Күшін жойған

"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
20.12.2013
Өзгерту күні
31.12.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен құрылды)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.12.2014 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8187 санымен тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтардағы № 34-38 (27977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағы 9) және  9-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 15), 19) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау бойынша мемлекеттік органның қызметін тексеру парағынның нысанында:
      реттік нөмірі 19 қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларымен қарастырылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу тәртібінің сақталуы



                                                                   »;

      реттік нөмірі 23 қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      «

23

Мемлекеттік қызметшілерімен Заңның 20-1 бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері) талаптарын сақтауы



                                                                   »;

      реттік нөмірі 24 қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      «

24

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8380 санымен тіркелген) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларымен қарастырылған мемлекеттік органдарда байқау комиссияның қалыптастырудың және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу тәртібі және шарттардың сақталуы



                                                                   »;

      реттік нөмірі 27 қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      «

27

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 санымен тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарымен қарастырылған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының А, В, С, Б, Е санаттары топтарының біліктілік талаптарына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалған адамдардың сәйкестігі



                                                                   »;

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                         С. Ахметжанов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.