Күшін жойған

Тұрғын үй қатынастары бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
05.07.2012
Өзгерту күні
23.06.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2015 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Беріліп отырған Тұрғын үй қатынастары бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры (В.К. Маслов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
      4) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         С. Нокин

Қазақстан Республикасы  
Құрылыс және тұрғын үй- 
коммуналдық шаруашылық  
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 246 бұйрығымен   
бекітілген      

Нысан

Тұрғын үй қатынастары бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Тексерілетін объект _________________________________________________
Объектінің орналасқан жері __________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20 __ жылғы «_» № _______________ актінің негізінде жүзеге асырылады.


р/с

Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар

Иә/Жоқ/Талап етілмейді

Түсініктеме

1

2

3

4

1

Сервистік қызмет субъектісін анықтау туралы хаттаманың болуы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



2

Кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы растайтын құжаттардың болуы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



3

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасының болуы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



4

Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасына тұрғын үй инспекциялармен келісімнің болуы. («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы)



5

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыратын сервистік қызмет субъектісімен шарттардың болуы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



6

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы хаттамасының болуы. («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегіЗаңы)



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.