Күшін жойған

Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Тізбе
Қабылдау күні
02.10.2013
Өзгерту күні
27.01.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.

      Төраға                                             Б. Қуандықов

Қазақстан Республикасы   
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының         
2013 жылғы 28 тамыздағы   
№ 217-НҚ бұйрығымен    
бекітілген         

Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      1. Тегі;
      2. Аты;
      3. Әкесінің аты;
      4. Туған күні;
      5. Туған жері;
      6. Ұлты;
      7. Білімі;
      8. Жынысы;
      9. Отбасылық жағдайы;
      10. Азаматтығы:
      1) бұрынғы азаматтығы;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні.
      11. Қолы;
      12. Жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) деректері:
      1) құжаттың атауы;
      2) құжаттың нөмірі;
      3) құжатты берген күні;
      4) құжаттың қолданылу мерзімі;
      5) құжатты берген орган.
      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      14. Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті);
      15. Өмірбаян;
      16. Арнайы тексеру нәтижелері;
      17. Салық салу объектiсi болып табылатын оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;
      18. Ант;
      19. Заңда белгіленген шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер;
      20. Мүліктi сенiмдi басқару шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (бар болған жағдайда);
      21. Еңбек өтілі:
      1) жалпы еңбек өтілі;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі.
      22. Наградалары;
      23.Тәртіптік жазалар;
      24. Тұрғылықты жерінің мекенжайы:
      1) мекенжай бойынша тіркеу;
      2) іс жүзінде тұру.
      25. Жұмыс орны;
      26. Атқаратын лауазымы;
      27. Жеке кәсіпкерді есепке қою туралы куәлік;
      28. Басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындау мүмкіндігі туралы мәліметтер;
      29. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері (акциялары, пайлары);
      30. Заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiне, пайларына) тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығы;
      31. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуын растайтын шарт немесе шарт жобасы немесе өзге де құжат;
      32. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
      33. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тауарларды өндіру мен өткізу болжамы;
      34. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiнен меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы туралы шарт немесе шарт жобасы;
      35. Заңды тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына қатысуы туралы мәліметтер.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.