Күшін жойған

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Регламент
Қабылдау күні
28.12.2012
Өзгерту күні
29.03.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен құрылды)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 29.03.2014 № 04-2-4/56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            А. Байменов

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігі Төрағаның    
2012 жылғы 27 желтоқсандағы 
№ 02-01-02/183 бұйрығымен 
бекітілген        

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және
біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Академия – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.;
      2) өңірлік орталық – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтары;
      3) регламент – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акт;
      4) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері;
      5) сертификат – семинардың тақырыбын, оқу бағдарламасы мен өту мерзіміне сәйкес оқудың сағат санын көрсетумен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша түрде қағаз жеткізгішінде ресімделген және оған Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат;
      6) куәлік – курстың тақырыбын, бағдарлама мен оқудан өту мерзімдеріне сәйкес оқудың сағат санын көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша түрде қағаз жеткізгішінде ресімделген және оған Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат;
      7) куәлікке қосымша – бекітілген (Академия/өңірлік орталық) нысанға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жеткізгішінде ресімделген, оған емтихан комиссиясы төрағасының, Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші Академия мен өңірлік орталық атауы Стандарттың 1-қосымшада көрсетілген.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2011 жылғы 17 мамырдағы № 02-01-02/96 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтары мен білім берудің өзге де ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру ұйымдарының ережелері (бұдан әрі – Ереже) мен Академияның нормативтік актілері негізінде жүзеге асырылады.
      6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) Қайта даярлау бағдарламасын меңгергенін растайтын қосымшамен куәлік;
      2) Біліктілігін арттыру бағдарламасын меңгергенін растайтын сертификат;
      3) Біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау бағдарламаларын ішінара меңгергенін растайтын анықтама;
      4) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшада көрсетілген Академия/өңірлік орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес күнделікті көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат мемлекеттік органдарға қағаз жеткізгіште таратылады, сонымен қатар Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурстарында, өңірлік орталықтың интернет-ресурсында орналастырылған, оларға сілтеме www.kyzmet.kz интернет-ресурсында жасалған.
      9. Мемлекеттік қызмет белгіленген нысандағы сауалнама-өтінімді оқыту басталардан 10 күн бұрын берілген жағдайда көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      12. Белгіленген үлгідегі құжатты беру мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1 кезең – оқытуға сауалнама-өтінімді беру;
      2 кезең – мемлекеттік қызметті алушыны тыңдаушы тізіміне Академия ректорының/өңірлік орталық директорының бұйрығымен қабылдау;
      3 кезең – бекітілген бағдарламалар бойынша оқытудан мемлекеттік қызметті алушылардың өтуі;
      4 кезең – мемлекеттік қызметті алушының қорытынды тестілеуді тапсыруы;
      5 кезең – мемлекеттік қызметті алушыға белгіленген үлгідегі қол қойылып, мөрленген құжатты беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет)
тәртібінің сипатталуы

      13. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның Құжаттамалық қамтамасыз және бақылау қызметіне немесе Өңірлік орталық кеңсесіне қағаз не электрондық жеткізгіште ресми өтінімін жолдайды.
      14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті қажет құжаттардың тізімі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарлары Тыңдаушылар контингентін қалыптастыру рәсіміне сәйкес Академия ректорының/өңірлік орталық директорының оқытуға қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.
      16. Қосымша білім беру бағдарламасын толық меңгерген мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілгенін растайтын тиісті үлгідегі құжатты беріледі.
      Біліктілікті арттыру шегінде қосымша білім беру бағдарламасын меңгергенін растайтын құжат – сертификат.
      Қайта даярлау курсы шегінде қосымша білім беру бағдарламасын меңгергенін растайтын құжат – қосымшамен куәлік.
      17. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.