Күшін жойған

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Сипаттама
Қабылдау күні
24.12.2013
Өзгерту күні
29.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 191 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз хатшысы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, лауазымының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 маусымдағы № 06-2-2/4121 бұйрығы жойылсың.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігінің төрағасы                       Т. Есентаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      29 қарашадағы 2013 ж.

Қазақстан Республикасы    
Спорт және дене шынықтыру   
істері агенттігі төрағасының
2013 жылғы 26 қарашадағы   
№ 434 бұйрығымен бекітілді 

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Басшылар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1. Ұйымның басшысы

      1. Лауазымдық міндеттері. Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
      2. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды.
      3. Басқа ұйымдармен немесе өзге де заңды тұлғалармен келісімшарт жасасады, келіссөздер, операциялар жүргізеді, өкімдер, бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның мүддесін білдіреді.
      4. Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді.
      5. Педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды.
      6. Ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді.
      7. Барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды.
      8. Жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
      9. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар, банктерді қоса алғанда, алдындағы міндеттемелерінің сапалы орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім шарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді.
      10. Басқа лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестаттудан өткізеді, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
      11. Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды.
      12. Ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздіктерінің сақталуына жауап береді.
      13. Тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның қаржы-шаруашылық, оқу-жаттығу және басқа қызметтерінің есебін ұсынады.
      14. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджетСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; педагогика, психология, физиология негіздері; дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      15. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.04.2015 № 124 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Басшының орынбасары
(негізгі қызметі бойынша)

      16. Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының басшылығымен және басқа құрылымдар мен қызметтің басшыларымен өзара әрекет ете отырып, өз міндеттерін орындайды.
      17. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді.
      18. Спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді үйлестіреді.
      19. Спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады.
      20. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      21. Дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
      22. Спортшыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникаларын сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      23. Оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      24. Спортшылардың оқу-жаттығу процесін орындауын, оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді; спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді; спортшыларды дайындаудың перспективалық, ағымдағы және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді.
      25. Спорт түрлері бойынша ұйым спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді.
      26. Құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді.
      27. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджетСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; есеп және қаржы талдамасының, менеджмент және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері; ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру тәртібі; салалық келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және жасау және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу тәртібі; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; педагогика, психология, физиология негіздері, дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      28. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

3. Басшының орынбасары
(қаржы және ұйымдастыру қызметі бойынша)

      29. Лауазымдық міндеттері.Өзіне жүктелген өкілеттік шегінде қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметтері мәселелерін шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.
      30. Ұйымның белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді.
      31. Бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      32. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджетСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; есеп және қаржы талдамасының, менеджмент және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері; ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру тәртібі; салалық келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және жасау және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу тәртібі.
      33. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

4. Мемлекеттік жаттықтырушы

      34. Лауазымдық міндеттері. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын айқындайды.
      35. Спорт түрі (түрлері) бойынша федерациялармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, Қазақстан Республикасының өңірлерінде спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      36. Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың, Республика құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың, мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      37.Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады.
      38. Республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарын, спорт түрі (түрлері) бойынша бірыңғай спорттық сыныптаманы әзірлейді.
      39. Қазақстан Республикасында спорт түрі (түрлері) бойынша жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды.
      40. Қазақстан Республикасының штаттық және ұлттық құрама командасының құрамына үміткерлерді алу үшін ұсыныстар енгізеді.
      41. Олимпиадаға спортшыларды даярлаудың кешенді нысаналы бағдарламасын әзірлеуге қатысады, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      42. Спорт түрі (түрлері) бойынша республиканың ұлттық құрама командасы спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа технологияларды қолдану есебінен жоғары нәтижелер көрсетуді қамтамасыз етеді.
      43. Спортшылардың өнер көрсету қорытындыларының негізінде дайындық жоспарын түзету бойынша ұсыныстар енгізеді және спорт түрі (түрлері) бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы жаттықтырушылар құрамының жұмысына талдау жасайды.
      44. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және отандық және шетелдік тәжірибелер; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының және нормаларының негіздері.
      45. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

5. Құрама команданың бас жаттықтырушысы

      46. Лауазымдық міндеттері.Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданы (бұдан әрі – құрама команда) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының және спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда үшін резерв даярлауды жүзеге асыратын жастар (және жасөспірімдер) командасының барлық бас жаттықтырушыларының жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына басшылық етеді.
      47. Жас ерекшеліктеріне сәйкес құрама командалардағы ауыспалылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
      48. Құрама команданың даярлығын жүзеге асырады және олардың жарыстарға қатысуын ұйымдастырады.
      49. Спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде құрама команда дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
      50. Перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады.
      51. Құрама команданың мүшелері дайындығының перспективалы, ағымдық және жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады, тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді.
      52. Құрама команданың жаттықтырушылар үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын әзірлейді және айқындайды.
      53. Құрама команданың спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың жұмысын қамтамасыз етеді.
      54. Құрама команданың және жеке спортшылардың бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, өнер көрсету қорытындыларын талдайды, ұсынылған деректерді ескере отырып, бұдан әрі дайындықтарына түзетулер енгізеді.
      55. Спортшыларды даярлауға қатысатын спорттық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      56. Жарыстарда құрама командаға мүше спортшылардың өнер көрсету нәтижелері туралы есепті тікелей басшылыққа, мемлекеттік жаттықтырушыға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      57. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы;  Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және отандық және шетелдік тәжірибелер; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының және нормаларының негіздері.
      58. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

6. Жастар (жасөспірімдер) құрама командасының аға
жаттықтырушысы

      59. Лауазымдық міндеттері. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жастар (жасөспірімдер) құрама командаларын (бұдан әрі – құрама командалар) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды.
      60. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаға резерв даярлауды, жастар (жасөспірімдер) құрама командасының жаттығу процесін жүзеге асырады және олардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады.
      61. Даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижеге қол жеткізу үшін құрама командалардың мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
      62. Перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады.
      63. Спортшыларды даярлаудың перспективалы жоспарын әзірлейді және жұмылдырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді, спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына даярлығы бойынша жұмыстарды және олардың жарыстарда өнер көрсетулерін ұйымдастырады.
      64. Спортшылармен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
      65. Құрама команда мүшелерінің перспективалық, ағымдық және жеке даярлық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жүргізеді.
      66. Құрама команданың жаттықтырушылары үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын айқындайды.
      67. Құрама командалар спортшыларын даярлау жөніндегі жаттықтырушының жұмысын қамтамасыз етеді.
      68. Бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, құрама командалардың және жекелеген спортшылардың қатысу нәтижелерін талдайды және алынған деректерді ескере отырып, олардың кейінгі дайындығына түзетулер енгізеді және спортшылардың жоспарланған нәтижелерін орындауына жауапты болып табылады.
      69. Спортшыларды даярлауға қатысатын спорт ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді.
      70. Құрама командаға мүше спортшының жарыстарға қатысу нәтижелері туралы тікелей басшысына, мемлекеттік жаттықтырушыға және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға есеп ұсынады.
      71. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек«Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы, спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар бекіткен халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелер және регламенттері; дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және спортты дамыту мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының және нормаларының негіздері.
      72. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

7. Құрама команданың бастығы

      73. Лауазымдық міндеттері.Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы (бұдан әрі-құрама команда) үшін спорттық іс-шараларды өткізу орындарын дайындауды, өткізуді ұйымдастыруды, спорттық киімдермен, керек-жарақтармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, тамақтануын, тұратын жерін, медициналық қызметін, тіркелуін, жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуді, қауіпсіздік шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      74. Спорттық киімдерді, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтарды алуға өтінім әзірлейді, шығыстарды жоспарлайды және осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді.
      75. Құрама команданы жарыстарға дайындаудың перспективалы және ағымдық жоспарларын әзірлеу, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      76. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процестерінің мазмұны; медико-биологиялық және қалпына келтіру құралдарының негіздері; қаржылық-шаруашылық қызметтің негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының негіздері.
      77. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2-тарау.Мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1. Аға жаттықтырушы

      78. Лауазымдық міндеттері. Спортшылардың оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спортшылардың жеке дайындық жоспарын жасайды.
      79. Спортшылардың физикалық, теориялық, моральдық – ерік, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемелері көлемін, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын орындауын, оқу-жаттығу процесі және спорттық іс-шаралар кезінде спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      80. Тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жүргізеді.
      81. Өндірістік-есепке алу және есептік құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімше басшысына, құрама команданың аға жаттықтырушысына тапсыруды жүзеге асырады.
      82. Атқарылған жұмысқа белгіленген тәртіпте есеп жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды.
      83. Спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды.
      84. Спортшылардың жалпы және арнаулы дене тәрбиесі даярлығы бойынша бақылау нормативтерін жүргізеді.
      85.Спортшылардың тыйым салынған дәрілерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдануын болдырмайды.
      86. Спортшылардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді, спорттық жетілдіру үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады.
      87. Даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылардың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
      88. Бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, спортшылардың өнер көрсету нәтижелерін талдайды және алынған мәліметтерді ескере отырып, оларды одан әрі даярлауға түзетулер енгізеді.
      89. Спортшыларды даярлауға қатысатын басқа спорт ұйымдарымен бірлесіп әрекет етеді.
      90. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; қазіргі заманғы спорт ғылымның жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдісі; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың спорт түрлері бойынша әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерінің мазмұны; еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары және өндірістік санитарлық нормалар.
      91. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2. Спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы

      92. Лауазымдық міндеттері. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жұмысын қамтамасыз етуге басшылық жасайды және жүзеге асырады.
      93. Оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
      94. Спортшылардың теориялық, физикалық, моральдық, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемесін орындауын, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын қамтамасыз етеді.
      95. Оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      96. Тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.
      97. Есепке алу және есептілік құжаттаманы сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      98. Белгіленген тәртіпте атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды, спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды.
      99. Спортшылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін қабылдайды.
      100. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қабылдау жағдайларын болдырмайды.
      101. Спортшылардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады, спорттық жетілдіру үшін спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады.
      102. Бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, бөлімше спортшыларының өнер көрсету қорытындыларын талдайды, алынған мәліметтерді есепке ала отырып, спортшылардың дайындығына түзетулер енгізеді.
      103. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесін өткізеді.
      104. Жүйелі түрде біліктілігін арттырады, әдістемелік оқуларға, конференцияларға, семинарларға қатысады.
      105. Белгіленген тәртіпте спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларды көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді.
      106. Спортшыларды даярлауға қатысатын ұйымдармен өзара бірлесіп әрекет етеді.
      107. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары; қазіргі заманғы спорт ғылымның жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдісі; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың спорт түрлері бойынша әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерінің мазмұны; еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары және өндірістік санитарлық нормалар.
      108. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

3. Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы

      109. Лауазымдық міндеттері.Дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарын әзірлейді, қатысушы-спортшылармен бірге өз жұмысының нәтижелері мен мазмұнына жүйелі түрде есеп жүргізеді, талдайды, жинақтайды
      110. Бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды).
      111. Өз жұмысында спорттық даярлықтың және оқушыларды сауықтырудың аса тиімді әдістерін пайдаланады.
      112. Оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді.
      113. Спорттық жетілдіру үшін аса перспективалы оқушыларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
      114. Олармен тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді.
      115. Оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      116. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды.
      117. Оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсынымдарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды.
      118. Оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді.
      119. Есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      120. Жаттықтыырушылар мен нұсқаушылардың семинраларына қатысады.
      121. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары және санитарлық-гигиеналық нормалар.
      122. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

4. Спорт жаттықтырушысы

      123. Лауазымдық міндеттері.Одан әрі спорттық жетілдіру үшін аса перспективалы оқушы-спортшыларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
      124. Тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді.
      125. Дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарларын әзірлейді, оқушылармен атқарған жұмысының нәтижелері мен мазмұнын жүйелі есепке алады, талдайды, жинақтайды.
      126. Бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды).
      127. Өз жұмысында спорттық даярлықтың және оқушыларды сауықтырудың аса тиімді әдістерін пайдаланады.
      128. Оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді.
      129. Оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      130. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды.
      131. Оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсындарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды.
      132. Оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді.
      133. Есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      134. Жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың семинарларына қатысады.
      135. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      136. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

5. Спорт және дене шынықтыру әдіскері

      137. Лауазымдық міндеттері.Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады.Жаттықтырушылар құрамы жұмысының бағытын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді және оқу топтарын сапалы жасақтауды қамтамасыз етеді.
      138. Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестердің нәтижелерін үйлестіреді.
      139. Дайындық оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын, оқытушы-жаттықтырушылар жұмысының сапасын қадағалайды.
      140. Өндірістік-есепке алу және есептілік құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізіп, басшылыққа, ұйымның құрылымдық бөлімше басшыларына тапсыруды қамтамасыз етеді.
      141. Белгіленген тәртіпте атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды.
      142. Оқытушы-жатытықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды, спорт түрлері бойынша бөлімшелерде семинарлар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады.
      143. Қызметкерлердің денсаулығын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдарда бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді
      144. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттіксалық«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      145. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

6. Дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы

      146. Лауазымдық міндеттері. Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады.
      147. Спорттық және сауықтыру бағытындағы секцияға (топқа) дене шынықтыру және спортпен айналысуға ниетті және медициналық тұрғыдан жарамды адамдарды жинауды жүзеге асырады, олармен оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.
      148. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы, салауатты өмір салты мәселелері бойынша кеңес береді.
      149. Спорттық іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіреді.
      150. Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
      151. Спорттық қызығушылық клубтары, дене шынықтыру-сауықтыру секциялары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      152. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстардың есебін жүргізеді және талдайды.
      153. Салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамдарға медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
      154. Озық жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді.
      155. Еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды, аурудың алдын алу үшін дене шынықтырудың өзге де түрлі әдістерін, нысандарын пайдалану жөніндегі ұсынымдарды, әдістемелік материалдарды әзірлейді.
      156. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге ықпал ететін жаттығулар кешенін әзірлейді.
      157. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың теориялық негіздері, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелері; педагогика, психология, физиология негіздері; спорт түрлері бойынша дайындықтың әртүрлі кезеңіндегі спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процестерінің мазмұны; өрт қауіпсіздігі техникасының қағидалары, санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау қағидалары.
      158. Біліктілік талаптары. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

7. Нұсқаушы-спортшы

      159. Лауазымдық міндеттері. Дайындықтың жеке жоспарын, оқу-жаттығу және жарыс тапсырмаларының жүктемесін орындайды.
      160. Спорттық нәтижелерді арттыруды қамтамасыз ететін дайындықтың жалпы дене тәрбиелік және арнайы деңгейлерін қамтамасыз етеді.
      161. Жеке дайындық жоспарында қарастырылған тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп жүргізеді.
      162. Жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп, оқу-жаттығу процесін жоспарлауға қатысады.
      163. Спорттық республикалық және халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем және Азия чемпионаттарына, әлем, Азия және Еуропа кубоктарына, Олимпиада және Азия ойындарына қатысады.
      164. Оқу-жаттығу сабақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормаларды, спорттық жарыстардың қағидаларын сақтайды.
      165. Халықаралық Олимпиада комитетінің хартиясына сәйкес спорттық этиканың нормаларын сақтайды, спортта тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолданбайды.
      166. Жас спортшыларға практикалық көмек көрсетеді.
      167. Ұйымдарда өткізілетін сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      168. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджеттікСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелер; дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері, қазіргі заманғы спорт ғылымының жетістіктері, спорт түрлері дамуының теориясы мен әдістемесі; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі техникасының қағидалары мен нормалары және санитарлық-гигиеналық нормалар.
      169. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

3-тарау. Допингке қарсы ұйымдар лауазамдарының
біліктілік сипаттамалары

1. Допингке қарсы лабораторияның (ұйымның) басшысы

      170. Лауазымдық міндеттері. Лабораториялық топтардың тиімді жұмысын ұйымдастырады, лабораторияның қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды.
      171. Допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға қатысу үшін методологиялық тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді.
      172. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (ДДҚА), допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      173. Қызметкердің тиісті тренингтен өтуін және аккредиттелген ДДҚА лабораториясы үшін халықаралық стандарттар деңгейінде өз міндеттерін орындау үшін қажетті дағдыларға ие болуын қамтамасыз етеді.
      174. Лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады.
      175. Сапалық жүйені енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмысты және әдістемелік басшылықты үйлестіруді жүзеге асырады.
      176. Сынақтарды жүргізу кезінде мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
      177. Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз етеді.
      178. Лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды.
      179. Біліктілігін арттыру мақсатында лаборатория қызметкерлерін техникалық оқытуды ұйымдастырады.
      180. Тестілеуді жүзеге асыру және оның статистикасы бойынша тоқсан сайын ақпарат ұсынады.
      181. Тиісті органдарға (жауапты билікке, ДДҚА, халықаралық федерациялар) ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексінің және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарының талаптары бойынша талдамалардың теріс нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
      182. Білуі тиіс.ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдар, экономика және кәсіпкерлік қызметтің негізі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы сынақ лабораториясының тәжірибесі.
      183. Біліктілікке қойылатын талаптар.жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру мамандығы бойынша, ғылыми дәрежесі және/немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы оның баламасы немесе бір немесе одан көп жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми дәрежесімен салыстырмалы түрдегі дайындығы, допинг ретінде қолданылатын субстанциялар бойынша биологиялық материалдарды талдау саласында тәжірибесі бір жылдан кем емес, допинг-бақылау құқықтық аспектісіндегі дайындығы мен тәжірибесі бір жылдан кем емес. Шет тілін білуі қажет (ағылшын немесе француз).

2. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары
(негізгі қызмет бойынша)

      184. Лауазымдық міндеттері. Лабораторияның барлық зерттеу топтарының тиімді жұмысын ұйымдастырады, лаборатория жүргізетін өлшемдер мен сынақ талдауларының нәтижелерін үйлестіріп, дұрыстығын тексереді.
      185. Сынақ жабдығы мен өлшеу құралдарының жағдайын, дәлдік дәрежесінің нормативтік құжаттамада белгіленген сынау әдістерінің талаптарына сәйкестігін, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қадағалайды.
      186. Ішкі және сыртқы аудиттің жүргізілуін ұйымдастырады.
      187. Допингке қарсы бақылау жүргізу және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастыру үшін методологиялық тәсілдердің әзірленуіне қатысады.
      188. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (ДДҚА), допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      189. Лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады.
      190. Лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды.
      191. Сапа жүйесінің элементтеріне тексеріс жүргізеді.
      192. Нормативтік құжаттарды өзектендіреді.
      193. Нормативтік құжаттама қорының жинақталуын жүзеге асырады және лаборатоияны қажетті нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етеді.
      194. Лабораторияның қызметіне жаңа нормативтік құжаттаманы енгізуді ұйымдастырады.
      195. Сынақ нәтижелерін лабораториялық салыстыруға қатысады.
      196. Лабораториядағы құралдар мен жабдықтарға уақтылы инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      197. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар және мемлекетаралық нормативтік құжаттар. Лабораторияның қызметіне қатысты басшылық ететін, нормативтік және ақпараттық материалдар; экономика негіздері; ғылыми еңбек ұйымдары және өндірістік ұйымдар; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы лабораториялардың тәжірибесі.
      198. Біліктілікке қойылатын талаптар. мамандығы бойынша жоғары (және/немесе) білімі, кәсіби дайындық, тыйым салынған заттар мен әдістерді анықтау бойынша талдау жасауда біліктілігі мен тәжірибесі кемінде бір жыл, сертификаты бар ғалым ретінде жұмыс істеу мүмкіндігінің болуы;
      ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның медициналық технология, химия, биология немесе соған жақын жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, жұмыс тәжірибесі 8 жыл;
      допинг ретінде қолданылатын субстанцияларды қоса алғанда биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл;
      аналитикалық технологиялармен жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл (хроматография, иммуноферменттік талдау, газды хроматография/ масса-спектрометрия).

3. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары
(ұйымдастыру жұмыстары бойынша)

      199. Лауазымдық міндеттері. Материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша лабораторияның жұмысын қамтамасыз етеді: химиялық реактивтермен, лабораториялық шыны ыдыспен, этил спиртімен, тану материалымен және олардың іске асырылуын бақылау (жылдық және ағымдағы өтінімдер жасау, мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу).
      200. Лабораториядағы химиялық реактивтердің, прекурсорлар мен улы химиялық заттардың сақталу шарттарын және сақтау қағидаларын қамтамасыз етеді.
      201. Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін лабораторияның бюджетін жоспарлауға және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісімшарттарды жасауға қатысады.
      202. Еңбекте қауіпсіз жағдайларды жасайды.
      203. Лабораторияны құрал-жабдықтармен және лабораторияның аспаптары мен жабдықтарын жөндеуді және инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      204. Лаборатория қызметкерлерінің техникалық білім алуын ұйымдастырады.
      205. Қажетті есептілік-есептік құжаттаманы жүргізеді.
      206. Ішкі тәртіп қағидаларын және қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды.
      207. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар және мемлекетаралық нормативтік құжаттар. Лабораторияның қызметіне қатысты басшылық ететін, нормативтік және ақпараттық материалдар; экономика негіздері; ғылыми еңбек ұйымдары және өндірістік ұйымдар; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы лабораториялардың тәжірибесі.
      208. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе) мамандығы бойынша білімі және/немесе нормативтік құжаттаманы білу сертификатының болуы және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл.

4. Допингке қарсы лабораторияның жетекші ғылыми қызметкері

      209. Лауазымдық міндеттері. ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексіне, ДДҚА халықаралық стандарттары мен техникалық құжаттарына сәйкес химиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізеді.
      210. Сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, нәтижелердің объективті және дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
      211. Қажетті лабораториялық құжаттамаларды жүргізу, аспаптарға техникалық қызмет көрсету және допингке қарсы бақылау әдістері мен процедураларын стандарттау және валидациялау іс-шараларын өткізеді.
      212. Допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне қатысу, допингке қарсы бақылау мәселелері бойынша кеңес береді, әдістемелік көмек көрсетеді.
      213. Тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы препараттар мен әдістер туралы деректер қорын қалыптастыру жұмысына қатысу.
      214. Лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді:
      талдау жүргізудің белгіленген мерзімін сақтай отырып, сынақтар жүргізуге, ДДҚА халықаралық стандарттарының ережелері бойынша хаттамалар береді;
      талдау нәтижелерінің дұрыс болуын, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етеді;
      лабораториялық хаттамамен қоса берілетін дәлме-дәл сәйкестендірілген үлгілерге сынақ жүргізеді;
      лабораторияның техникалық құзыретін тексеру немесе растау үшін бақылау сынақтарын жүргізеді;
      ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады;
      реактивтер мен стандарттардың сапасына лабораториялық ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      ішкі еңбек тәртібі қағидалары және қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауға міндетті.
      215. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін, лабораторияларға арналған халықаралық стандарттарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; шетелдік допингке қарсы жетекші сынақ лабораториялардың тәжірибесі.
      216. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейін), кәсіби дайындық, үлгілердегі тыйым салынған заттар мен тыйым салынған әдістерді анықтау бойынша талдаулар жүргізудегі біліктілік пен тәжірибе, сертификатталған ғалым ретінде жұмыс істей алу мүмкіндігі.
      Допингке қарсы лабораторияның мамандары жұмысқа алғашқы мамандандырудан кейін және жыл сайынғы кәсіптік сынақтан өткеннен кейін жіберіледі: бакалавр дәрежесі не болмаса медициналық технологиялар, химия, биология немесе ұқсас жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, құжат жүзінде расталатын 8 және одан көп жылдық жұмыс тәжірибесі бұл позиция үшін бакалавр дәрежесімен теңестіріледі;допинг ретінде пайдаланылатын субстанцияларды қоса алғанда, биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы тәжірибесі;хроматография, иммунферменттік талдау, газды хроматография/масса-спектрометрия сияқты аналитикалық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі.

5. Допингке қарсы лабораторияның ғылыми қызметкер

      217. Лауазымдық міндеттері.Химиялық және иммунологиялық зерттеулерді жүзеге асырады.
      218. Допингке қарсы бақылау әдістері мен рәсімдерін стандарттау және валидациялау шараларын жүргізу.
      219. Допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне, тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы препараттар мен әдістер туралы деректер қорын әзірлеуге қатысады.
      220. Лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді:
      221. Лабораториялық хаттамамен қоса берілетін және талдама алудың белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, айқын теңестірілген үлгілерді сынақтан өткізеді.
      222. Талдама нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және нақтылығын қамтамасыз етеді.лабораторияның техникалық құзыретін тексеру немесе растау үшін бақылау сынақтарын жүргізеді.
      223. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйым өткізетін біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады.
      224. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын сақтайды.
      225. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары, шетелдік допингке қарсы жетекші сынақ лабораторияларының тәжірибесі.
      226. Біліктілігіне қойылатын талаптар. Жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейін), кәсіби дайындық, үлгілердегі тыйым салынған заттар мен тыйым салынған әдістерді анықтау бойынша талдаулар жүргізудегі біліктілік пен тәжірибе кем дегенде 1 жыл:
      допингке қарсы лабораторияның мамандары жұмысқа алғашқы мамандандырудан кейін және жыл сайынғы кәсіптік сынақтан өткеннен кейін жіберіледі:
      бакалавр дәрежесі не болмаса медициналық технологиялар, химия, биология немесе ұқсас жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, құжат жүзінде расталатын 5 және одан көп жылдық жұмыс тәжірибесі бұл позиция үшін бакалавр дәрежесімен теңестіріледі;
      допинг ретінде пайдаланылатын субстанцияларды қоса алғанда, биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы тәжірибесі кем дегенде бір жыл;
      хроматография, иммунферменттік талдау, газды хроматография/масса-спектрометрия сияқты аналитикалық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі кем дегенде бір жыл.

6. Лаборант

      227. Лауазымдық міндеттері.Зерттеу әдістеріне және актілер мен құжаттамалардың нормативтеріне сәйкес сынамаларды дайындайды.
      228. Рективтердің дұрыс сақталуын және олардың уақтылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
      229. Үлгілерді дайындау сынамаларының жаңа әдістерін игереді (лаборатория мамандарының басшылығымен), біліктілігін арттырады.
      230. Келіп түскен сынамаларды тіркеу журналына тіркейді.
      231. Жұмыс істеу үшін құралдарды, ыдыстарды және рективтерді дайындайды.
      232. Еңбек қауіпсіздігі мен материалдық құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      233. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын сақтайды.
      234. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары.
      235. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Техникалық және кәсіби, орта білім (орта-мамандандырылған), жұмыс өтілі талап етілмейді.

7. Ұлттық допингке қарсы орталықтың (ұйымының) жетекшісі

      236. Лауазымдық міндеттері.Допингке қарсы ұлттық орталықтың (бұдан әрі – Орталық) барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады.
      237. Орталық қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды.
      238. Орталыққа жүктелген қызметтер мен мақсаттардың мамандармен уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
      239. Орталық қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауда мамандардың міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды.
      240. Допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге, білім беру бағдарламаларын, өткізуге және ғылыми-практикалық конференцияларға, допингке қарсы сұрақтар бойынша семинарларға қатысады.
      241. Тәртіптік, Төрелік комиссия, Терапиялық мақсаттарда қолдану комиссияларының жұмысын үйлестіреді. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ДДҚА), допингке қарсы сала ғалымдарының дүниежүзілік қауымдастығымен, Допингке қарсы ұлттық орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа да допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады.
      242. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      243. Допинг-бақылау өткізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      244. Орталық қызметкерлерінің оқуын, даярлануын және қайта даярлануын үнемі ұйымдастырып отырады.
      245. Қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін Допингке қарсы ұлттық ұйымдары үшін белгіленген ДДҚА халықаралық стандарттары деңгейінде орындауына жауапты болады.
      246. Допингке қарсы бағдарламасын өткізу мәселелері жөнінде спорт түрлері бойынша ұлттық, халықаралық федерацияларымен жұмыстың үйлесуін қамтамасыз етеді.
      247. Сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады.
      248. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді.
      249. Допинг-бақылау сынамаларының жағымсыз нәтижелері туралы спортшыларға жолданатын ескертпелерге қол қояды.
      250. Тиісті органдарға (Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік, ДДҚА, халықаралық федерациялар) жағымсыз нәтижелер туралы ақпараттарды ұсынып, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексіне және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарына сәйкес, спортшылар мен қосалқы персоналдың жарысқа қатысу құқығынан айыруға дейін қабылданған шешімдер мен қолданылған ықпалшалары туралы хабарлайды.
      251. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      252. Орталық қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін тиісті түрде орындауын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қауіпсіздікті орындалуын қамтамасыз етеді.
      253. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      254. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық);
      Шет тілдер білімі (ағылшын немесе француз тілдері);
      Допинг-бақылау аспектілерінде құқықтық даярлығы немесе тәжірибесі;
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 8 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.

8. Ұлттық допингке қарсы орталық (ұйым)
жетекшісінің орынбасары
(негізгі қызмет бойынша)

      255. Лауазымдық міндеттері.Орталықтың басшысы болмаған кезде Допингке қарсы ұлттық орталықтың басшысы болмаған кезде немесе оның тапсырмасы бойынша Допингке қарсы ұлттық орталықтың (бұдан әрі – Орталық) барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады.
      256. Допинг-бақылау инспекторларының жұмысын үйлестіреді, барлық допинг-хаттамалардың толтырылуын, сынамалар бойынша мәліметтердің тіркелуін бақылайды.
      257. Уәкілетті органның сала бойынша Орталыққа жолданған ақпараттардың тіркелуін үйлестіреді, тиісті есепке алу - есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.
      258. Сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады.
      259. Өнім берушілер мен басқа да сервистік ұйымдармен Орталықты қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді.
      260. Нормативтік құжаттардың жинақталуын жүзеге асырып, Орталықты қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.
      261. ДДҚА Стандарттары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылауға сынамалар алуға арналған жабдықтардың күйі мен санына бақылауды жүзеге асырады.
      262. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізуге қатысады.
      263. Тәртіптік, Төрелік және Терапиялық мақсатта қолдану комиссияларымен жұмысты үйлестіреді.
      264. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ДДҚА), допинг-бақылау аясындағы дүниежүзілік ғалымдардың ассоциациясымен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа да допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      265. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      266. Допинг-бақылау жүргізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      267. Допингке қарсы бағдарламасын өткізу мәселелері жөнінде спорт түрлері бойынша ұлттық, халықаралық федерацияларымен жұмыстың үйлесуін қамтамасыз етеді.
      268. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді.
      269. Тиісті органдарға (Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік, ДДҚА, халықаралық федерациялар) жағымсыз нәтижелер туралы ақпараттарды ұсынып, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексіне және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарына сәйкес, спортшылар мен қосалқы персоналдың жарысқа қатысу құқығынан айыруға дейін қабылданған шешімдер мен қолданылған ықпалшалары туралы хабарлайды.
      270. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғау және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      271. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      272. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық);
      Шет тілдер білімі (ағылшын немесе француз тілдері);
      Допинг-бақылау аспектілерінде құқықтық даярлығы немесе тәжірибесі;
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 8 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.

9. Жетекші ғылыми қызметкер

      273. Лауазымдық міндеттері.ДДҚА допингке қарсы кодексіне, халықаралық стандарттарына және ДДҚА техникалық құжаттарына сәйкес, ғылыми-зерттеу талдауларды жүзеге асырады.
      274. Допингке қарсы бағдарламасын іске асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысады.
      275. Допингке қарсы бақылау сұрақтары бойынша кеңес берушілік-әдістемелік көмек көрсетеді.
      276. Тыйым салынған субстанциялар және тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін, қолдағы бар препараттар мен әдістер туралы мәліметтер банкін қалыптастыруға қатысады.
      277. Допинг-бақылау және допингке қарсы білім бойынша әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық парақшалар, буклеттерді әзірлейді.
      278. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      279. Зерттеулер мен допинг-бақылау бағдарламаларын өткізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      280. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғау және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      281. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      282. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық).
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 5 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.

10. Допинг-бақылауинспекторы

      283. Лауазымдық міндеттері.ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес, биологиялық сынамаларды (қан, несеп) алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
      284. Сынамаларды алу орнын тексеруді іске асырады, ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін спорт жарыстары кезінде допинг-бақылау станциясын (ДБС) дайындайды.
      285. ДДҚА техникалық құжаттамалары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылау станцияларында жұмыстарды орындау үшін ілесушілердің даярлығын қамтамасыз етеді. Ілесушілерді нұсқауландырады және жұмысын реттейді.
      286. ДДҚА техникалық ережелері мен хаттамаларында белгіленген талаптарға сәйкес, допинг-бақылауға тестілеудің есеп беру- есепке алу нысандарын толтырып, ДДҚА сайтында мәліметтерді тіркейді.
      287. Спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер және т.б.) арналған білім беру бағдарламаларын: семинарлар, тренингтер, дискуссиялық клубтарын өткізеді.
      289. Сынамаларды беру тізбегінен өту қауіпсіздігін сақтауды және спортшының допинг-бақылаудан өтуі туралы ақпараттың қамтамасыз етеді.
      290. Этика және деонтология ережелерін сақтайды.
      291. Өзінің кәсіби қызметі бойынша ұйым басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін және тапсырмаларын, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білікті және уақытылы орындайды.
      292. Биосынамаларды алу процедураларын өткізген кезде орын алған, барлық алдын ала болжай алмайтын оқиғалар мен жағдайлар туралы Орталық басшылығына, Халықаралық немесе Ұлттық спорт федерациясына және/немесе жарыстың ұйымдастыру комитетіне уақытылы хабарлайды.
      293. Жиналған биосынамаларды ДДҚА аккредитациялаған допингке қарсы зертханасына жеткізеді.
      294. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады (екі жылда бір рет допинг-бақылау инспекторларын оқыту курстарында қайта даярланудан өтеді).
      295. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғау және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      296. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдар, Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      297. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Техникалық және кәсіби білімі, қан бойынша допинг-бақылау инспекторы үшін орта білімнен кейінгі білімі (медициналық, биологиялық); еңбек өтіліне талап қойылмайды.

4-тарау. Спорттық медицинадағы басшының лауазымдық мінездемесі 1. Ұйымның басшысы

      298. Қызметтік міндеті. Ұйымның өндіріс шаруашылық және қаржы экономикалық жұмысын басшылыққа алады, ұйымның мүліктерін қолдану.
      299. Спорт және дене шынықтыру мәдениетін дер кезінде және сапалы дәрігерлік және дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
      300. Құрылысты бөлімшелердің нәтижелі жұмыстарын қадағалау барлық құрылысты бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастырады, олардың жұмыстарын спорттық медицинаға дамуына бағыттайды.
      301. Спорттық дәрігерлердің, профильді мамандардың, сылаушылардың және орта медициналық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеруін қамтамасыз етеді, шетелдік тәжірибесі зерттеу деңгейін жоғарлату.
      302. Ең жаңа техникалар мен технологиялардың түрлерінің көмегімен өндіріс-шаруашылық қызметін және еңбек ұйымдарды, заттық, қаржылық және еңбек шығындарын ғылыми негізінде пайдалану.
      303. Мемлекеттік бюджет, зейнетақы және сақтандыру қорлардың, тапсырысты орындаушылардың, тапсырыс берушілердің және несиегерлердің, сондай – ақ, банк мекемелердің алдында ұйымның қызметін сапалы орындау, сонымен қатар, шаруашылық және еңбек шарттарына отыру және орындау міндеттерімен қамтамасыз ету.
      304. Оның міндетіне жүктелген қаржылық, экономикалық, өндіріс- шаруашылық сұрақтарын шешеді, басқа да қызметкерлерге – орынбасарларға, құрылысты бөлімшелердің меңгерушілеріне берілген жұмыстарды орындауға тапсырады; қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, қолдау сұрақтарын шешуге жауапкершілікке алады.
      305. Өзіне берілген міндеті бойынша бұйрықтар шығарады;
      306. Ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметіне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді.
      307. Ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметкерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді; еңбек жағдайын қолайлы және қауіпсіз шарттарын жасау, құрылысты бөлімдерде еңбек тәртібінің жағдайын қамсыздандырады.
      308. Білу керек.Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджет кодексін, денсаулық сақтау жүйесіндегі және халық денсаулығы туралы Кодексін, Қазақстан Республикасының салық және басқа да міндетті төлемдер туралы кодексін (Салық кодексін)«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін; Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасында тіл туралы»,, «Жемқорлықпен күрес туралы»«Мемлекеттік сатып-алымдар туралы», «Спортта допингпен күрес туралы Халықаралық Конвенция бекіту туралы» заңдарын, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативті құқылы актілерді, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша бағдарламалық және кезеңдік құжаттарды, Халықаралық спорттық жарыстарды өткізгендегі жағдайларды, ережелер мен уақыт тәртібін, Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясын, есеп және қаржы талдаудың негіздерін, шаруашылық және қаржылық келісім шарттарды құру және орындау тәртіптерін, мекеменің экономикасын және қаражатын басқаруын, кәсіптегі жұмысты ұйымдастыруды; дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік, шетелдік және отандық тәжірибесін білу керек. Салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды өңдеу және нәтижелерін білу және әлеуметтік-еңбек салаларын; денсаулық сақтау сұрақтары бойынша нормативті актілерін, денсаулық сақтау ұйымдары және әлеуметтік гигиена теориялық негіздерін емдік - алдын-алу және санитарлы – эпидемиялық теориялық және ұйымдық қызмет негіздерін, зерттеу әдістерін, физикалық даму бағасын және жұмыс қабілеттілігін, ҚР құрама команда спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеріс бағдарламасын, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтаудың көрсеткіштері мен белгілерін, медициналық қызметтің базар конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, ауруларды әлеуметтік және медициналық оңалту ұйымын білу. Дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік озық ғылыми-техниканың жетістіктерін және тәжірибесін; дене шынықтыру және спорт саласындағы саяси дамуының мемлекеттік негізгі мақсаттарын; спорттық медицинадағы заманауи ғылыми жетістіктерін; еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, ұйымдық санитариясының және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек.
      309. Біліктілік талаптары. Мамандығы бойынша жоғарғы (және/немесе ЖОО кейінгі) білімі, бірінші/жоғарғы білімдік «Денсаулық сақтау» маманы бойынша категориясы («Қоғамдық денсаулық сақтау» денсаулық сақтау менеджментін») сондай-ақ берілген мекемеде маманы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

2. Басшының орынбасары
(медицина бөлімі бойынша)

      310. Қызметтік міндеттері.Дене шынықтыру және спортта құрылысты бөлімшелерге уақытылы және сапалы медициналық және дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады.
      311. Қабылданған шешімді, мүліктің сақталуын және тиімді пайдалануын жауапкершілікке алады.
      312. Мекемені мамандырылған кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарында шара қолданады.
      313. Олардың кәсіби білімінің дамуын, дәрігерлік кадралдың біліктілігін көтеру жұмыстарымен қамсыздандырады.
      314. Денсаулық сақтау ұйымдарының құрылысты бөлімшелеріндегіндей жұмыс нәтижелерін талдауын жүзеге асырады және оның көрсеткіштеріне байланысты, жұмысының әдістері және формаларын жақсарту әдістерін қабылдайды.
      315.Ішкі тәртіптің орындалуын, медициналық этиканы қадағалауын, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша нормативті құқықтық актілерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалайды.
      316. Спортшыларды диспансерлік есепке уақытылы алуын қадағалайды және ұйымдастырады, емдік тексерудің толықтылығын, кезеңдік тексеру шараларын, диспансерлікке алғандағы сапасын талдау жұмыстарын қадағалайды.
      317. ҚР және Алматы қаласының облыстары бойынша дәрігердің спорттық ұйымдарының арасындағы байланысын нығайтады.
      318. Алдын-алу шараларын және тиым салынған дәрілерді пайдаланбауын ұйымдастырады.
      319. Спорт түрлерінің федерацияларымен, мемлекеттік органдарымен және спорттық шараларды және оқу-жаттығу жиынтығын медико-биологиялық және дәрілермен қамтамасыз ету.
      320. Білу керек. Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджет кодексін, денсаулық сақтау жүйесіндегі және халық денсаулығы туралы Кодексін, ҚР «Қазақстан Республикасында тіл туралы»«Жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын, гигиеналық және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздерін, емдік-алдын алу және санитарлы эпидемиялық қызметінің теориялық және ұйымдық негіздерін, зерттеу тәсілдерін және физикалық өсу бағасын және жұмыс қабілеттілігін, ҚР құрама команда спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеріс бағдарламасын, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтаудың көрсеткіштері мен белгілерін, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, ауруларды әлеуметтік және медициналық оңалту ұйымын, еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек. Спортта допингпен күрес туралы Халықаралық Конвенция бекіту туралы», Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша бағдарламалық және кезеңдік құжаттарды, Халықаралық спорттық жарыстарды өткізгендегі жағдайларды, ережелер мен уақыт тәртібін, дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік ғылыми-техниканың жетістіктерін білу керек, спорттық медицина саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, ұйымдық санитариясының және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек.
      321. Біліктілік талаптары. Мамандығы бойынша жоғарғы (және/немесе ЖОО кейінгі) білімі, бірінші/жоғарғы білімдік «Денсаулық сақтау» маманы бойынша категориясы («Қоғамдық денсаулық сақтау» денсаулық сақтау менеджментін») сондай-ақ берілген мекемеде маманы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.