Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
04.06.2012
Өзгерту күні
14.05.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

      «Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Заң басқармасы (Қ.А. Әліпбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Молдабековке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның
   міндетін атқарушы                             М. Молдабеков

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық ғарыш агенттігі  
төрағасының       
міндетін атқарушының   
2012 жылғы 14 мамырдағы  
№ 61/НҚ бұйрығымен бекiтілген

Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау

      1. Осы Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау ғарыш қызметіне қатысушылармен Қазақстан Республикасында өндірілген ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін таңбалауды (бұдан әрі – Ғарыш объектілерін таңбалау) жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш кеңістігіне ұшырылатын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш объектілерін таңбалау талап етілмейді.
      2. Ғарыш объектілерiнде:
      ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмірін;
      тіркеу нөмірінің астында орналастырылатын «Kazakhstan» жазуын қамтитын таңбалау салынады.
      3. Ғарыш объектілерінде көлемі таңбалау мәтінінің көлеміне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi орналастырылады.
      4. Таңбалау ғарыш кеңiстiгiне ғарыш аппараттарын және олардың құрамдас бөлiктерiн шығару құралы болып табылатын ғарыш объектілері корпусының жоғарғы бөлігінің әрбір жағынан салынады.
      Ғарыш аппараттары болып табылатын ғарыш объектілерін таңбалау ғарыш объектісі корпусы конструкциясының элементтері жоқ бүйірлік бетіне салынады.
      5. Әрiптер мен цифрлар көлденеңмен параллельді бiр бағытта салынады.
      Бiр белгiнiң символдары кемiнде 300 мм және 1000 мм аспайтын бiрдей биiктiкте болуы тиiс.
      Корпусқа салынатын белгi символдарының биiктiгi бос орынның болуына байланысты, белгiнiң барынша мүмкiн болатын ұзындығы бойынша айқындалады.
      6. Егер Ғарыш объектілерін таңбалауының 5-тармақтың екінші абзацында қарастырылған ғарыш объектісі конструкциясының көлемi таңбалаудың қажеттi көлемiн салуға мүмкiндiк бермейтін болса, ұсынылған пропорцияларды сақтай отырып, Ғарыш объектілерін таңбалауының 5-тармақтың үшінші абзацында қарастырылған ең жоғары көлемге дейiн кiшiрейтуге рұқсат етiледi.
      7. Таңбалау ашық фонда күңгiрт түспен, күңгiрт фонда ашық түспен орындалады. Барлық символдар атмосфералық жағдайларда түрiн өзгертпейтiн және ғарыш объектісiн ұшыруға дайындау процесіне қызмет көрсету кезінде өшпейтiн бояумен жазылады.
      8. Барлық символдар мен дефистер жалпақ жолақтармен және фонмен жақсы үйлесуді қамтамасыз ететін түспен орындалады. Әрбiр символдың енi (1 цифрынан басқасы) және дефистiң ұзындығы символ ұзындығының үштен екi бөлiгiн құрайды. Жолақтың қалыңдығы символ биiктiгiнiң алтыдан бiр бөлiгiн құрайды.
      9. Әрбiр символ алдыңғы немесе одан кейiнгi символдан арақашықтығы кем дегенде символдың төрттен бiр енiн құрайтын арақашықтықпен бөлiнедi. Осындай жағдайларда дефис жеке символ болып табылады.
      10. Ғарыш объектілерiне мынадай қосымша белгiлер салынуы мүмкін:
      1) ғарыш объектісін ұшыратын ғарыш қызметіне қатысушының атауы (мемлекеттік тілде) мен эмблемасының жазылуы;
      2) фонға қанық тік шрифтпен салынған ғарыш объектісінің белгісі.
      Дайындаушы зауытпен көрсетілген ғарыш объектісінің түрі жөніндегі белгіні сақтау ұсынылады.
      11. Ғарыш объектісіне қосымша белгілер таңбалауды визуалды тануды қиындатпайтын тәсілмен салынады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.