Күшін жойған

"Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
17.01.2014
Өзгерту күні
29.06.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 190 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН.
      1. «Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8274 тіркелді, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 234 (27508) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу  қағидаларында :
       8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қосымша ақыны төлеу алынған нәтижелердің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерінің мынадай пайызында жүргізіледі:
      «басшыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
      басшының орынбасарына – 70% бастап 90%-ға дейін;
      команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушыға – 80% бастап 100%-ға дейін;
      басшы (бөлімше, бөлім басшысы), психолог, тәрбиеші, хореограф, аккомпаниатор, дәрігер, массаж жасаушы, лаборант, ғылыми қызметкер, бухгалтерге – 50% бастап 80%-ға дейін;
      зоотехник, мал дәрігері, ат бағушы, әбзелші, атшы, инженер, техник, механик, мылтықшы, қайраушы, майлаушы, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – 50% бастап 70%-ға дейін;
      спорт ғимаратының меңгерушісі, лаборант, медбике, операторға – 30% бастап 50%-ға дейін».
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігінің төрағасы               Т. Есентаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.