Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Ереже
Қабылдау күні
02.07.2012
Өзгерту күні
26.06.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже бекітілсін.

      2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

С. Нокин


  Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 237 бұйрығымен бекітілген

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Тұрғын үй комиссиясы) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

      2. Тұрғын үй беретін жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.

      3. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан (орталық мемлекеттік органдарда кемінде жеті), оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті органның өкілдерінен және тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

      уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);

      жауапты хатшы немесе "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Жарлық) оның міндетін атқарушы тұлға (орталық мемлекеттік органдарда);

      аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);

      заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);

      қаржы қызметінің басшысы;

      кадр қызметінің басшысы;

      Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);

      уәкілетті органның өкілдері.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.

      Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы немесе Жарлықтың 3-тармағына сәйкес оның міндетін атқарушы тұлға басқарады.

      Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.

      7. Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады:

      1) жалдау (қосымша жалдау), жекешелендіру тәртібінде меншігіне тұрғын үй алу не бұдан бұрын жалға (қосымша жалға берілген) берілген тұрғын үйді ауыстыру үшін өтініш берген үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету,

      2) үміткерлер ұсынған құжаттарды тексеру;

      3) үміткерлер ұсынған құжаттарды қарау;

      4) үміткердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдау не үміткерге дәлелді бас тарту туралы шешім шығару;

      5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасау сұрағын қарастыру;

      6) тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау (жергілікті атқарушы органдар үшін) сұрағын қарастыру;

      тұрғын үйді жекешелендірген кезде оның құнын төлеуге шот ұсыну (жергілікті атқарушы органдар үшін);

      8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемнің мөлшерін анықтау;

      9) жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына (орталық мемлекеттік органдар және мемлекеттік кәсіпорындар үшін) ауыстыруды жүзеге асыру;

      10) үміткерлердің істерін (материалдардың) сақтау және жүргізу;

      11) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан үміткерлер және олардың жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат сұрау;

      12) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың комиссияның құрамына кірмейтін өкілдерін тарту;

      13) үміткерлерден түсінік алу.

3. Тұрғын үй комиссияның қызметін қамтамасыз ету

      8. Тұрғын үй комиссиясы, отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, отырысты айына кемінде бір рет өткізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      9. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Тұрғын үй комиссиясының шешіміне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері қол қояды.

      Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

      Шешім әрбір үміткер бойынша жеке қабылданады.

      11. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жүргізеді. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

      Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

      12. Тұрғын үй комиссиясы хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      13. Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерінің өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша баяндауға және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамада белгіленеді.

      14. Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

      15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

4. Комиссияның қызметін тоқтату

      16. Тұрғын үй комиссиясы өзінің қызметін уәкілетті орган тараған немесе қайта құрылған кезде тоқтатады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.