Күшін жойған

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Регламент
Сипаттама
Сызба
Қаулы
Қабылдау күні
16.07.2013
Өзгерту күні
27.08.2014
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды облысының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 27.08.2014 № 44/02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1108 "Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 13 маусымдағы
N 36/01 қаулысымен
бекітілген

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар
дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы – жеке және заңды тұлғалар;
      2) көрсетілетін қызметті беруші – облыстың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органы қатысқан кездегі облыстың жергілікті атқарушы органы;
      3) облыстың жергілікті атқарушы органы – Қарағанды облысының әкімдігі (бұдан әрі – облыстың ЖАО);
      4) облыстың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органы – "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы).
      2. "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі облыстың ЖАО-ның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрі – қаулы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет конкурс өткізу арқылы:
      1) аңшылық алқаптарды бекіту кезінде – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі – 1-Инспекциясы) осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;
      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде: халықаралық және республикалық маңызы бар – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, жергілікті маңызы бар - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – 2-Инспекциялары) осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша.
      Балқаш көлінің балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.
      Жеке меншіктегі немесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптары олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ұсынымы болған кезде олардың өтінімі бойынша конкурс өткізусіз облыстың ЖАО-ның қаулысымен оларға бекітіліп беріледі.
      5. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мыналарды ұсынады:
      1) конкурс өткізу кезінде:
      осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
      осы Регламентке 6-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдағы 21 қаңтардағы N 40 "Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      көрсетілетін қызметті алушы жарғысының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – жеке тұлғалар үшін;
      конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушылар нөмірленген беттерімен тігілген түрінде ұсынылады, соңғы беттері олардың қол қоюымен расталады;
      2) көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалауындағы жер участкелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде:
      еркін нысандағы өтініш;
      осы Регламентке 6-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдағы 21 қаңтардағы N 40 "Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      тиісті құқықтарды растайтын жер участкесіне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері;
      3) көрсетілетін қызметті алушыларға бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
      еркін нысандағы өтініш;
      осы Регламентке 6-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдағы 21 қаңтардағы N 40 "Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелердің сақталуын растайтын құжаттар.
      6. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мыналарды ұсынады:
      1) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
      2) осы Регламентке 7-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері):
      құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері) – заңды тұлғалар үшін;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын беретін құжаттар – жеке тұлғалар үшін;
      әрбір су айдыны және (немесе) участкесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқасы);
      балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) участкелері бұрын бекітіп берілген көрсетілетін қызметті алушылар үшін – өткен жылы балық өсімін молайту іс-шараларына қаржы салғанын растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және сәйкесінше 2-Инспекциясымен келісілген ақпаратты (түпнұсқасы);
      конкурстық өтінімдер бар конвертті ашатын күннің алдындағы екі айдан ерте берілмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы тиісті салық органның белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну туралы көрсетілетін қызметті алушының басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттеме:
      бақылау үшін аулауды – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне және (немесе) тиісті 2-Инспекцияға;
      ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы);
      3) Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде орналасқан Балқаш көлінің балық шаруашылығы учаскесі үшін:
      белгіленген нысан бойынша өтінім берулерінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдар, сондай-ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      көрсетілетін қызметті алушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының конкурстық өтінімдері бар конвертті ашатын күнге дейін бір айдан ерте берілмеген анықтамасы;
      4) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – белгіленген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
      5) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – салина артемиясы цисталарын жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу бойынша технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      6) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      аулаушы және көлік флотты, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзу құралдар болған кезде);
      аулау құралдарының бар-жоғы туралы анықтама (бар болса);
      балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшысының қолы қойылған акваөсіруді жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (акваөсірумен айналысуды көздейтін тұлғалар үшін).
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
      конкурс өткізу кезінде – конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша конкурстық комиссияның хатшысына;
      көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – осы Регламенттің 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан 1-Инспекциясының кеңсесіне тапсырылады.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
      1) конкурс өткізу кезінде:
      өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша хаттама жасау – конкурстың өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
      тиісті инспекцияның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жергілікті атқарушы органға жолдауы – конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы шешім қабылдауы – конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма күнінен артық емес;
      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекті күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан көп емес;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу кезіндегі кезекті ұйғарымды максималды күту уақыты – отыз минуттан аспау керек;
      5) көрсетілген қызметті алушы ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қаулы берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда қаулы берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға берілуге жатады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз:
      1) конкурс өткізу кезінде – мемлекеттік қызмет алушының конкурстық өтінімін конкурс шарттарына сәйкес келмейтін деп тану;
      2) көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде – осы Регламентке 6-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) шаруашылық аралық аңшылықты жайластыру материалдарының болмауы;
      3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – осы Регламентке 6-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелерін орындамау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) конкурс өткізу кезінде:
      конкурстық комиссияның хатшысы;
      конкурстық комиссия;
      облыстың ЖАО кеңсесінің маманы;
      облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы;
      облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы;
      облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы;
      облыстың ЖАО-ның басшысы;
      2) көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
      1-Инспекциясы кеңсесінің маманы;
      1-Инспекциясының жауапты орындаушысы;
      1-Инспекциясының басшысы;
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитеті) кеңсесінің маманы;
      комитеттің жауапты орындаушысы;
      комитеттің басшысы;
      облыстың ЖАО кеңсесінің маманы;
      облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы;
      облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы;
      облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы;
      облыстың ЖАО-ның басшысы.
      12. Әрбір іс-қимылының жалғасуын көрсетумен ҚФБ-нің өзара іс-қимылдары (рәсімдері, қызметтері, операциялары) дәйектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 8-қосымшада келтірілген.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдірісіндегі ҚФБ-нің өзара іс-қимылдарының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысы көрсетілген схемалар осы Регламентке 9-қосымшада келтірілген.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің барысы жайлы қосымша ақпаратты 1, 2-Инспекцияларының және облыстың ЖАО-ның уәкілетті органының кеңселерінен алуына болады, мекенжайлары мен байланыс деректері осы Регламентке 123-қосымшаларда көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      15. Осы "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Облыстағы жергілікті атқару органының мекенжайы
және байланыс деректері

N

Атауы

Мекенжайы

Байланыс деректері

1

Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

Телефоны:
8 (7212) 42-10-90
Интернет-ресурсы:
www.Karaganda-region.kz

Облыстың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органының мекенжайы және байланыс деректері

N

Атауы

Мекенжайы

Байланыс деректері

1

"Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20

Телефоны:
8 (7212) 56-41-27
8 (7212) 56-71-84
Электрондық пошта:
рr.resurs@mail.ru
Интернет-ресурсы:
www.pr-resurs.kz

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық
инспекциясының мекенжайы және байланыс деректері

N

Атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс деректері

1

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығының Комитеті "Қарағанды облысының орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 20 а

Телефон:
8 (7212) 41-58-65
8 (7212) 41-58-61
Электрондық пошта:
upravlenie@topmail.kz

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекцияларының
мекенжайы мен байланыс деректері

N

Атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс деректері

1

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығының Комитеті "Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 11а

Телефон:
8 (7212) 42-47-80
Электрондық пошта:
karotu@mail.ru

2

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығының Комитеті "Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 5 шағын аудан, 1

Телефон:
8 (72772) 4-60-12
Электрондық пошта:
balkhash_bio@mail.ru

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

_____________________________________________________________________
            (конкурсты ұйымдастырушының толық атауы)

_____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның толық атауы немесе өтініш
                  беруші - жеке тұлғаның аты-жөні)

Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөніндегі
конкурсқа қатысуға өтініш

__________________________                20 жылғы "___" ____________
      (елді-мекен)
___________________ облысы ____________________ ауданында аң аулайтын
алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысуға конкурстық
өтінімді қабылдауыңызды өтінемін.
      Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1. Меншік нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы ______________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік _______________________________________
_____________________________________________________________________
                        (N, қашан және кім берді)
      4. Заңды мекен-жайы (мекен-жайы) ______________________________
_____________________________________________________________________
      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N-і, телефон, факс)
      5. Есеп шоты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (шот N-і, банктің атауы және орналасқан жері)
      6. Филиалдар және өкiлдiктер __________________________________
                                 (орналасқан жері және деректемелері)
      7. Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Мен конкурстық өтінімде берілген ақпарат үшін жауапты
боламын, менің конкурстық өтінімім ұтқан болып таңылған жағдайда
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасуға міндеттенемін.

      Жеке/заңды тұлға _________________ ____________________________
                             (қолы)             (аты-жөні)
      M.O.

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысуға өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________ бойынша балық шаруашылығы
      (су айдындары, учаскелері)
су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі
конкурсқа қатысуға рұқсат етуді және қажетті конкурстық құжаттаманы
беруді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, ведомстволық
тиесілілігі (бар болса), жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты,
деректемелері, мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. ________________ облысы әкімдігінің 20 __ жылғы "___"_____________
N ____ қаулысына және аумақтық бөлімшемен ___________________________
жасалған 20 __ жылғы "___"_____________ N _____ келісіге сәйкес бұрын
бекітіліп берілген су айдыны және (немесе) учаске ___________________
3. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе)
учаскесін бекітіп беру мерзімі ______________________________ жыл.
4. Конкурстық құжаттамамен танысқанымды және жалған ақпаратты ұсыну
үшін жауапкершілік туралы хабардар етілгендігімді растаймын.

      Берілген күні 20 __ жылғы "___"___________________

      Өтінім беруші ____________________________________
                      (аты-жөні немесе ұйымның атауы)

      М.О.            ____________ қолы

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
6-қосымша

Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа
қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы;
      2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, екі жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу мерзімін, аңшылық шаруашылығын көркейтуді қоса алғанда);
      3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес келетін қорықшылық қызметтің (немесе оны құру туралы жазбаша міндеттеменің) болуы;
      4) конкурсқа қатысушының қаржылық әлеуетін растайтын құжаттар:
      анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы отыз күнтізбелік күннің ішінде берілу тиіс;
      соңғы қаржы жылы үшін бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
      5) міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің болмауы:
      тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмағаны жоқ немесе конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы;
      6) білімін және еңбек өтілін көрсете отырып, жоғары немесе арнайы орта білімі бар (аңшылық тану, аң шаруашылығы, биолог-аңшылық танушы, биология, ветеринариялық дәрігер, зоотехник, зооинженер мамандықтары бойынша) немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандарының болуы (не конкурста жеңімпаз болған жағдайда, осындай мамандарды жұмысқа қабылдау туралы жазбаша міндеттеме).

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
7-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жұмыстардың тізбесі мен көлемін, оларды орындау мерзімін және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген үлгі нысан бойынша жасалған көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
      2) ағымдағы (алдыңғы қаржы) жылдың 1 қаңтарына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
      3) көрсетілетін қызметті алушының басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемемен расталған уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне бақылаулы аулауды, жеке және заңды тұлғаларға ғылыми-зерттеу үшін аулауды, жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну;
      4) Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      шаруашылық қызметі бағыттарының бірі балық шаруашылығын жүргізу және (немесе) онымен байланысты өндіріс болуы тиіс;
      балық аулау (олжалау) және көліктік флоттың, кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
      балық аулаудың өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндірістік базаның, ағымдық мелиорация жүргізу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдардың болуы;
      5) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – аулау құралдарының, ағымдағы мелиорациялық жұмыстарды жүргізу үшін жүзу құралдары мен материалдық-техникалық базаның болуы;
      6) салина артемиясы цисталарын аулау перспективасы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      салина артемиясы цисталарын жинауға және бастапқы өңдеуге арналған құралдардың болуы;
      түпкілікті өңдеу (жуу және кептіру жабдығы), сақтау (тоңазытқыш жабдығы) үшін жабдықтардың болуы;
      өндірілетін шикізатты сапалы талдау үшін зертхананың болуы;
      7) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - жүзу құралдары мен аулау құралдарының болуы.

"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
8-қосымша

Конкурс өткізу кезіндегі - ҚФБ-тің іс-қимылдарының сипаттамасы

1.1 кестесі

Іс-қимылдың нөмірі (жұмыстың ағыны, барысы)

ҚФБ-тің атауы

Іс-қимылдың атауы (үдерісі, рәсімі, операциясы) және оның сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Орындалу мерзімі

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

Конкурстық комиссияның хатшысы

Конкурстық өтінімді қабылдау және тіркеу

Конкурстық өтінімді конкурстық комиссияның қарауына ұсыну

30 минуттан аспау керек

2

2

Конкурстық комиссия

Конкурстық өтінімді қарау және конкурс жеңімпазын анықтау

Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттама

Конкурстың өтінімі бар конвертерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні

3

3

Конкурстық комиссияның хатшысы

Облыстың ЖАО-на конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы жіберу


Конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап 3 жұмыс күні

4

1

2

3

4

5

6

4

Облыстың ЖАО кеңсесінің маманы

Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы қабылдау және тіркеу

Облыстың ЖАО-ның басшысына конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы беру

30 минуттан аспау керек

5

5

Облыстың ЖАО-ның басшысы

Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттамамен таныстыру, уәкілетті органды анықтау

Қарар қою, облыстың ЖАО-ның уәкілетті органына конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы жіберу

1 сағаттан аспау керек

6

6

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

Конкурстың қортындысы туралы хаттамасын қабылдау және тіркеу

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысына конкурстың қортындысы туралы хаттамасын беру

30 минуттан аспау керек

7

7

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы

Конкурс қортындысы туралы хаттамамен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

Қарар қою, конкурстың жауапты орындаушысына конкурс қортындысы туралы хаттаманы беру

1 сағаттан аспау керек

8

1

2

3

4

5

6

8

Облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасын дайындау

Облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасы

5 жұмыс күні

9

9

Облыстың ЖАО-ның басшысы

Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысы жобасына қол қоюы

Облыстың ЖАО-ның қаулысы

1 сағаттан аспау керек

10

10

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

Көрсетілетін қызметті алушыға облыстың ЖАО-ның қаулысын беру

Шығыс хат-хабарлары журналына белгілеу

30 минуттан аспау керек


Көрсетілетін қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке
меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер
учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде,
сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық
алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – ҚФБ-тің
іс-қимылдарының сипаттамасы

1.2 кестесі

Іс-қимыл нөмірі (жұмыстың ағыны, барысы)

ҚФБ-тің атауы

Іс-қимыл атауы (үдерісі, рәсімі, операциясы) және оның сипаттамасы

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Орындау мерзімі

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

1-Инспекциясы кеңсесінің маманы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Қарар қою үшін құжаттарды 1-Инспекциясының басшысына жіберу

30 минуттан аспау керек

2

2

1-Инспекциясының жетекшісі

Құжаттармен таныстыру, жауапты орындаушыны анықтау

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушыға беру

1 сағаттан аспау керек

3

3

1-Инспекциясының жауапты орындаушысы

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес жөніндегі қорытындысын әзірлеу (бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – шарттық міндеттемінің орындалуы туралы)

Қол қою үшін 1-Инспекциясының басшысына қорытындыны беру

10 жұмыс күні

4

1

2

3

4

5

6

4

1-Инспекциясының басшысына

Қорытындыға қол қоюы

Қорытынды

1 сағаттан аспау керек

5

5

Комитеті кеңсесінің маманы

1-Инспекциясының қорытындысын қабылдау және тіркеу

Қарар қою үшін комитеттің басшысына құжаттарды жіберу

30 минуттан аспау керек

6

6

Комитеттің басшысы

Қорытындымен таныстыру, жауапты орындаушыны анықтау

Қарар қою, жауапты орындаушыға құжаттарды жіберу

1 сағаттан аспау керек

7

7

Комитеттің жауапты орындаушысы

Ұсынымды дайындау

Ұсыным

5 жұмыс күні

8

8

Комитеттің басшысы

Ұсынымға қол қоюы

Ұсыным

1 сағаттан аспау керек

9

9

Облыстың ЖАО кеңсесінің маманы

Комитеттің ұсынымын қабылдау және тіркеу

Облыстың ЖАО-ның басшысына қарар қою үшін ұсынымды жіберу

30 минуттан аспау керек

10

10

Облыстың ЖАО-ның басшысы

Ұсынымды таныстыру, уәкілетті органын анықтау

Қарар қою, ЖАО-ның уәкілетті органына комитеттің ұсынымын жіберу

1 сағаттан аспау керек

11

11

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

Комитеттің ұсынымын қабылдау және тіркеу

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысына комитеттің ұсынымын беру

30 минуттан аспау керек

12

1

2

3

4

5

6

12

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы

Комитеттің ұсынымымен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

Қарар қою, жауапты орындаушыға комитеттің ұсынымын жіберу

1 сағаттан аспау керек

13

13

Облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасын дайындау

Облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасы

5 жұмыс күні

14

14

Облыстың ЖАО-ның басшысы

Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысына қол қоюы

Облыстың ЖАО-ның қаулысы

1 сағаттан аспау керек

15

15

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

Көрсетілетін қызметті алушыға облыстың ЖАО-ның қаулысын беру

Шығыс хат-хабарлары журналына белгілеу

30 минуттан аспау керек


Пайдалану нұсқалары. Конкурс өткізу кезіндегі - негізгі үдеріс

2.1 кестесі

Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

Конкурстық комиссияның хатшысы

Конкурстық комиссия

Облыстың ЖАО кеңсесінің маманы

Облыстың ЖАО-ның басшысы

1

2

3

4

1 іс-қимыл:
Конкурстық өтінімді қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

2 іс-қимыл:
Конкурстық өтінімді қарау және конкурс жеңімпазын анықтау
(конкурстың өтінімі бар конвертерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні)

4 іс-қимыл:
Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы қабылдау және тіркеу, облыстың ЖАО-ның басшысына конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы беру
(30 минуттан аспау керек)

5 іс-қимыл:
Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттамамен таныстыру, уәкілетті органына конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы жіберу
(1 сағаттан аспау керек)

3 іс-қимыл:
Облыстың ЖАО-на конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы жіберу (конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап
3 жұмыс күні)



9 іс-қимыл:
Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасына қол қоюы
(1 сағаттан аспау керек)

2.1 кестесінің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы

Облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы

5

6

7

6 іс-қимыл:
Конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы қабылдау және тіркеу, уәкілетті органның басшысына конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттаманы тапсыру
(30 минуттан аспау керек)

7 іс-қимыл:
Конкурс қортындысы туралы хаттамамен танысу, конкурстың жауапты орындаушысына конкурс қорытындысы туралы хаттаманы беру
(1 сағаттан аспау керек)

8 іс-қимыл:
Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасын дайындау
(5 жұмыс күні)

10 іс-қимыл:
Көрсетілетін қызметті алушыға облыстың ЖАО-ның қаулысын беру
(30 минуттан аспау керек)



Пайдалану нұсқаулары. Көрсетілетін қызмет алушыларға
осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер
пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын
бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп
беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта
бекітіп беру кезінде – негізгі үдеріс

2.2 кестесі

Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

1-Испекциясы кеңсесінің маманы

1-Испекциясының басшысы

1-Инспециясының жауапты орындаушысы

Комитет кеңсесінің маманы

Комитеттің басшысы

1

2

3

4

5

1 іс-қимыл:
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

2 іс-қимыл:
Құжаттармен таныстыру, құжаттарды жауапты орындаушыға тапсыру
(1 сағаттан аспау керек)

3 іс-қимыл:
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес жөніндегі қорытындысын әзірлеу (бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – шарттық міндеттемінің орындалуы туралы)
(10 жұмыс күні)

5 іс-қимыл:1-Инспекциясының қорытындысын қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

6 іс-қимыл:
Қорытындымен таныстыру, жауапты орындаушыға құжаттарды беру
(1 сағаттан аспау керек)


4 іс-қимыл:
Қорытындыға қол қоюы
(1 сағаттан аспау керек)



8 іс-қимыл:
Ұсынымға қол қоюы
(1 сағаттан аспау керек)

2.2 кестесінің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

Комитетінің жауапты орындаушысы

Облыстың ЖАО кеңсесінің маманы

Облыстың ЖАО-ның басшысы

Облыстың ЖАО-ның уәкілетті органы кеңсесінің маманы

6

7

8

9

7 іс-қимыл:
Ұсынымды дайындау
(5 жұмыс күні)

9 іс-қимыл:
Комитеттің ұсынымын қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

10 іс-қимыл:
Комитеттің ұсынымымен таныстыру, уәкілетті органға комитеттің ұсынымын жіберу
(1 сағаттан аспау керек)

11 іс-қимыл:
Комитеттің ұсынымын қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)



14 іс-қимыл: Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысына қол қоюы
(1 сағаттан аспау керек)

15 іс-қимыл: Көрсетілетін қызметті алушыға облыстың ЖАО-ның қаулысын беру
(30 минуттан аспау керек)

2.2 кестесінің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

Облыстың ЖАО уәкілетті органының басшысы

Облыстың ЖАО уәкілетті органының жауапты орындаушысы

10

11

12 іс-қимыл:
Комитеттің ұсынымымен таныстыру, жауапты орындаушыға комитеттің ұсынымын жіберу
(1 сағаттан аспау керек)

13 іс-қимыл:
Көрсетілетін қызметті алушыға аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың ЖАО-ның қаулысының жобасын дайындау
(5 жұмыс күні)

Пайдалану нұсқалары. Конкурс өткізу кезінде (конкурс болмайды деп тану) – балама үдерісі

2.3 кестесі

Негізгі үдіріс (жұмыс ағыны, барысы)

Конкурстық комиссияның хатшысы

Конкурстық комиссия

1 іс-қимыл:
Конкурстық өтінімді қабылдау және тіркеу (30 минуттан аспау керек)

2 іс-қимыл:
Конкурстық өтінімді қарау және барлық қатысушылардың конкурстық өтінімдерін конкурс шарттарына сәйкес еместігін анықтау (конкурстың өтінімі бар конвертерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні)

3 іс-қимыл:
Конкурстың қорытындысы туралы конкурсқа қатысушыларға және облыстың ЖАО-на хаттаманы жіберу (конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап 3 жұмыс күні)


Пайдалану нұсқалары. Көрсетілетін қызмет алушыларға
осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер
пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын
бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру
мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп
беру кезінде – балама үдерісі

2.4 кестесі

Негізгі үдіріс (жұмыс ағыны, барысы)

1-Инспекциясы кеңсесінің маманы

1-Инспекциясының басшысы

1-Инспекциясының жауапты орындаушысы

1

2

3

1 іс-қимыл:
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

2 іс-қимыл:
Құжаттармен таныстыру, жауапты орындаушыға құжаттарды беру
(1 сағаттан аспау керек)

3 іс-қимыл:
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушыға біліктілік талаптарға сәйкес еместігі туралы қорытындысын дайындау (аң аулайтын алқаптарды қайта бекіту кезінде, сондай-ақ өтіп кеткен мерзімді бекіту – шарттық міндеттемінің орындалуы туралы)
(10 жұмыс күні)

9 іс-қимыл:
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру
(30 минуттан аспау керек)

4 іс-қимыл:
Қорытындыға қол қоюы
(1 сағаттан аспау керек)


2.4 кестесінің жалғасы

Комитет кеңсесінің маманы

Комитеттің басшысы

Комитеттің жауапты орындаушысы

4

5

6

5 іс-қимыл:
1-Инспекциясының қорытындысын қабылдау және тіркеу
(30 минуттан аспау керек)

6 іс-қимыл:
1-Инспекциясының қорытындысы таныстыру, жауапты орындаушыға 1-Инспекциясының қорытындысын беру
(1 сағаттан аспау керек)

7 іс-қимыл:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау
(5 жұмыс күні)


8 іс-қимыл:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
(1 сағаттан аспау керек)


"Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп беру
мен аңшылық және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
9-қосымша

Конкурс өткізу кезіндегі – ҚФБ өзара іс-қимылдарының қисынды
дәйектілігі арасындағы өзара байланыстың көрсетілуі, 1-схема

Көрсетілетін қызметті алушыларға осы тұлғалардың
жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер
учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде,
сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған
аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде - ҚФБ
іс-қимылдарының қисынды дәйектілігі арасындағы
өзара байланыстың көрсетілуі, 2-схема

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.