Күшін жойған

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Регламент
Қабылдау күні
28.12.2012
Өзгерту күні
29.03.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен құрылды)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 29.03.2014 № 04-2-4/56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     А. Байменов

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігі Төрағаның    
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 02-01-02/181 бұйрығымен 
бекітілген        

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен көрсетілетін оқыту бойынша мемлекеттік қызмет;
      2) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама – кәсіптік бағдарламалары ғылыми және педагогикалық жоғары білікті кадрларды даярлауға және олардың ғылыми және педагогикалық даярлық деңгейін дәйекті арттыруға бағытталған білім деңгейі;
      3) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      4) докторантура – нормативтік оқу мерзімі 3 жылдан кем емес, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін бағдарламасы;
      5) мемлекеттік қызметті алушы – жоғары (магистратура үшін) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (докторантура үшін) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК» (бұдан әрі – Академия).
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдары, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.
      6. Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың санына алу туралы жазбаша түрдегі бұйрықтан үзінді (бұдан әрі – үзінді) немесе оқуға қабылданудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті алуға мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының берілгенін растау Академия қызметкерінің осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы есеп журналында тіркеуі және талон беруі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет Академияның ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру білім алушының куәлігі бойынша жүзеге асырылады.
      Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
      8. Мемлекеттік қызмет Академиямен жасалатын түсу емтихандарын жүргізу кестесіне сәйкес, алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы талон беру;
      2 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханын табысты тапсыру;
      3 кезең – конкурсқа қатысу;
      4 кезең – білім алушы қатарына қабылдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипатталуы

      13. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның қабылдау комиссиясына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қабылдау ережесіне, сондай-ақ осы регламентке 3, 4 қосымшаларына сәйкес ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның білім алушы қатарына қабылданғаннан кейін білім алушы куәлігі мен сынақ кітапшасын алады.
      15. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшасында келтірілген.
      16. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
1-қосымша

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

ҚФБ атауы

Рәсім

Мерзімдер

Құжат

1

Академия: Техникалық хатшы Қабылдау комиссиясы

Құжаттарды қабылдау

20 маусымнан 20 шілдеге дейін


2

Академия: Техникалық хатшы Қабылдау комиссиясы

Есеп журналына тіркеу

20 маусымнан 20 шілдеге дейін

Қабылдау туралы талон беру

3

Академия: Пәндік комиссия

Түсу емтихандарын өткізу

1 тамыздан 20 тамызға дейін

Емтихан тапсыру тізімдемесі

4

Академия: Қабылдау комиссиясы

Конкурс өткізу

20 тамыздан

Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешім хаттамалары

5

Академия: Ректор, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

Қабылдау туралы бұйрықты дайындау

31 тамызға дейін

Қабылдау туралы бұйрық

«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
2-қосымша

Оқыту бойынша мемлекеттік қызмет процесі

«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
3-қосымша

ЖОЛДАМА

_____________________________________________________________________
 (қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік орган немесе ұйым атауы)

_____________________________________________________________________
            (қызметкердің аты-жөні, лауазымы, санаты)

_____________________________________________________________________
   (магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)

______________оқу мерзіміне__________________________________________
(1 жыл, 2 жыл)
мамандығы бойынша оқуға жібереді.
      ____________________________________________оқуын ұйымдастыру
      (оқуға жіберілетін қызметкердің аты-жөні)
туралы үшжақты шартқа (Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау туралы оң
шешім қабылдаған жағдайда) Академияға қабылдау туралы тиісті бұйрық
шығарылғанға дейін қол қоюға келісімімізді білдіреміз.

______________
  (лауазымы)

____________
   (қолы)

_________________________
(Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес оларды
бағыттауға құқығы бар тұлғаның
аты-жөні)

«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
4-қосымша

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК

Академия ректоры
_______________________

_____________________________________________________________________
                           (аты-жөні)
______________________________________________________________тұратын
          (тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны)
_____________________________________________________________________
Паспорт немесе куәлік мәліметтері ___________________________________
_____________________________________________________________________

                                 Өтініш

      Мені _________________________________________________________
   (магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
_________________________________________мамандығына күндізгі оқу
түрі бойынша бюджеттік/ақылы (қажеттісінің астын сызу) негізде, оқу
мерзімі_______ жылға, оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

                 Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

1. Туған күні (күні, айы, жылы) _____________________________________
2. Ұлты, жынысы _____________________________________________________
3. Отбасы жағдайы____________________________________________________
4. ЖОО атауы_________________________________________________________

      Мамандығы мен бітірген жылы____________________________________

      Диплом бойынша жалпы рейтинг балы (диплом № көрсету)___________
5. Жұмыс орны________________________________________________________
_____________________________________________________________________

6. Лауазымы  ________________________________________________________
7. Телефон нөмірлері: қызметтік_________________; үй _______________;
ұялы_______________________; байланыс________________________________
8. Электронды мекенжайы______________________________________________
9. Жалпы еңбек өтілі ____, оның ішінде мемлекеттік қызметте__________
10. Саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметші (қажеттісінің астын сызу)
11. Санаты (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін)__________________
12. Оқуға жіберген мемлекеттік органның атауы
________________________________________________________________
шығыс құжат нөмірі _________________________________________________

13. Қай шет тілінен қабылдау емтиханын тапсырасыз (қажеттісінің астын сызу керек)?
- ағылшын тілі
- француз тілі
- неміс тілі

14. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын тапсыру тілі:
мемлекеттік тіл немесе орыс тілі
     (қажеттісінің астын сызу)

15. Академияға түсу себебі___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Мен берген мәліметтерде кез келген бұрмалаушылықтар мен
дәлсіздіктер болған жағдайда, бұл жайт мені Академияға қабылдау
емтихандарына жібермеуге немесе оқу процесінде Академиядан шығаруға
негіз болатындығы туралы хабардармын және бұнымен келісемін.
      Академия______________________________________________________
  (магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
қабылдау Ережелерінің талаптарымен таныстым.

«____»________________20___ж.                Қолы _________________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.