Күшін жойған

Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Регламент
Қабылдау күні
15.11.2012
Өзгерту күні
10.02.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 10.02.2014 № 22, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2014 № 17-1/145, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 28.05.2014 № 198-Ө, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.03.2014 жылғы № 113 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 16.07.2014 № 229 бірлескен бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнің төрағасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі         Ауыл шаруашылығы министрі
      _______________ С. Мыңбаев      _______________А. Мамытбеков
      2012 жылғы 24 тамыз             2012 жылғы 28 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау         Төтенше жағдайлар министрі
      министрі ______ Н. Қаппаров    _______________ В. Божко
      2012 жылғы 26 қыркүйек         2012 жылғы 25 тамыз

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      _______________ Н. Әбіқаев
      2012 жылғы 9 қазан

Қазақстан Республикасы    
Мұнай және газ министрінің 
2012 жылғы 24 тамыздағы   
№ 143,           
Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі 
№ 6-1/484,        
Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі  
№ 290-п,          
Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 16 қазандағы   
№ 466 және         
Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті төрағасының
2012 жылғы 9 қазандағы    
№ 474             
бірлескен бұйрығына     
1-қосымша          

«Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай
операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті
көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:
      1) жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кіретін лауазымды тұлға;
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
      3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген заңды тұлға;
      4) мүдделі уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

2. Жалпы ережелер

      3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 93 және 98-баптары, «Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысымен бекітілген «Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi теңiз құрылысын салу немесе орналастыру бойынша теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;
      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi – рұқсаттың жобасын келісу;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – рұқсаттың жобасын келісу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті Комитет: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      9. Мемлекеттiк қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде орналастырылады
      Мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысы туралы ақпарат 8 (7172) 97-69-80 телефоны бойынша беріледі.
      10. Қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдарға жүгіну талап етілмейді.
      11. Мемлекеттiк қызмет стандарттың 7-тармағына сәйкес мерзімде көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11 және 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Комитет стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар негізінде өтiнiштi қараусыз керi қайтарады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағы негізінде бас тартылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) өтінішті тіркеу;
      2) өтінішті алдын ала қарау:
      рұқсаттың қарастыру мерзімін тоқтату немесе беруден бас тарту туралы негіздер болмаған жағдайда, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі уәкілетті органдарға жіберу;
      мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу;
      3) мүдделі уәкілетті органдардың рұқсат алуға өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарағаны туралы хатын тіркеу;
      4) мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын және өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарау:
      рұқсатты ресімдеу;
      мүдделі уәкілетті органдардың бас тартуы негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу.
      15. Құжаттар Министрліктің кеңсесінде кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0305 А кабинетінде қабылданады.
      Министрлік кеңсесінің жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асырылады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара
іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш Министрліктің кеңсесінде Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
      Мемлекеттік қызметті алушыға өтініштің тіркелгені туралы Комитеттің қызметкерлері телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай ҚФБ қатысады:
      1) Министрлік кеңсесі;
      2) Комитет басшылығы;
      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      5) мүдделі уәкілетті органдар.
      18. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін мәтіндік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Теңiз құрылыстарын салу және орналастыру 
бойынша теңiзде мұнай операцияларын     
жүзеге асыруға рұқсат беру» бойынша    
мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша                 

Әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара
іс-қимылдардың сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Министрлік кеңсесі

Комитет басшылығы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

3

Іс-қимылдардың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін белгілеу

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

Өтініш және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау

Мүдделі уәкілетті органдарға келісу үшін жіберу

Өтінішті қараусыз қайтару

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу

Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшылығына жіберу

Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына жіберу

Рұқсат жобасы мен өтініш және қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

5

Орындалу мерзімі

15 минут

Күніне 4 реттен кем емес

Күніне 4 реттен кем емес

7 жұмыс күні

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Мүдделі уәкілетті органдар

Рұқсат беруді келісу немесе келісуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау

Рұқсатпен немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келісу

Рұқсатқа немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Рұқсаттарды тіркеу журналын жүргізу

Рұқсат берумен келісу туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хат

Рұқсатты ресімдеу

Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

Келісу парағына қол қою

Рұқсатқа қол қою

Рұқсаттарды тіркеу журналына жазу және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру

5

Орындалу мерзімі

15 жұмыс күні

5 жұмыс күні

4 сағат

4 сағат

15 минут

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.

1-ҚФБ
Министрлік кеңсесі

2-ҚФБ
Комитет басшылығы

3-ҚФБ

4-ҚФБ

5-ҚФБ
Мүдделі уәкілетті органдар

№ 1-іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, өтінішті Комитет басшылығына жіберу

№ 2-іс-қимыл
Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін орындау үшін анықтау, бұрыштама қою

№ 3-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою

№ 4-іс-қимыл
Өтінішті және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау, келісу үшін мүдделі уәкілетті органдарға жіберу

№ 5-іс-қимыл
Өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, рұқсат берумен келісу туралы хат жіберу

№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты берумен келісу туралы хатты тіркеу

№ 7-іс-қимыл
Бұрыштама қою

№ 8-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейтін бұрыштама қою

№ 9-іс-қимыл
Рұқсатты ресімдеу

№ 11-іс-қимыл
Рұқсатқа қол қою

№ 10-іс-қимыл
Рұқсатты келісу

№ 12-іс-қимыл
Рұқсатты тіркеу журналына толтыру және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Өтінішті қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау, рұқсат жобасы мен құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

№ 5-іс-қимыл
Өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, рұқсат беруді келісуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау

№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты беруді келісуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

№ 7-іс-қимыл
Мүдделі уәкілетті органның келісуден бас тарту туралы хаты негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

2-қосымша                 

Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара
байланысты бейнелейтін схемалар

Функционалдық іс-қимылдардың диаграммасы

Қазақстан Республикасы   
Мұнай және газ министрінің 
2012 жылғы 24 тамыздағы   
№ 143,           
Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі 
№ 6-1/484,        
Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі  
№ 290-п,          
Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 16 қазандағы   
№ 466 және         
Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті төрағасының
2012 жылғы 9 қазандағы    
№ 474             
бірлескен бұйрығына     
2-қосымша          

«Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат
беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:
      1) жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кіретін лауазымды тұлға;
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
      3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген заңды тұлға;
      4) мүдделі уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

2. Жалпы ережелер

      3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 93 және 96-баптары, «Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысымен бекітілген «Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;
      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi – рұқсаттың жобасын келісу;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – рұқсаттың жобасын келісу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті Комитет: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      9. Мемлекеттiк қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысы туралы ақпарат 8 (7172) 97-69-80, 97-68-40 телефондары бойынша беріледі.
      10. Қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдарға жүгіну талап етілмейді.
      11. Мемлекеттiк қызмет стандарттың 7-тармағына сәйкес мерзімде көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11 және 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Комитет стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар негізінде өтiнiштi қараусыз керi қайтарады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағы негізінде бас тартылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) өтінішті тіркеу;
      2) өтінішті алдын ала қарау:
      рұқсаттың қарастыру мерзімін тоқтату немесе беруден бас тарту туралы негіздер болмаған жағдайда, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі уәкілетті органдарға жіберу;
      мемлекеттік қызметті алушыға рұқсаттың қарау мерзімін тоқтату туралы хабарламасын жіберу;
      мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу;
      3) мүдделі уәкілетті органдардың рұқсат алуға өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарағаны туралы хатын тіркеу;
      4) мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын және өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарау:
      рұқсатты ресімдеу;
      мүдделі уәкілетті органдардың бас тартуы негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу.
      15. Құжаттар Министрліктің кеңсесінде кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0305 А кабинетінде қабылданады.
      Министрлік кеңсесінің жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асырылады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш Министрліктің кеңсесінде Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
      Мемлекеттік қызметті алушыға өтініштің тіркелгені туралы Комитеттің қызметкерлері телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай ҚФБ қатысады:
      1) Министрлік кеңсесі;
      2) Комитет басшылығы;
      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      5) мүдделі уәкілетті органдар.
      18. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін мәтіндік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік
іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және
пайдалануға рұқсат беру» бойынша    
мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша                 

Әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара
іс-қимылдардың сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Министрлік кеңсесі

Комитет басшылығы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

3

Іс-қимылдардың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін белгілеу

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

Өтініш және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау

Мүдделі уәкілетті органдарға келісу үшін жіберу

Өтінішті қараусыз қайтару

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу

Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшылығына жіберу

Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына жіберу

Рұқсат жобасы мен өтініш және қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

5

Орындалу мерзімі

15 минут

Күніне 4 реттен кем емес

Күніне 4 реттен кем емес

7 жұмыс күні

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)

5

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Мүдделі уәкілетті органдар

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Комитет басшылығы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

3

Іс-қимылдардың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Рұқсат беруді келісу немесе келісуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау

Рұқсатпен немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келісу

Рұқсатқа немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Рұқсаттарды тіркеу журналын жүргізу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Рұқсат берумен келісу туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хат

Рұқсатты ресімдеу

Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

Келісу парағына қол қою

Рұқсатқа қол қою

Рұқсаттарды тіркеу журналына жазу және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру

5

Орындалу мерзімі

15 жұмыс күні

5 жұмыс күні

4 сағат

4 сағат

15 минут

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.

1-ҚФБ
Министрлік кеңсесі

2-ҚФБ
Комитет басшылығы

3-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы

4-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

5-ҚФБ
Мүдделі уәкілетті органдар

№ 1-іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, өтінішті Комитет басшылығына жіберу

№ 2-іс-қимыл
Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін орындау үшін анықтау, бұрыштама қою

№ 3-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою

№ 4-іс-қимыл
Өтінішті және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау, келісу үшін мүдделі уәкілетті органдарға жіберу

№ 5-іс-қимыл
Өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, рұқсат берумен келісу туралы хат жіберу

№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты берумен келісу туралы хатты тіркеу

№ 7-іс-қимыл
Бұрыштама қою

№ 8-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейтін бұрыштама қою

№ 9-іс-қимыл
Рұқсатты ресімдеу

№ 11-іс-қимыл
Рұқсатқа қол қою

№ 10-іс-қимыл
Рұқсатты келісу

№ 12-іс-қимыл
Рұқсатты тіркеу журналына толтыру және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

1-ҚФБ
Министрлік кеңсесі

2-ҚФБ
Комитет басшылығы

3-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы

4-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

5-ҚФБ
Мүдделі уәкілетті органдар

№ 1-іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, өтінішті Комитет басшылығына жіберу

№ 2-іс-қимыл
Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін орындау үшін анықтау, бұрыштама қою

№ 3-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою

№ 4-іс-қимыл
Өтінішті қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау, рұқсат жобасы мен құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

№ 5-іс-қимыл
Өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, рұқсат беруді келісуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау

№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты беруді келісуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

№ 7-іс-қимыл
Мүдделі уәкілетті органның келісуден бас тарту туралы хаты негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

«Теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға және
пайдалануға рұқсат беру» бойынша    
мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша                 

Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара
байланысты бейнелейтін схемалар

Функционалдық іс-қимылдардың диаграммасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.