Күшін жойған

"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Регламент
Қабылдау күні
26.12.2012
Өзгерту күні
18.03.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Дін істері агенттігі төрағасының 18.03.2014 № 11 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 15-1-бабына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 6) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Кулекеев) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т.Жуанышпаева) бірлесе отырып:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Кулекеев) бұйрық күшіне енгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастырып, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарын және қарасты мекемелерін ақпараттандырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасарына (М.А.Әзілханов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Дін істері агенттігінің
      Төрағасы                                   Қ.Лама Шариф

Қазақстан Республикасы  
Дін істері агенттігі   
Төрағасының        
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 124 бұйрығымен    
бекітілген        

«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ереже

      1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысымен бекiтiлген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мен оның аумақтық органдары көрсетеді.
      2. Агенттiктiң жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызметті тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) қағаз тасығышта сараптамалық қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға тұтынушы болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында және аумақтық органдар ғимараттарының ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері, Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара
әрекеттестік) сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Агенттіктің немесе аумақтық органдар кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) арқылы жүзеге асырылады.
      Кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі өтініш пен сараптама объектілерінің өткізілгендігін растау болып табылады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылданған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген кезге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды Агенттіктің немесе аумақтық орган кеңсесінің қызметкеріне тапсырады, ол құжаттардың толымдылығын тексеруді жүзеге асырады, қабылданған құжаттарды тіркейді, кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған мемлекеттік қызметті тұтынушы өтінішінің көшірмесін береді және Агенттік немесе аумақтық орган басшысының (бұдан әрі – басшылық) қарауына береді;
      2) басшылық тұтынушының құжаттарын қарағаннан кейін оны Агенттіктің немесе оның аумақты органының жауапты қызметкер (бұдан әрі – жауапты қызметкер) нұсқаумен жібереді;
      3) қызметкер құжаттарды қарап, дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      4) қызметкер қарастыру нәтижесі бойынша сараптама қорытындысын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап хатты рәсімдейді және басшылыққа қол қою үшін ұсынады;
      5) кеңсе қызметкері тұтынушыға (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) қағаз тасығышта сараптама қорытындысын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты жеке өзі келгенде береді немесе пошта арқылы тұтынушы көрсеткен мекенжайға жолдайды.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) басшы;
      3) жауапты қызметкер.
      14. Әрбір ҚФБ-ның әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген дәйектілігі мен өзара әрекеттестігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мен ҚФБ-да әкімшіліктік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланыстылығын көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшада көрсетілген.

«Дінтану сараптамасын жүргізу»    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша              

Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара
әрекеттесуінің сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ сипаттамасы

№ әрекет (жұмыс бағыты, легі)

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Кеңсе қызметкері

Басшылық

Жауапты қызметкер

Басшылық

Кеңсе қызметкері

Әрекет атауы (процесс, рәсім, операция) және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, құжаттардың Стандарттың 11-тармағына сәйкестігін тексеру. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі беріледі

Құжаттармен танысу, жауапты қызметкерді анықтау

Құжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету

Дінтану сараптамасының қорытындысымен танысу, хатқа қол қою

Сараптама қорытындысын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындау

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешімдер)

Құжаттарды қабылдап алғандығын растау

Қарар жазу

Сараптама қорытындысы бойынша хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты дайындау

Сараптама қорытындысы бойынша, не бас тарту туралы уәжделген жазбаша хатқа қол қою

Сараптама қорытындысын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты қолға беру немесе пошта арқылы жолдау

Орындалу мерзімі

Отыз минуттан кем емес

Бір күн ішінде

30 күнтізбелік күн (қосымша материалдарды зерделеу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк 30 күнге ұзартылады)

Бір күн ішінде

Бір күн ішінде

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.

1-топ
ҚФБ
Кеңсе қызметкері

2-топ
ҚФБ
Басшылық

3-топ
ҚФБ
Жауапты қызметкер

№ 1 әрекет
Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды басшылыққа жіберу

№ 2 әрекет
Орындау үшін жауапты қызметкерді белгілеу, қарар жазу

№ 3 әрекет
Құжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету



№ 4 әрекет
Сараптама қорытындысы бойынша хат дайындау және басшылыққа қол қою үшін жіберу


№ 5 әрекет
Сараптама қорытындысы бойынша хатқа қол қою


№ 6 әрекет
Сараптама қорытындысын қолмен беру немесе поштамен жолдау



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.

1-топ
ҚФБ
Кеңсе қызметкері

2-топ
ҚФБ
Басшылық

3-топ
ҚФБ
Жауапты қызметкер

№ 1 әрекет
Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, басшылыққа жіберу

№ 2 әрекет
Орындау үшін жауапты қызметкерді белгілеу, қарар жазу.

№ 3 әрекет
Құжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету



№ 4 әрекет
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты дайындау және оны басшылыққа қол қою үшін жолдау


№ 5 әрекет
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапқа қол қою


№ 6 әрекет
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты беру немесе поштамен жолдау



«Дінтану сараптамасын жүргізу»    
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша               

Тұтынушының Дін істері агенттігіне немесе оның аумақтық
органдарына өтініш жасаған кезде өзара әрекеттесіп жұмыс істеу схемасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.