Күшін жойған

Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Үлгі
Қабылдау күні
27.08.2013
Өзгерту күні
31.03.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 № 18-04/287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың 12-қосымшаларына сәйкес, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің дамыту жоспары үлгі нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 276 «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 тіркелген, 2012 жылдың 2 маусымдағы № 290-291 (27365)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
Министрінің     
2013 жылғы 16 тамыздағы
№ 246-ө бұйрығына 
1-қосымша     

                                                          Үлгі нысаны

Аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспары

20___ жылға _________________________________________________
            (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде тоқсандар бойынша

Жиыны

1

2

3

4

1. Аң аулайтын алқаптарды қорғау

1

Аң аулайтын алқаптарды қорғау жөнінде рейдтер өткізу, км/мың теңге






2

Аншлагтар, паннолар, трафареттер, маңдайшалар орнату және жаңарту, дана






3

Жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қарау идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, буклеттер шығару, сұхбат), дана






4

Қорықшылық қызметті арнайы киіммен, жанар жағармай материалдарымен, қызметтік қарумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету, дана






2. Жабайы жануарларды есепке алу

5

Жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алуды жүргізу км (га)/мың теңге






3. Өсіру іс-шаралары

6

Тұз жалау орындарын жасау және жаңартып отыру, дана






7

Тұз сатып алу және орналастыру, кг






8

Қосымша қоректендіру алаңқайларын жабдықтау, дана






9

Жем астауларын жасау және орнату, дана






10

Бұдан бұрын орнатылған жем астауларын жөндеу, дана






11

Пішен дайындау және шашу, тн






12

Астық қалдықтарын дайындау және шашу, кг






13

Жемдік егістіктерге тұқым себу, га






14

Жасанды су бөгендерін құру, дана






15

Қоректік шөптер өсіру, га






16

Жануарлар дүниесі объектілерін жерсіндіру, жануардың түрі, дана






17

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіру, жануардың түрі, дана






18

Қасқырларды, қаңғыбас иттерді ату, дана






4. Аңшылық шаруашылығы іс-шаралары

19

Шаруашылық ішілік аңшылық ісін ұйымдастыру, га/мың теңге






20

Кордондар салу, жолдарды жөндеу, техника сатып алу, дана (км)






5. Пайдалану іс-шаралары

21

Әуесқойлық-спорттық (кәсіпшілік аң аулау) аң аулауды ұйымдастыру және өткізу, дара нұсқасы/мың теңге






6. Басқа іс-шаралар

22







Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
Министрінің     
2013 жылғы 16 тамыздағы
№ 246-ө бұйрығына 
2-қосымша     

                                                          Үлгі нысаны

Балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспары

_____________________________________________ 20__-20__ жылда
(балық шаруашылығы субъектінің атауы)

№ р/с

Іс-шаралар атауы

Жоспарланған қаржы көлемі және мерзімі және жіберілетін балықтың көлемі*

Аяқталу нысаны

1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту шаралары**

1

Мекендейтін табиғи ортасына балық жіберу***

________ мың дана,
20_____ж.

Түрлері бойынша балық жіберу акттері

2

Балық шаруашылық мелиорация бойынша жүргізілген жұмыстар

________ мың
теңге, 20____ж.

Бекітілген есептілік нысанына сәйкес, аумақтық органға растайтын құжаттарды ұсыну іс-шаралардың орындалуы бойынша есеп беру

3

Балықтың жаппай қырылуына қарсы жүргізілген iс-шаралар

4

Негізгі су айдындарынан бөлініп кеткен сулардан балық шабақтарын құтқару жұмыстары

5

Өсімін молайтуға қатысты жүргізілген басқа іс-шаралар

6

Басқаларын көрсету

2. Ғылыми жұмыстар

7

Балық ресурстарын және басқа су жануарларының жай-күйін бағалауына қатысты зерттеулер

_______ мың теңге, 20____ж.

Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстардың актілері, биологиялық негіздеме және жобалар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары

8

Балық аулау тәртібі бойынша ұсынымдар

9

Балық ресурстарының өсімін молайту бойынша ұсынымдар**

10

Балық шаруашылық мелиорацияны жүргізу бойынша ұсынымдар**

11

Басқаларын көрсету

3. Аулау және қайта өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру шаралары

12

Балық және басқа да су жануарларының өнімдерін қайта өңдеу бойынша технологиялық жабдықтарды сатып алу, оларды жаңарту және (немесе) жөндеу

 
_______ мың теңге, 20____ж.

Бекітілген есептілік нысанына сәйкес, аумақтық органға растайтын құжаттарды ұсыну іс-шаралардың орындалуы бойынша есеп беру

13

Балық бойынша технологиялық жабдықтарды сатып алу, оларды жаңарту және (немесе) жөндеу (уылдырықты инкубациялау, сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғылар, жемтаратқыштар)

14

Жүзетін құралдар мен арнайы көліктерді сатып алу және (немесе) оны жөндеу

15

Басқаларын көрсету



      Ескертпе:
      * - жоспарланатын қаржы көлемі және жіберілетін балықтың көлемі олардың орындалу мерзімдері әр жыл бойынша су айдындары немесе учаскелерді пайдаланушыларға бекітудің барлық кезеңіне тіркеп анықталады.
      ** - балық ресурстарын қайта өндіру шаралары, ащы-тұзды су қоймаларынан басқа барлық су қоймаларында жүргізіледі.
      ** - балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынысы бойынша.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.