Күшін жойған

Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
09.12.2013
Өзгерту күні
21.07.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 № 4-1/676 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлер саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 11-2/52 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы
4 ақпандағы № 27 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6791 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 3 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі           Премьер-Министрінің
                                          бірінші орынбасары –
                                          Қазақстан Республикасының
                                          Өңірлік даму министрі
      ___________ А. Мамытбеков           ___________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 21 қазандағы   
№ 5-3/512 және        
Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
бірінші Орынбасары –   
Өңірлік даму министрінің 
2013 жылғы 31 қазандағы 
№ 288/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген        

Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында
тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – биоотын өндірісін жүзеге асыру кезінде оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адам және жануарлар денсаулығына, қоршаған ортаға статистикалы растық шекараларда зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъектілер – биоотын өндірісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      3. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу объективті критерийлер – бастапқы бөлу кезінде және субъективті критерийлер негізінде – келесі бөлу кезінде жүзеге асырылады.
      4. Биоотын өндірісін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер бастапқы бөлу кезінде жоғарғы тәуекел дәрежесі тобына жатады.
      5. Тексерілетін субъектілерді кейінгі бөлуі мына баллдарды бере отырып, бар кемшіліктер есебімен жүзеге асырылады:
      елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталардың нормаларын арттыру – 10 балл;
      биоотын өндірісі кезінде 1 және 2 сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - 10 балл;
      биоотын өндірісі бойынша бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы – 10 балл;
      өндіріс паспортының болмауы - 10 балл;
      биоотын өндірісі көлемін есептеудің бақылау аспаптарының болмауы немесе ақаулығы – 10 балл;
      генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растаусыз және оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбей қайта өңдеуге қабылдау – 10 балл.
      6. Өткізілген тексерістер қорытындылары бойынша жиналған баллдарға байланысты тексерілетін субъектілер тәуекелдер дәрежелері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
      50-тан 60 баллға дейін – жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады;
      30-дан 40 баллға дейін – орташа тәуекел дәрежесіне жатады;
      10-нан 20 баллға дейін – аз ғана тәуекел дәрежесіне жатады.
      Факторлар тең болғандықтан, баллдарды есептеу үшін ашық 10 – балдық шкала қолданылады.
      7. Тәуекелдің бір деңгейіндегі тексерілетін субъектілерге тексеру жүргізуді жоспарлаудың басымдылығын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады:
      өндірістік қуаты ең көп көлемді субъектілер;
      алдыңғы тексеріс процесінде бұзушылықтар айқындалған субъектілер.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.