Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Қағида
Өкім
Қабылдау күні
08.11.2013
Өзгерту күні
27.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабын іске асыру мақсатында":

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.06.2019 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      1. Қоса берілген Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.

      А. Шәкіров

  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 22 өкімімен
бекітілген

Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы
жинақталған баяндаманы дайындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын (бұдан әрі - Баяндама) дайындау тәртібін реттейді.

      2. Баяндаманы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі аясында жүргізілген өзге де іс-шаралардың нәтижелері бойынша оған ұсынылған есептері негізінде дайындайды.

      Баяндаманың құрылымы осы Қағидаларға берілген қосымшада көрсетілген.

      3. Баяндамаға алдын ала болуға жататын мекемелерде ұсталатын тұлғаларға қатысты қарау жағдайларын жақсарту, азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар кіреді.

      4. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Үйлестіру кеңесі мүшелерінің арасынан Баяндаманы дайындауды үйлестіруге жауапты тұлғаны тағайындайды.

      5. Баяндаманы дайындауға жауапты тұлға Баяндаманы дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бекітуге ұсынады, онда Үйлестіру кеңесінің Баяндама бөліктерін дайындауға жауапты мүшелерін бекіту, сондай-ақ Баяндаманы және оның бөліктерін құру мерзімдері көрсетіледі.

      6. Баяндаманы дайындауға жауапты тұлға Үйлестіру кеңесінің мүшелерінен және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан Баяндаманы құру үшін қажетті ақпаратты сұратады.

      7. Үйлестіру кеңесінің мүшелері Баяндамаға ақпарат пен материалдарды қосу жөніндегі ұсыныстарды Үйлестіру кеңесінің қарауына енгізеді.

      8. Баяндаманы дайындау мерзімі Баяндаманы дайындау жоспарына сәйкес айқындалады.

      9. Баяндама Үйлестіру кеңесінің мүшелері ашық дауыс беру жолымен Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен бекітіледі.

      10. Бекітілген баяндама уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсына оның бекітілуі күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей орналастырылады.

      11. Баяндамаға өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі. Қаржылық есеп құжаттарының түпнұсқалары бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне жіберіледі.

  Алдын ала болу
қорытындылары бойынша
жыл сайынғы жинақталған
баяндаманы дайындау
қағидаларына қосымша

Жыл сайынғы жинақталған баяндаманың құрылымы

      1. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға сәйкес қызмет

      1.1. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттама.

      1.2. Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы.

      1.3. Консультативтік кеңестің, Ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің өкілеттіктері.

      1.4. Ұлттық алдын алу тетігін қаржыландыру.

      1.5. Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.

      1.6. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамасынаның талаптарына сәйкес қамауда ұстау орындарында алдын ала болу.

      2. Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      2.1. Жалпы ережелер

      2.2. Жағдайды бағалау

      2.3. Қорытындылар мен ұсынымдар

      3. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      3.1. Жалпы ережелер

      3.2. Жағдайды бағалау

      3.3. Қорытындылар мен ұсынымдар

      4. Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      4.1. Жалпы ережелер

      4.2. Жағдайды бағалау

      4.3. Қорытындылар мен ұсынымдар

      5. Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      5.1. Жалпы ережелер

      5.2. Жағдайды бағалау

      5.3. Қорытындылар мен ұсынымдар

      6. Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      6.1. Жалпы ережелер

      6.2. Жағдайды бағалау

      6.3. Қорытындылар мен ұсынымдар

      7. Қорытынды

      7.1. Қорытындылар

      7.2. Ұсынымдар

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.