Күшін жойған

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы

Актінің түрі
Регламент
Сипаттама
Сызба
Тізбе
Қаулы
Қабылдау күні
21.09.2012
Өзгерту күні
18.12.2013
Актіні қабылдаған орган
Қарқаралы ауданының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.12.2013 № 377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтi сапалы көрсету мақсатында, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Р. Сатыбалдинға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарқаралы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Акимов

Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 23 тамыздағы
N 224 қаулысымен
бекiтiлген

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызметiнiң регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы регламент "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2318 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысымен бекiтiлген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет Қарқаралы ауданы кент, село және селолық (ауылдық) округтерi әкiмдерiнiң аппараттары мемлекеттiк мекемелерiмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген мекен-жайлар бойынша, демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн ұсынылады.
      Баламалы негiзде мемлекеттiк қызмет Қарқаралы ауданының филиалы "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Орталық), арқылы демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т. Аубакиров көшесi, 21 мекенжайы бойынша ұсынылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама бер;
      2) мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) уәкiлеттi органға тұтынушы тiкелей өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап ұсынылады;
            мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң еңжоғары шекті ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      2) тұтынушы Орталық арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет:
      2 (екi) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде көрсетiледi;
      мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      7. Тұтынушы осы регламенттiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбауы немесе өкiлеттi органның шаруашылық кiтабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәлiметтер болмауы мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет (өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы

      8. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн келесі құжаттарды ұсынады:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш жасағанда тұтынушы жеке куәлiгiн ұсынумен ауызша нысанда жүгінеді;
      2) Орталыққа өтiнiш жасағанда:
      еркiн нысандағы өтiнiштi;
      салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасын ұсына отырып, жеке куәлiктiң көшiрмесiн.
      9. Құжаттарды Орталыққа тапсырғаннан кейiн тұтынушыға, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырғандығын растайтын, орталықтың мөрi мен тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні көрсетiлген анықтама берiледi.
      10. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш жасаған сәттен бастап және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру сәтіне дейiн мемлекеттiк қызметтi көрсету этаптары:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш жасағанда:
      тұтынушы уәкiлеттi органға жеке куәлігін бередi;
      уәкiлеттi органның маманы өтiнiштi журналға тiркеудi жүргiзедi, шаруашылық кiтабы бойынша мәлiметтердi тексередi, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтаманы толтырады немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды;
      2) Орталық арқылы өтініш жасағанда:
      тұтынушы өтiнiш және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке куәлiктiң көшiрмесiн бередi;
      Орталық өтiнiштi тiркеудi жүргiзедi және уәкiлеттi органға тапсырады;
      уәкiлеттi орган орталықтан ұсынылған өтiнiштi тiркеудi, қарауды жүзеге асырады, бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды немесе анықтаманы ресiмдейдi, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн Орталыққа жолдайды;
      Орталық тұтынушыға анықтама не бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi.
      11. Уәкiлеттi орган тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттарды сақтауды қорғау және құпияда сақтауды қамтамасыз ету қажет.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде тұтынушының уәкiлеттi органға тiкелей өтiнiш беруi кезiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (әрі қарай - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкiлеттi органның маманы;
      2) ауыл немесе селолық округтiң әкiмi.
      13. Әрбiр әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсімнің) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттердiң (рәсімнің) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
      14. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзғандығы үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершiлiкке тартылады.

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
1-қосымша

Қарқаралы ауданының село, кент және селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарының тiзбесi

р/с N

Селолық округ әкiмi аппаратының толық атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекен жайы

Сайт мекен-жайы

1

"Нұрмақов ауылдық округінің әкім аппараты" ММ

село Өсібай

8 (721)-32-55-2-72

Өсібай, Елебеков көшесі, 6

жоқ

2

"Нүркен Әбдіров селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Жарлы

8 (72146)-34-3-04

с. Жарлы, Машанов көшесі, 35

жоқ

3

"К. Аманжолов селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Талды

8 (72146)37-4-00

с. Талды, К. Аманжолов көшесі, 2

жоқ

4

"Қоянды селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Қоянды

8 (72132)-58-2-21

с. Қоянды, Советская көшесі 5

жоқ

5

"Жаңатоған селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Жаңатоған

8 (72146)-34-1-85

с. Жаңатоған, Үшкун көшесі 39

жоқ

6

"Егіндібұлақ селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Егіндібұлақ

8 (72147)-91-3-95

с. Егіндібұлақ, Мәди көшесі, 10

жоқ

7

"Қарқаралы қаласының әкім аппараты" ММ

Қарқаралы қаласы

8 (72146)-31-2-84

Қарқаралы қ., Бөкейханов көшесі, 40

жоқ

8

"Бақты селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Бақты

8 (72146)-38-7-21

с. Бақты, Тәуелсіздік көшесі, 13

жоқ

9

"Балқантау селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Қарабұлақ

8 (72147)-91-5-86

с. Қарабұлақ, Қазақстан көшесі, 4

жоқ

10

"Абай селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Айнабұлақ

8 (72147)-51-3-41

с. Айнабұлақ, М.Батыр көшесі, 15

жоқ

11

"Угар селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Матақ

8 (72146)-33-7-32

с. Матақ, Школьная көшесі, 2

жоқ

12

"Мартбек Мамыраев селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Ақжол

8 (72147)-33-3-00

с. Ақжол, Н. Қабдыкәрімов көшесі, 12

жоқ

13

"Кырғыз селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Бүркітті

8 (72146)-34-4-31

с. Бүркітті, Тың көшесі, 8

жоқ

14

"Темірші селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Татан

8 (72132)-36-5-60

с. Татан, Орталық көшесі, 6

жоқ

15

"Қайнарбұлақ селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Аппаз

8 (72159)-61-5-58

с. Аппаз, К. Сейлхан көшесі, 14/2

жоқ

16

"Бесоба селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Бесоба

8 (72132)-36-4-43

с. Бесоба, Әбдрасылов көшесі 23

жоқ

17

"Тегісшілдік селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Тегісшілдік

8 (72146)-37-5-01

с. Тегісшілдік, Т. Әубәкіров көшесі, 11

жоқ

18

"Қарағайлы кентінің әкім аппараты" ММ

Қарағайлы кенті

8 (72146)-45-4-80

к. Қарағайлы, 20 4 квартал

жоқ

19

"Томар селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Томар

8 (72132)-35-2-23

с. Томар, Мәди көшесі, 4

жоқ

20

"Тәттімбет селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Ақтасты

8 (72132)-53-2-87

с. Ақтасты, Қазыбек би көшесі, 17

жоқ

21

"Шарықты селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Теректі

8 (72132)-56-2-92

с. Теректі, Абай көшесі, 12

жоқ

22

"Қаракөл селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Қаракөл

8 (72132)-91-5-57

с. Қаракөл, Строителей көшесі, 13

жоқ

23

"Мәди селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Айрық

8 (72132)-54-2-60

с. Айрық, Әбішев көшесі, 3

жоқ

24

"Ынталы селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Ынталы

8 (72146)-50-0-11

с. Ынталы, Бейбітшілік көшесі, 12

жоқ

25

"Қаршығалы селолық округінің әкім аппараты" ММ

село Көктас

8 (72146)-33-5-12

с. Көктас, Гагарин көшесі, 30

жоқ

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
2-қосымша

Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң (ҚФБ) әрекеттерiнiң сипаттамасы


Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1.

Әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

ҚФБ 1 тобы уәкiлеттi органның маманы

ҚФБ 2 тобы селоның немесе селолық округтiң әкiмi

ҚФБ 1 тобы уәкiлеттi органның маманы

3.

Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтiнiштi тiркеу, шаруашылық кiтабы бойынша мәлiметтердi тексеру

Анықтамаға не тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

Шығыс құжаттар журналына тiркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)

Анықтаманы толтыру және қол қою не тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты жазу және қол қоюға жолдау

Анықтама не тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

Анықтама не тұтынушыға қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру

5.

Орындалу мерзiмдерi

10 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

6.

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3


"Жеке қосалқы шаруашылықтын
болуы туралы анықтама беру
мемлекеттік қызметінің регламентіне
3-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.