жоқ болған жағдайда: құрамында үш адам ту ұстаушы және екі сүйемелдеушісінен құралған ту көтеру тобының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын әкелу және әкету рәсімі пайдаланылады.
      7. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен спорттық жарыстарды өткiзу кезінде Мемлекеттiк Ту және спорттық жарыстарға қатысушы елдердің тулары тігіледі (орналастырылады). Тулардың тақ санын бір уақытта тіккенде (орналастырғанда) Мемлекеттік Ту ортасында, ал жұп санды, бірақ екеуден көп туларды тіккенде (орналастырғанда) ортадан солға қарай орналастырылады.
      8. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін спорттық жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде, қатысушы елдердің арасында спортшылары (командалары) жүлдегер атанған елдердің мемлекеттік тулары салтанатты жағдайда көтеріледі, сонымен қатар спортшысы (командасы) спорттық жарыстың жеңімпазы атанған қатысушы елдің мемлекеттік Гимні орындалады.
      9. Мемлекеттік Ту, шетелдік мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары бір мезгілде орнатылған кезде, Мемлекеттік Тудың көлемі басқа тулардың көлемінен кем болмауы керек.
      Бұл ретте Мемлекеттік Ту басқа тулардан төмен орналаспайды.
      10. Мемлекеттік Гимн 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 3-қосымшаға сәйкес бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады.
      11. Мемлекеттік Гимн орындалған кезде, спорттық жарысқа қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтары орындарынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қойып, Мемлекеттік Туға қарап тұрып Мемлекеттік Гимнді орындайды (тыңдайды).
      Мемлекеттік Гимннің ықшамдалған түрде орындалуына жол беріледі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.