Күшін жойған

Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Нұсқаулық
Қабылдау күні
24.11.2012
Өзгерту күні
30.12.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2014 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Кулекеев Б.К.) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Жуанышпаева Ә.Т.) бірлесе отырып:
      1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Әзілханов М.А.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Лама Шариф

Қазақстан Республикасы    
Дін істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 30 қазандағы № 112
бұйрығымен бекітілген    

Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық

      1. Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеудің осы нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртіптерін айқындайды (бұдан әрі – сарапшылар).
      2. Іріктеуге:
      1) діни қатынастар мәселелері саласындағы жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар;
      2) діни қатынастар мәселелері саласында жұмыс тәжірибесі (бір жылдан кем емес) бар;
      3) нысандарды зерттеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін жұмыста қолдануда және халықаралық тәжірибені ескеруде тәжірибелік дағдысы бар, талдау жасай білетін және негізделген қорытындылар жаза алатын;
      4) діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білетін тұлғалар жіберіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) алдағы өтетін дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу туралы хабарландыруды «www.din.gov.kz» ресми сайтына орналастырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      4. Сарапшыларды іріктеуге қатысу үшін үміткер Агенттік құратын дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаттың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      2) білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) өзі авторы болып табылатын дінтанулық тақырыптар бойынша мақалалар, ғылыми еңбектер және басқа материалдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған).
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      5. Комиссия Агенттік Төрағасының бұйрығымен құрылады және мүшелерінің саны тақ болатын құрамда кемінде үш адамнан тұрады. Аталған комиссия мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
      Комиссияның құрамына Агенттіктің салалық департаментінің қызметкерлері, Агенттіктің республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары енгізіледі. Комиссия отырысы құрамында кемінде оның үш мүшесі қатысқан жағдайда заңды деп табылады. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы Комиссия хатшысы рәсімдейді және Комиссия төрағасы, мүшелері қол қояды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді). 
      6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған жағдайда іріктеуге қатысу үшін құжаттарды тіркеу жүзеге асырылады. Құжаттарды тіркеу кезінде құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      7. Іріктеу үш кезеңмен жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезең – құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
      2) екінші кезең – Агенттік бекіткен сұрақтар бойынша тестілеуді өткізу;
      3) үшінші кезең – Комиссияның іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижелерін қарастыруы.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      8. Құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру және екінші кезеңге қатысуға жіберу туралы шешім құжаттардың қабылданған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      9. Сарапшыларды іріктеуге қатысуға рұқсат берілген тұлғаларға шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші кезеңге өткендігі не өтпегендігі жөнінде жазбаша хабарлама жолданады.
      10. Сарапшыларды іріктеудің екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беруден бас тартуға төмендегілер негіз болып табылады:
      1) білімі туралы құжаттың осы нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) діни қатынастар мәселелеріне қатысты салаларда зерттеушілік немесе сарапшылық жұмыс тәжірибесінің болмауы.
      11. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен тұлғалар, діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеуден өтеді.
      12. Тестілеу мерзімі хабарлама жіберілгеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен соң белгіленеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді). 
      13. Діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеу жазбаша түрде бір сағат көлемінде өткізіледі және 30 сұрақтан тұрады. Тест бойынша шекті мән – 20 жауаптан кем емес жауапты құрайды. Тестілеу нәтижесі тестілеу өткізілген күні шығарылады.
      Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда үміткер Комиссияға шағым бере алады.
      14. Тестілеудің шекті мәнінің дұрыс жауап санын жинай алған тұлғалар тестілеуден өтті деп есептеледі, ал шекті мәннен төмен алған тұлғалар іріктеудің екінші кезеңінен өтпеген болып саналады.
      15. Тестілеуге қатысуға жіберу және тестілеуден өткізу туралы шешім хаттамамен рәсімделеді.
      16. Іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижесі бойынша сарапшылыққа үміткер болған әрбір тұлғаға ерікті формада қорытынды дайындалады.
      17. Алынып тасталды - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      18. Комиссия 7 (жеті) жұмыс күні ішінде іріктеудің бірінші және екінші кезеңдері бойынша материалдарды зерттеп, сарапшыларды іріктеу жөнінде соңғы шешімді шығарады, әрбір сарапшылыққа үміткер бойынша жеке ұсыныстар дайындайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді). 
      19. Іріктеу кезінде туындайтын даулы мәселелер сот тәртібінде қаралады.
      20. Алынып тасталды - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 23.12.2013 № 50 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді). 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.