Күшін жойған

Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
21.01.2013
Өзгерту күні
04.11.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 4.11.2014 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 23тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары» осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы  21 шілдедегі № 06-2-2/229 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3030 тіркелген, 2010 жылғы 29 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
      2) «Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 тіркелінген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 325 (26386) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
      3. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы   
Спорт және дене шынықтыру 
істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 446 бұйрығымен бекітілді 

Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлерінен жарыстардың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру Заңының  23-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт түрлерінен жарыстардың Қазақстан Республикасының аумағында өткізу тәртібін айқындай отырып, төмендегідей тараптарды қамтиды:
      1) спорттық ұйымдардың жарыстарды өткізуі;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу:
      3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушырлардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің атына немесе белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін республикалық жарыстар өткізу;
      4) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт қайраткерлерінің есімдерін облыстық жарыстарға беру және олардың атынан жүлделер белгілеу;
      5) Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған шығыстарды жабу;
      6) Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру;
      7) Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерінің тізілімін жүргізу.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорттық жарыс - жарыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында әр түрлі спорт түрлері бойынша спортшылардың немесе командалардың арасындағы сайыс;
      2) спорттық пән – жарыстар өткізілетін қандай да бір спорт түрінің жеке жаттығуы немесе жекелеген жаттығулар кешені;
      3) халықаралық спорттық жарыстар - кемінде 5 (бес) мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін жарыстар;
      4) халықаралық жарыстар - спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енген жарыстар;
      5) кешенді жарыстар - спортшылар арасында орындарды бөлетін және командалар арасында жалпы командалық есепті шығаратын спортшылар (командалар) арасындағы бірнеше спорт түрінен жарыстар;
      6) республикалық жарыстар – бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбесіне енгізілген республикалық спорт жарыстары;
      7) облыстық, қалалық, аудандық жарыстар – дене шынықтыру және спорт жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық-спорттық, күнтізбесіне енгізілген облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар;
      8) Қазақстан Республикасының спорт түрлерінің тiзiлімi - Қазақстан Республикасының аумағында даму алған спорт түрлері мен спорттық пәндер туралы қағаз және электрондық тасығышта тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - тізілім);
      9) бұқаралық-спорттық іс-шаралар күнтiзбесi – дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың күнтiзбелiк жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткiзуді регламенттейтін ресми құжат;
      10) спорттық сыныптама - жекелеген спорт түрлеріндегі шеберлік деңгейін анықтайтын, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің және төрешілердің деңгейін анықтайтын спорттық атақтар, дәрежелер мен санаттар жүйесі;
      11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган – дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      12) спорт түрі бойынша республикалық федерация – спорт түрін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған республикалық қоғамдық бірлестік (бұдан әрi - федерация).
      3. Жарысқа қатысушылар: спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, психологтар, әкiмшілер, командалардың немесе спортшылар тобының басшылары және өкілдері, спорт ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жарыстар регламентінде (ережесінде) көзделген жарысқа қызмет көрсету үшін қажет мамандар болып табылады.
      4. Жарыстарды ұйымдастырушылар заңды тұлғалар болып табылады.
      5. Жарыстардың негізгі сипаттары осы қағидаға 1-қосымшаға сәйкес анықталды.

2. Спорттық ұйымдардың жарыстарды өткiзуі

      6. Халықаралық және республикалық жарыстар уәкілетті орган таныған және тiзiлiмге енгiзiлген спорт түрлері бойынша жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық жарыстар халықаралық және (немесе) республикалық федерациялардың шешiмi және уәкiлеттi органның келiсімі бойынша жүргiзiледi. Осы жарыстар бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтiзбелiк жоспарына (бұдан әрі – күнтізбелік жоспар) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық жарыстарды өткізуге өтінімдерді республикалық федерациялар халықаралық федерацияларға уәкілетті органның келісімі бойынша оларды өткізудің болжамды күніне дейін кемінде бір жыл алты ай бұрын береді.
      8. Қазақстан Республикасының аумағындағы кешендi халықаралық жарыстар халықаралық спорттық ұйымдардың және уәкiлеттi органның шешiмі бойынша жүргiзiледi. Осы жарыстар уәкiлеттi органның күнтiзбелiк жоспарына енгізіледі.
      9. Кешендi республикалық жарыстар уәкiлеттi органның күнтiзбелiк жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      10. Республикалық жарыстар федерациялардың шешімі және уәкілетті органның келісімі бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі.
      11. Облыстық, қалалық және аудандық жарыстар дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы орган бекіткен жылдық күнтізбелік жоспарға сәйкес облыстық федерациялардың немесе республикалық федерациялар филиалдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
      12. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында жарыстар өткізу үшін жарыстарды өткізу мен ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады.
      13. Қазақстан Республикасы чемпионаттарында Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тиiстi аумақтық-әкімшілік бірліктен мықты спортшылар (командалар) қатысады. Қазақстан Республикасының чемпионаты кемiнде 8 облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың спортшыларының (командаларының) қатысуы болған жағдайда жүргiзiледi.
      14. Қазақстан Республика бiрiншiлiктерiнде тиісті аумақтық-әкімшілік бірліктің жасөспірімдер және (немесе) жастар құрамының мықты спортшылары (командалары) қатысады.
      15. Халықаралық жарыстар республикалық және/немесе халықаралық федерациялар (ұйымдар) әзірлейтін және халықаралық және/немесе республикалық федерациялар (ұйымдар) және уәкілетті орган бекітетін Жарыстар туралы ережелерге сәйкес өткізіледі, федерациялар Халықаралық жарыстар туралы ережелерді жарыстардың өткізілу күніне дейін кемінде 1 жыл бұрын уәкілетті органға жібереді.
      16. Республикалық жарыстар республикалық федерациялар әзірлейтін және республикалық федерациялар мен уәкілетті орган бекітетін Жарыстар туралы ережелерге сәйкес өткізіледі, федерациялар Республикалық жарыстар туралы ережелерді уәкілетті органға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 ай бұрын жібереді.
      17. Облыстық, қалалық және аудандық жарыстардың ережелерін облыстық федерациялар әзірлейді және дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы орган бекітеді. Облыстық федерациялар Жарыстар туралы ережелерді дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдарға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 ай бұрын жібереді.
      18. Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, алайда жарыстың басталу мерзіміне дейін кемінде 1 апта бұрын енгізілуі тиіс.
      19. Жарыс туралы ереже мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
      1) мақсаттар мен міндеттер;
      2) оны өткізу жүйесі;
      3) жарыстың өткізілу орны мен уақыты;
      4) қатысушы ұйымдар;
      5) спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа да қатысушылардың сандық құрамы;
      6) спортшылардың жынысы мен туған жылы;
      7) нәтижелерді бағалау жүйесі;
      8) медициналық-санитарлық қамтамасыз ету мен қауіпсіздік техникасы;
      9) допингке қарсы қамтамасыз ету;
      10) төрешілер алқасының сандық құрамы;
      11) өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі;
      12) қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;
      13) жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі;
      14) наразылық көрсету тәртібі және оны қарау;
      15) жарысқа қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері;
      Жарыстар өткізілу сипатына қарай мынадай болуы мүмкін:
      қорытындылары бойынша жекелеген спортшылардың (жынысына, жасына, спорттық біліктілігіне қарай) иеленген орындары анықталатын, жеке түрде;
      қорытындылары бойынша жеке біріншіліктен басқа қатысушы командалардың орындары анықталатын, жеке-командалық түрде;
      қорытындылары бойынша тек қатысушы командалардың орындары анықталатын, командалық түрде;
      қорытындылары бойынша спорт түрлерінен құрама командаларды жасақтайтын және спортшылар мен командаларды спорт жарыстарының келесі кезеңіне жіберуге рұқсат беруге іріктеу, біліктілік түрінде.
      20. Команда құрамына қосылған және жарыстарға дайындауды жүзеге асыратын спортшылар үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады.
      21. Спортшылардың сандық құрамы және жиындардың ұзақтығы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес регламенттеледі.
      22. Спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының күнтізбелік жоспарының негізінде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында спорттық іс-шаралар өткізуге арналған қаржылық күнтізбе жасалады.
      23. Президенттің жүлдесі немесе Кубогі үшін жарыстар өткізу уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      24. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт қайраткерлерінің, сондай-ақ қоғам қайраткерлері атына жарыстар өткізу немесе олардың атынан жүлделер белгілеу уәкілетті органның және дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      25. Спорттық ұйымдар болып табылмайтын ұйымдардың жарыстарды өткізуі уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      26. Осы жарыстар уәкілетті органның немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органның спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына енгізілмейді және Жарыс қағидасының талаптарына, қауіпсіздік нормаларына және Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу

      27. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесі үшін жарыстар өткізу үшін олимпиадалық (техникалық спорт түрлерін қоспағанда) және ұлттық спорт түрлерінен республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар айқындалады.
      28. Спорт түрлері бойынша республикалық федерациялар дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жарыстардың басталу мерзімінен кемінде 3 ай бұрын дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
      1) спорт түрінің Қазақстан Республикасында және халықаралық аренада дамуы туралы анықтама;
      2) жарыс туралы ереже жобасы;
      3) жарысқа қатысатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) саны;
      4) жарысқа қатысушылардың жалпы саны (спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және т.б.);
      5) қатысушы мемлекеттер саны (халықаралық жарыстар үшін);
      6) дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органның хаты.
      29. Уәкілетті органда консультативтік-кеңестік орган – Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі немесе жүлдесі үшін жарыстар өткізуге өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құрылады.
      30. Комиссия қатысушылардың – комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      31. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
      32. Комиссияның оң шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган шешім қабылданған мерзімнен бастап 3 күн мерзімінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жарысты өткізу туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін қолдаухат жібереді.

4. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушырлардың, спорт және қоғам
қайраткерлерінің атына немесе белгілі спортшылардың,
жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің жүлдесі
үшін республикалық жарыстар өткізу

      33. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің атына республикалық жарыстар өткізу белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің өмірден өткен күнінен бастап 5 жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.
      34. Республикалық жарысқа қоғам қайраткері есімін беру оның дене шынықтыру және спорт саласына үлес қосқан жағдайда, өмірден өткен күнінен 5 жыл өткен соң туыстарының келісімімен жүзеге асырылады.
      35. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт және қоғам қайраткерлерінің атына республикалық жарыстар өткізу үшін Федерация уәкілетті органға жарыс басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өмірбаян (спорт және қоғам қайраткері үшін);
      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;
      3) мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;
      4) федерацияның белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға сіңірген еңбегін растайтын хат.
      36. Республикалық жарысқа белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің атынан жүлде белгілеу үшін федерация уәкілетті органға жарыс басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өмірбаян (спорт және қоғам қайраткері);
      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;
      3) федерацияның белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға сіңірген еңбегін растайтын хат.
      37. Уәкілетті органда консультативтік-кеңестік орган – Республикалық жарыстарға белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт және қоғам қайраткерлерінің есімін тағайындау жөніндегі Комиссия құрылады.
      38. Комиссия қатысушылардың – комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      39. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, кемінде жарты жылда 1 рет өткізіледі.

5. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт
қайраткерлерінің есімдерін облыстық жарыстарға беру және
олардың атынан жүлделер белгілеу

      40. Облыстық жарысқа белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт қайраткерлерінің, қоғам қайраткерінің есімін беру белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорт қайраткерлерінің, қоғам қайраткерінің өмірден өткен күнінен бастап 5 жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі.
      41. Облыстық жарысқа қоғам қайраткері есімін беру оның дене шынықтыру және спорт саласында қосқан үлесі үшін өмірден өткен күнінен бастап 5 жыл өткен соң туыстарының келісімімен өткізіледі.
      42. Облыстық жарыстар өткізу үшін облыстық федерация (немесе республикалық федерацияның филиалы) дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органға жарыс басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өмірбаян (спорт және қоғам қайраткері үшін);
      2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат;
      3) мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі;
      4) облыстық федерацияның немесе республикалық федерация филиалының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға сіңірген еңбегін растайтын хат.
      43. Белгілі спортшының, жаттықтырушының немесе спорт қайраткерінің атынан сыйлықтар белгілеу үшін облыстық федерация немесе республикалық федерацияның филиалы уәкілетті органдарға мына құжаттарды ұсынады:
      1) өмірбаян (спорт, қоғам қайраткері үшін);
      2) спортшының спорттық жетістіктері, дене шынықтыру және спорт саласына жаттықтырушының немесе спорт, қоғам қайраткерінің қосқан үлесі;
      3) облыстық федерацияның немесе республикалық федерация филиалының хаты.
      44. Дене шынықтыру және спорт саласы жөніндегі жергілікті атқарушы органда консультативтік-кеңестік орган – облыстық жарыстарға белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың немесе спорттық, қоғамдық қайраткерлердің аттарын беру немесе олардың атынан жүлделер тағайындау жөніндегі комиссия құрылады.
      45. Комиссия қатысушылардың - комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      46. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай кемінде жарты жылда 1 рет өткізіледі.

6. Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге арналған шығыстарды жабу

      47. Жарыстарды өткізуге арналған шығыстар:
      1) жарыстарды өткізетін ұйымдарды:
      спорттық ғимараттарды жалға алу;
      төрешілерге еңбекақы және іссапар шығыстарын төлеу;
      марапаттау;
      типографиялық және кеңсе шығыстары;
      жарнамалық өнім;
      көлік шығыстары;
      медициналық қамтамасыз ету, жарыс орындарын даярлау және өткiзу жөніндегі қызметшілерге ақы төлеу;
      допингке қарсы қамтамасыз ету, жарыс кезінде сынамаларды жинау жөніндегі допинг тексерушілердің жұмысына ақы төлеу, тіркелген зертхана – ВАДА-ға сынамалардың анализін төлеу;
      жарыс кезінде мемлекеттік автоинспекцияның ілесіп жүруін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді;
      жарыс регламентінде көрсетілген болса, жарысқа қатысушыларды тамақтандыру және орналастыруды қамтиды.
      Қазақстан Республикасында кешенді және халықаралық жарыстарды өткізгенде, режиссерлік-қойылымдық топтың, іс-шаралардың салтанатты ашылу және жабылуын материалдық қамтамасыз ету (реквизиттер, костюмдер, мүкәммал, жабдық, жарық және дыбыстық сүйемелдеу, жарыс орындарын ресімдеу және т.б.) шығыстары көзделуі мүмкін;
      2) қатысушыларды жарыстарға іссапарға жіберетін ұйымдарды:
      қатысушылардың жолақысы, тамақтануы (тәуліктік), тұратын жері;
      спорттық киім және салтанатты форма (кешенді жарыстарда);
      спортшыларды сақтандыру;
      өтінімдік жарналар;
      спорттық ғимараттарды және спорттық мүкәммалды жалға алу;
      төрешілерді іссапарға жіберуді (қажеттілігіне қарай) қамтиды.
      48. Қазақстан Республикасының аумағында оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған шығыстар:
      қатысушылардың жолақысын, тамақтануын (тәуліктік), тұратын жерін;
      спорттық ғимаратты және спорттық мүкәммалды жалға алуды;
      старттық жарналарды;
      көлік шығыстарын;
      медициналық қамтамасыз етуді;
      медициналық-биологиялық препараттармен және қалпына келтіру құралдарымен қамтамасыз етуді;
      мүкәммал мен жабдықты тасымалдауды қамтиды.
      49. Қазақстан Республикасының аумағында оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған шығыстар:
      қатысушылардың жолақысын, тамақтануын (тәуліктік), тұратын жерін;
      шығу құжаттарын ресімдеуді (визалар, сауалнамалар, консулдық алымдар және т.б.);
      сақтандыруды;
      старттық жарналар;
      көлік шығыстарын;
      медициналық қамтамасыз ету;
      медициналық-биологиялық препараттармен және қалпына келтіру құралдарымен қамтамасыз етуді;
      мүкәммал мен жабдықты тасымалдауды қамтиды.

7. Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру

      50. Спорт түрін Тізілімге енгізудегі критерийі оны Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан көбінде дамыту болып табылады.
      51. Тiзiлiм дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық есептiлiктi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында дамытылатын спорт түрлерi мен спорттық пәндердi жүйелендiру мақсатында спорт түрлерiнен федерациялардың ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде жасалады.
      52. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының сауалдары, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша спорт түрiн Қазақстан Республикасында тану және оны Тiзiлiмге енгiзу, сондай-ақ Тiзiлiмге енгiзiлген спорт түрлерiнiң спорттық пәндерiнiң саны туралы мәлiметтердi бередi.
      53. Спорт түрi, спорттық пән дене шынықтыру мен спорттың мақсаттарына сай болады, адамның физикалық және интеллектуалдық қабiлеттерiнiң дамуына, оның қозғалыс белсендiлiгiн жетiлдiруге және салауатты өмiр салтын қалыптастыруға ықпал етедi.
      54. Көрсетiлген спорт түрiн жүргiзу жөнiндегi ережеге, спорт түрiнiң ерекше белгiлерiне, жаттығу ортасына, пайдаланатын спорттық мүкәммалдары (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтарға, спорт жарыстарының тұрақты өткiзiлуiне жататын спорт түрiнiң ерекше белгiлерiнiң болуы спорт түрiн, спорттық пәндi тану үшiн негiздеме болып табылады.
      55. Егер өтiнiш берiлген спорт түрi, спорттық пәнде жарысушылық болмаса (адам қатыспаса, жарысушылық болмаса), онда спорт түрi, спорттық пән спорт түрi ретiнде саналмайды.
      56. Егер танылған осы спорт түрiнiң ережесiнiң мазмұнынан, жаттығу ортасынан, пайдаланылатын мүкәммалдар мен жабдықтардан едәуiр өзгешелiктерi болмаса, өтiнiш берiлген спорттық пәннiң түрi танылған спорт түрiнiң спорттық пәнi болып танылады.
      57. Өзге спорт түрiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын танылған спорттық пәннiң ережесiнiң мазмұнынан, жаттығу ортасынан, пайдаланылатын мүкәммалдар мен жабдықтардан едәуiр өзгешелiктерi жоқ өтiнiш берiлген спорттық пән мойындалмайды.
      58. Уәкiлеттi орган мақсаты бiр немесе бiрнеше спорт түрлерiн дамыту болып табылатын федерациялардың өтiнiшi негiзiнде спорт түрiн тануды жүзеге асырады.
      Өтініш еркін түрде жазылады.
      59. Спорт түрiн, спорттық пәндi тану туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) заңды тұлғаның және облыстар бойынша құрылған оның филиалдарының нотариалды расталған құрылтай көшiрмелерi;
      2) заңды тұлғаның өтiнiш бергенге дейiн алты айдан кешiктiрмей берген мемлекеттiк тiркелiмнен үзiндi;
      3) уәкілетті органның бекіткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі спорт түрінен жарыс қағидалары;
      4) уәкілетті органның бекіткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарыстар туралы ереже;
      5) Қазақстан Республикасында және дүние жүзiнде өтiнiш берiлген спорт түрiнiң, спорттық пәннiң дамуы туралы қысқаша сипаттамасы бар анықтама, онда қашан және қай жерден бастау алды, халықаралық спорт федерациялары бар ма, өткiзiлген жарыстардың саны, дамытудың келешегi қамтылуы қажет;
      6) спорт түрі, cпорттық пән ретінде тану туралы өтініш берілген сәтке дейін жыл ішінде өткізілген өтініші берілген спорт түрлері, спорттық пәндер бойынша жарыс хаттамаларының көшірмелері;
      7) өтініш берілген спорт түрін, спорттық пәнді оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы;
      8) жарыс үдерісін көрсететін жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;
      9) Ұлттық Олимпиада комитетiнде немесе халықаралық спорттық бiрлестiкте (егер ол осы бiрлестiкке мүше болса) спорттық ұйымның мүшелiгiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi көшiрмесi;
      10) спорт түрiн дамытудың бағдарламасы.
      60. Спорт түрлері қағидаларының 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде барлық құжаттарды қайтарады.
      Өтiнiш келiп түскен күннен бастап, отыз күнтiзбелiк жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      61. Мыналар спорт түрiн, спорттық пәндi танудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға негiздеме болып табылады:
      1) өтiнiш иесiнiң құжаттарда расталмаған немесе өзгертiлген ақпаратты ұсынуы;
      2) өтiнiш берiлген спорт түрiнiң, спорттық пәннiң осы жарыс ережелерiнiң талаптарына сай болмауы;
      3) өтiнiш берiлген спорттық пәнде (спорттық пәндер үшiн) жарыс нәтижелерi бойынша медальдiң сарапқа салынбауы.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облыстарында дамыған спорт түрлерiн, олардың даму ерекшелiктерiн, сондай-ақ мемлекеттiк құрылымдардың арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiнде уағыздалатын спорт түрлерiн ескере отырып, спорт түрлерiнiң Тiзiлiмiне енгiзедi.
      62. Спорт түрiн тану және оны Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн уәкiлеттi орган құрамы үш адамнан кем болмайтын тұрақты әрекет ететiн комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
      Комиссия өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттарына талдау жүргiзедi және оның нәтижелерi бойынша тиiстi спорт түрiн, спорттық пәндi Қазақстан Республикасында тану немесе танудан бас тарту және оларды Тiзiлiмге енгiзу (енгiзбеу) туралы шешiм қабылдайды.
      Тиiстi шешiм уәкiлеттi органның бұйрығымен ресiмделедi және шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiм берушiге жiберiледi.
      Спорт түрiн, спорттық пәндi танудан бас тарту туралы шешiм қабылданғаннан кейiн және сондай шешiм шыққан соң оның себептерi жойылса, өтiнiш иесi уәкiлеттi органға құжаттарды қайта қарау туралы өтiнiш беруi мүмкiн.

8. Тізілімді жүргізу тәртібі

      63. Тiзiлiм осы спорт түрлерi ережесiнiң 5-қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргiзiледi.
      Тiзiлiмнiң нысаны мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) спорт түрiнiң атауы;
      2) спорт түрiнiң нөмiр - коды;
      3) спорттық бағдарламаның атауы;
      4) спорттық бағдарламаның нөмiр - коды.
      64. Нөмiр - код 11 белгiден тұрады.
      Нөмiр - кодтар тиiсiнше спорт түрiн, спорт түрiнiң атауын, маусымдылығын, спорттық пәндi, өңiрлерде тарауын, спортшылардың жынысы мен жасын айқындайды.
      65. Нөмiр - кодтың бiрiншi саны спорт түрiнiң жеке нөмiрi болып табылады:
      1 – олимпиадалық спорт түрлерi;
      2 - олимпиадалық емес спорт түрлерi;
      3 - ұлттық спорт түрлерi;
      4 - техникалық спорт түрлерi;
      5 - Арнайы олимпиялық спорт түрлерi;
      6 - Паралимпиялық спорт түрлерi;
      7 - Сурдолимпиялық спорт түрлерi;
      8 - қызметтiк - қолданбалы спорт түрлерi;
      9 - әскери-қолданбалы спорт түрлерi.
      Нөмiр - кодтың екiншi, үшiншi, төртiншi сандары спорт түрiнiң атауын айқындайды.
      Нөмiр - кодтың бесiншi саны спорт түрiнiң, спорттық пәннiң маусымын айқындайды:
      1 – жазғы спорт түрлерi;
      2 – қысқы спорт түрлерi.
      Нөмiр - кодтың үшінші саны спорт түрiмен, спорттық пәнмен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ спорт түрiнiң, спорттық пәннiң ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:
      1 - спорттың жазғы ойын емес түрi;
      2 – спорттың жазғы ойын түрi;
      3 - спорттың қысқы ойын емес түрi;
      4 - спорттың қысқы ойын түрi;
      5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрi;
      6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрi;
      7 – спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндердi бiрiктiретiн маусымдық емес спорт түрi;
      8 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндердi бiрiктiретiн жазғы спорт түрi;
      9 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндердi бiрiктiретiн қысқы спорт түрi.
      Нөмiр - кодтың төртінші саны спорт түрiнiң, спорттық пәннiң елiмiзде таратылуын көрсетедi:
      1 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан көп облысында дамыған спорт түрi, спорттық пән;
      2 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облысында дамыған спорт түрi, спорттық пән.
      Нөмiр - кодтың бесінші белгiсi спорт түрiмен, спорттық пәнмен шұғылданушылардың жынысы мен жасын айқындайды:
      А - ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер);
      Б - әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      Г - ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;
      Д - қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      Е – ерлер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      Ж – әйелдер;
      К - ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      Л - ерлер, әйелдер;
      М – ерлер;
      Н - жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      С - жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар), әйелдер;
      Ф – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);
      Э - жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;
      Ю - жiгiттер (жасөспiрiмдер);
      П – аралас жұп/топ;
      Я – барлық санаттағылар.
      66. Уәкiлеттi органның бастамасы, дене шынықтыру және спорт туралы жергiлiктi атқару органдарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың арыздары негiзiнде уәкiлеттi орган Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзедi.
      Мына жағдайларда өзгерiстер енгiзiледi:
      1) спорт түрiнiң, спорттық пәннiң атауы өзгертiлсе;
      2) спорт түрiнiң ережесi немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелерi (регламентi) өзгертiлсе;
      3) спорт түрлерi, спорттық пәндер бiрiктiрiлсе;
      4) спорт түрлерi, спорттық пәндер бөлiнсе;
      5) спорт түрлерi, спорттық пәндер алып тасталса.
      67. Спорт түрлерiн, спорттық пәндердi Тiзiлiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт туралы жергiлiктi атқару органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өзi шешiм қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
      68. Тiзiлiмге өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiште тиiстi спорт түрiнiң, спорттық пәннiң (спорттық пәндердiң) атауы, сол спорт түрiмен, спорттық пәнмен шұғылданатын спортшылардың жынысы және жас тобы, өзгерiстер енгiзудiң негiздемесi көрсетiледi.
      69. Спорт түрлерiнiң ережесiнiң 20-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға ұсынылмаса, уәкiлеттi орган өзiне түскен күннен бастап он жұмыс күн iшiнде барлық ұсынылған құжаттарды қараусыз өтiнiш иесiне қайтарып бередi.
      70. Тiзiлiмге өзгерiс енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдауға мыналар негiздеме болады:
      1) өтiнiш иесi ұсынған құжаттарда расталмаған немесе өзгертiлген ақпараттың анықталуы;
      2) спорттық пәндердi бiрiктiру немесе бөлудiң нәтижесiнде туындайтын спорттық пән бойынша өткен жарыс нәтижелерi бойынша медаль жиынтығы сарапқа салынбаса;
      3) осы спорт түрiмен шұғылданушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, қатысушылардың жас тобына өзгерiстер енгiзу мүмкiн болмаса.
      71. Спорт түрлерiн, спорттық пәндердi Тiзiлiмнен алып тастау үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) үш жыл iшiнде жарыстардың бағдарламасында спорт түрiнiң, спорттық пәндердiң болмауы;
      2) Қазақстан Республикасының тең жартысынан астамында спорт түрiн табиғи-климаттық жағдайларға, шұғылданудың күрделiлiгiне және өзге ерекшелiктерiне байланысты дамытудан бөлек, аталған спорт түрi Қазақстан Республикасы өңiрлерiнiң кем дегенде, жартысында дамыса.

Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 1-қосымша 

Жарыстардың негізгі сипаттары

р/с

Жарыстың атауы

Өту кезеңі

Кім өткізеді

Кімдер қатысады

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1. Халықаралық жарыстар

Кешенді бұқаралық-спорттық іс-шаралар:

1

Олимпиада ойындары

Төрт жылда бір рет

Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК)

Олимпиадалық құрама команда

Қысқы, жазғы

2

Азия ойындары

Төрт жылда бір рет

Азияның Олимпиада комитеті (АОК)

Ұлттық құрама команда

Қысқы, жазғы

3

Өңірлік ойындар

Екі жылда бір рет

ХОК қолдауымен

Ұлттық құрама команда

Орталық Азия, Шығыс Азия, Африка-Азия, ТМД елдері және т.б.

4

Бүкіләлемдік Универсиада

Екі жылда бір рет

Халықаралық студенттік одақ

Студенттік құрама команда

Қысқы, жазғы

5

Олимпиадалық жасөспірімдер ойындары

Төрт жылда бір рет

ХОК қолдауымен

Жасөспірімдер құрама командасы

Қысқы, жазғы

6

Паралимпиялық ойындар

Төрт жылда бір рет

Параолимпиялық комитет
Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен

Мүгедектер құрама командасы

Қысқы, жазғы

7

Арнайы Олимпиада ойындары

Төрт жылда бір рет

Арнайы Олимпиадалық комитет (Спешиал олимпикс)

Мүгедектер құрама командасы

Қысқы, жазғы

Спорт түрлерінен жарыстар:

1

Спорт түрлерінен барлық жастағы топтарға арналған әлем чемпионаттары

Жыл сайын*
Регламентке сәйкес

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар

Ұлттық құрама команда

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың қағидаларына сәйкес жекелеген спорт түрлері бойынша екі, үш, төрт жылда бір рет өткізілуі мүмкін

2

Студенттер арасындағы әлем чемпионаты

Екі жылда бір рет

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар

Студенттік құрама команда


3

Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері


Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар

Олимпиадалық құрама команда

Қысқы және жазғы ойындарға

4

Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері

Регламентке сәйкес

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар

Ұлттық құрама команда

Спорттың ойын түрлері бойынша

5

Спорт түрінен барлық жастағы топтарға арналған Азия чемпионаттары

Жыл сайын

Спорт түрлерінен Азия федерациялары

Ұлттық құрама команда


6

Әлем кубогы
- Азия кубогының кезеңдері
- Гран-при жарыстары

Регламентке сәйкес

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар

Ұлттық құрама команда


7

Азия кубогы
- Азия кубогының кезеңдері
- Гран-при жарыстары

Регламентке сәйкес

Спорт түрлерінен Азия федерациялары

Ұлттық құрама команда


8

Халықаралық жарыстар (турнирлер):
«А» санатты халықаралық жарыстар (турнирлер)

Регламентке сәйкес

Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар, ұйымдастырушы ел

Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары

Жарыстар (турнир) спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың күнтізбесіне, республикалық күнтізбеге енгізілген

9

Халықаралық жарыстар (турнирлер)

Регламентке сәйкес

Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорт ұйымдары

Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары

Кемінде 5 (бес) елдің қатысуымен

10

Халықаралық матчтық кездесулер

Регламентке сәйкес

Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорт ұйымдары

Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары


2. Республикалық жарыстар:


Кешенді бұқаралық-спорттық іс-шаралар:

1

Қазақстан Республикасының спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары

Жазғы, қысқы

2

Универсиада

Екі жылда бір рет



Жазғы, қысқы

3

Қазақстан Республикасының халықтық спорт ойындары

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


4

Қазақстан Республикасының мектеп оқушылар спартакиадасы

Екі жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының студенттер құрама командалары

Жазғы, қысқы

5

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


6

Қазақстан Республикасы ардагерлерінің спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


Спорт түрінен жарыстар:

1

Спорттың барлық түрлерінен барлық жастағы топтарға арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты

Жыл сайын

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


2

Спорттың барлық түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубоктары

Жыл сайын

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


3

Республикалық турнирлер

Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары


4

Матчтық кездесулер

Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Регламентке сәйкес


Облыстық жарыстар:

Кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар:

1

Қазақстан Республикасы Спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең жазғы, қысқы

2

Қазақстан Республикасы халықтарының спорт ойындары

Төрт жылда бір рет

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең

3

Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы

Екі жылда бір рет

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең жазғы, қысқы

4

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары

Төрт жылда бір рет

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең

5

Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең

Спорт түрінен жарыстар:

1

Барлық жастағы топтарға арналған спорттың барлық түрлерінен облыстардың чемпионаттары

Жыл сайын

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

Аудандардың құрама командалары

ІІ кезең

2

Облыстық турнирлер, матчтық кездесулер

Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес

Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

Регламентке сәйкес


Аудандық жарыстар:

Кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар:

1

Қазақстан Республикасы Спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары

ІІ кезең жазғы, қысқы

2

Қазақстан Республикасы халықтарының спорт ойындары

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары


3

Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы

Екі жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары

ІІ кезең жазғы, қысқы

4

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары


5

Қазақстан Республикасы ардагерлерінің спартакиадасы

Төрт жылда бір рет

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары


Спорт түрлерінен жарыстар:

1

Дене шынықтыру ұйымдарының спорт мектептерінде, оқу орындарында, ұйымдарда, мекемелерде өтетін жарыстар

Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес

Дене шынықтыру ұжымдарының, спорт мектептердінің кеңестері

Барлық тілек білдірушілер


Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 2-қосымша 

Нысан

Спортшылардың сандық құрамы және жиындардың ұзақтығы



Жиындардың атауы

Жиындарды өткізетін ұйым

Жиынның ұзақтығы

Жиынға қатысушылар

Жиынға қатысушылардың ең көп саны

Халықаралық жарыстарға дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары

1

Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерін тікелей әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиадалық, Параолимпиадалық ойындарға және басқа халықаралық жарыстарға дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару органдары

24 күнге дейін

Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқарушы белгілейді

2

Тікелей универсиадаға, студенттер арасындағы әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарына, МССЖ чемпионаттарына дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары

Осы халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды жіберетін ұйымдар

24 күнге дейін

Осы халықаралық жарыстарға қатысу командалар

Жарыстарға жіберілетін саны екі, құрамнан, ал спорттың жекпе-жек түрлері бойынша үш құрамнан аспайтын спортшылар

3

Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерін халықаралық жарыстарға дайындаумен байланысты арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене дайындығы, спортшыларды тексеру, қалпына келтіру үшін)

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық уәкілетті органдар

18 күнге дейін

Қазақстан Республикасының құрама командалары

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару атқару

4

Басқа халықаралық жарыстарға (ресми, жолдастық) тікелей дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары

Халықаралық спорттық байланыстардың жоспарына сәйкес командаларды халықаралық жарыстарға жіберетін ұйымдар

18 күнге дейін



Спорт түрлерінен жарыстардың  
қағидаларына 3-қосымша    

Нысан

Бұқаралық-дене шынықтыру, сауықтыру іс-шараларының және негізгі
республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспары 

Іс-шаралардың атауы

Өткізілу мерзімі және орны

Қатысушы ұйымдар

Команданың құрамы

Спортшылардың саны

Жаттықтырушылар саны

Төрешілер саны

Өткізетін, іссапарға жіберетін ұйым










Спорт түрлерінен жарыстардың 
қағидаларына 4-қосымша    

Нысан

Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу мен
халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуға арналған қаржылық күнтізбе 

№ п/п

Іс-шараның атауы

Өткізілу орны мен мерзімі

Қатысушылардың саны

Теңгелік шығыстар

Спортшылар

Жаттықтырушылар, басқа қатысушылар

Төрешілердің, жұмысшылардың жалақысы

Жалақыға қоса аудару

Тамақтану

1

2

3

4

5

6

7

8


Теңгелік шығыстар

Дәрі-дәрмек, фармакологиялық құралдар

Спорттық іс-шараларға қатысушыларға жүлделер, медальдар, грамоталар, дипломдар, кеңсе тауарлары

Ел ішіндегі жолақы, тәулікақы

Елден тыс жердегі жолақы, тәуліқақы, әуежай алымдары, жүкақы, кедендік басқа шығыстар (қажетіне қарай)

Спорт ғимараттарын және мүкәммаларды жалға алу

Байланыс қызметі (шұғыл қажет болғанда)

Автокөлік қызметі

9

10

11

12

13

14

15


Теңгелік шығыстар

Шығыстардың жиынтығы теңгемен

Валюталық шығыстар

Барлық шығыстар теңгемен

Баспаханалық және өзге де шығыстар

Өкілдік шығыстар (Уәкілетті органның шешімі бойынша)

16

17

18

19

20

Спорт түрлерінен жарыстардың 
қағидаларына 5-қосымша    

Қазақстан Республикасы спорт түрлерінің тізілімі

Бөлім

р/с

Спорт түрінің атауы

Спорт түрінің нөмір-коды

Спорттық пәннің атауы

Спорттық пәннің нөмір-коды


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.