Күшін жойған

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
29.05.2013
Өзгерту күні
31.12.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен құрылды)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.12.2014 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
      2) Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Л. Шекимова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 20 мамырдан ерте емес.

      Төраға                                     А. Байменов

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2013 жылғы 4 мамырдағы  
№ 06-7/64 бұйрығымен   
бекітілген       

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері

1. Жалпы ережесі

      1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабы 3-тармағын және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын орындау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін тексерілетін субъектілерді тиісті тәуекел тобына жатқызу үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәуекел – сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін қолдану нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларына жағымсыз нәтиженің туу ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъекті – орталық мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері;
      3) тиімді қызмет – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 06-7/2 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 22 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8260 тіркелген Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 70 баллдан жоғары алған тексерілетін субъектілердің қызметі;
      4) тиімсіз қызмет – Әдістемеге сәйкес 50 баллдан төмен алған тексерілетін субъектілердің қызметі;
      5) төмен тиімді қызмет – Әдістемеге сәйкес 50 баллдан 70 баллға дейін алған тексерілетін субъектілердің қызметі.

2. Объективті критерийлерді ескере отырып, субъектілерді
жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

      3. Алғашқыда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша тиімді қызмет көрсеткен тексерілетін субъектілер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде көрсетілген қызметтер түрінің саны мен көрсетілген қызметтер саны ескеріліп, төменгі тәуекел дәрежесіне, төмен тиімді қызмет көрсеткен бақылау субъектілері – тәуекел дәрежесінің орташа тобына, тиімсіз қызмет көрсеткен тексерілетін субъектілер – тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жатқызылады.
      4. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті бал беріледі.
      Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартының болмауы – 10 балл;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентінің болмауы – 10 балл;
      3) мемлекеттік қызметке шағымдану:
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмауы:
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;
      5) мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын әзірлеуінде немесе пысықтауында қатысуының болмауы – 10 балл;
      6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етудің болмауы – 10 балл;
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауын жүргізбеу – 10 балл;
      8) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылау нәтижелерін мониторингілеу шеңберінде дұрыс емес есептік ақпаратты ұсыну – 10 балл;
      9) көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы хабардар етпеу – 10 балл.
      5. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.
      6. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:
      1) бес жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына 0-ден 30-ға дейін бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
      2) үш жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына 31-ден 40-қа дейін бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
      3) бір жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына 41-ден жоғары бал жинаған тексерілетін субъектілер жатады.
      Баллдарды санау үшін ашық 10 балдық бағана қолданылады.

3. Қорытынды ережелер

      8. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі тексеру нәтижелеріне тәуелді болады.
      Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.
      9. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:
      1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;
      2) берілген баллдар тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.
      Тәуекел дәрежесінің бір топ шеңберінде тексеру жүргізу үшін субъектілерді іріктеу Агенттіктің лауазымды адамдарымен тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулердің нәтижелеріне сәйкес жарты жылда бір рет жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2013 жылғы 4 мамырдағы  
№ 06-7/64 бұйрығымен   
бекітілген        

Нысан

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін бақылау
субъектілері үшін тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________________
                                         (№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

ЖСН ______________________________________________________________

Орналасқан жердің мекен-жайы (бақылау субъектісінің заңды мекен-жайы) __________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тексерудің басталған күні ________________________________________ 

Талаптар тізбесі

Ия

Жоқ

1

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартының болуы



2

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентінің болуы



3

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау



4

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну



5

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру



6

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету



7

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар шағымдарының қарау мерзімдерін сақтау



8

Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету



9

Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану



10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуі



11

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылуын қамтамасыз етуі



12

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсыну



13

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу



14

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастыру



15

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы туралы хабардар етудің мерзімдерін сақтау



16

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасау



17

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес келуі



18

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау



19

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілгеннен кейін оның көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңарту



20

«Электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастыру



21

Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу



22

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолдану



23

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес қызмет берушілердің міндеттерін орындау



24

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкестігі



25

Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету



Тексерудің аяқталу күні ________________________________________

Тексеруді жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдар:
_______________________  __________  ___________________________
(аты-жөні, лауазымы)                           (қолы)
_______________________  __________  ___________________________
(аты-жөні, лауазымы)                           (қолы)

Тексерілетін субъектінің басшысы
таныстым:
_______________________  __________  ___________________________
(аты-жөні, лауазымы)                            (қолы)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.