"Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
10.02.2014
Өзгерту күні
31.12.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қазандағы № 279-280 (26340-26341) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну Ережесінде:
      12-тармақ мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «12. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект жойылған жағдайда, оған қатысты барлық деректер статистикалық нысаннан алынып тасталады. Егер есептік кезеңде заңды тұлғаның қайта құру немесе құрылымы өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымы бойынша сәйкес келтіріледі.
      Заңды тұлға жойылған немесе банкротқа ұшырады деп танылған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркелген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады. Егер қызметі болмаған жағдайда заңды тұлғалар осы Ереженің 19-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.»;
      19-тармақ мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «19. Егер респонденттің бір айдан астам уақыт кезеңділігі айлық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша қызметі болмаған жағдайда статистикалық нысанның орнына қызметінің болмау себептерін, осы қызметтің қанша уақыт бойы жүзеге асырылмайтын мерзімдерін және осы Ережеге қосымшаға сәйкес өзінің негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, аумақтық статистика органдарына хабарлама ұсынады.»;
      Ереженің қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы                                   Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 31 желтоқсандағы  
№ 340 Респонденттердің алғашқы 
статистикалық деректерді   
ұсыну ережесіне қосымша     

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі     
№ 173 Респонденттердің     
алғашқы статистикалық деректерді
ұсыну ережесіне қосымша    

Нысан

Хабарлама

______________________ облысының
(қаласы)_Статистика департаменті

      Жеке (заңды) тұлғаның атауы, БСН (ЖСН) коды, ЭҚЖЖ, «_(атауы)_» (индексі______, кезеңділігі________) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ішінде ________ жағдайға байланысты қызмет жүрмейтінін хабарлайды.
      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан _____________ облысының (қаласы)_Статистика департаментіне ________ айынан бастап ұсынылатын болады.

                                                Басшының қолы
                                                Бас бухгалтердің қолы
                                                Мөр

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.