Күшін жойған

Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
12.09.2012
Өзгерту күні
19.04.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.04.2016 № 113 бұйрығымен.

      «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 198 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7112 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 20 тамызда № 379-383 (26777) жарияланған).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Д. Мыңбай

Қазақстан Республикасының   
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 10 тамыздағы   
№ 124 бұйрығымен       
бекітілген          

Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді
бағалау дәрежесінің критерийлері

      1. Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) бақылау субъектілерін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағын орындау үшін әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақыланатын субъектілер – қызмет барысында Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттар қалыптасатын және сақталатын мемлекеттік заңды тұлғалар;
      2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрам бойынша құжаттарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы.
      3. Тәуекел дәрежесіне қарай бақыланатын субъектілер жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Алғашқыда барлық бақыланатын субъектілер төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері, критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақыланатын субъектілер тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:
      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған бақыланатын субъектілер жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 24-ке дейін балл жинаған бақыланатын субъектілері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 24 баллдан жоғары жинаған бақыланатын субъектілер жатады.
      6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
      1) құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл;
      2) құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;
      3) келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру және оларды ведомстволық мұрағатқа өткізу тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
      4) ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының уақытша сақталу мерзімдерінің және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізу тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
      5) тұрақты сақталатын істердің бекітілген тізімдемесінің, жеке құрам бойынша келісілген істер тізімдемесінің және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актінің болмауы – 1 балл;
      6) температуралық-ылғалдылық режимді тіркеу және істің физика-химиялық жағдайын есепке алу журналдарының болмауы – 1 балл;
      7) мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
      8) құжаттарды сақтау тәртібінің бұзылуы – 6 балл;
      9) құжаттарды есепке алу тәртібінің бұзылуы – 6 балл;
      10) мұрағат қоймасынан құжаттарды беру тәртібінің бұзылуы – 6 балл;
      11) Ұлттық мұрағат қоры және басқа да мұрағаттық құжаттарды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы – 25 балл;
      12) Ұлттық мұрағат қоры және басқа да мұрағаттық құжаттарды жою – 25 балл.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.