Күшін жойған

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Регламент
Сипаттама
Сызба
Қаулы
Қабылдау күні
16.07.2013
Өзгерту күні
12.09.2014
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды облысының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.09.2014 № 47/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы N 18/04 қаулысының күші жойылсын.
      3. "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
N 35/07 қаулысымен
бекітілген

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім
бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың
орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аумақтық орган – "Қарағанды облысы Дін істері департаменті" мемлекеттік мекемесі;
      2) көрсетілетін қызметті алушы - жеке және заңды тұлға;
      3) көрсетілетін қызметті беруші – "Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы N 1311 қаулысымен бекітілген "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен және осы регламентпен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аумақтық органның келісімі бойынша осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылады.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 5) тармақшасының, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім (бұдан әрі – шешім), не мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта уәжделген жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібіне
қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпарат www.oblarhitecture.kz мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін, көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайында бөлек кіретін есігі бар, күту және құжаттарды дайындау залы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 14-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін - күнтізбелік отыз күнді;
      үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін - күнтізбелік отыз күнді құрайды;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген қызметті алушының күтуін рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға өтініш жасаған күні сол жерде қызмет көрсету үшін рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) елді мекеннің бас жоспарының, сондай-ақ селоаралық аумақтар үшін аудандық жоспарлау жобаларының негізінде орындалған нақты жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобаларының болмауы;
      2) регламенттің 14-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы;
      3) регламенттің 14-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы;
      4) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
      5) аумақтық органның келісуінің болмауы негіз болып табылады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге сәйкес нысандар бойынша береді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдайды, құжаттарды есепке алу кітабында тіркейді және құжаттардың тапсырылуын растау үшін көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) бар өтініштің көшірмесін береді;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын содан кейін жауапты маманға жіберу үшін бұрыштама жасауға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттар бойынша бұрыштамада мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты орындаушыны көрсете отырып, басқарушылық шешім қабылдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қарайды, аумақтық органға келісу үшін ілеспе хат дайындайды;
      5) аумақтық органда сұрау салу қабылданады, құжаттарды есепке алу кітабында тіркеледі, қаралады және қолдаухатты қанағаттандыру мүмкіндігі анықталады, келісу туралы анықтама-негіздемесі бар хат, немесе бас тарту туралы жауап ресімделінеді және басшыға қол қою үшін жіберіледі;
      6) көрсетілетін қызметті беруші маманы әкімдік қаулысының жобасын, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындайды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қояды;
      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға жеке өзі келгенде береді немесе пошта арқылы жібереді.
      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      14. Көрсетілетін қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған (ғибадат үйі (ғимараты) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, құрылыс салудың мақсаты, осы аумақта діни қажеттіліктерін қанағаттандыруды қажет ететін келушілердің саны, ғибадат үйінің (ғимараттың) діни қызметкеріне кандидатурасын көрсете отырып) ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме;
      4) ғибадат үйі (ғимарат) құрылыс жоспарланған ауыл (село), кент, шағын аудан, квартал аумағында жергілікті қоғамдастықтың ғибадат үйі (ғимарат) құрылысына келісімі туралы жиналыс (жиын) шешімінің көшірмесі (жақын жерде тұрғын үйлер болған жағдайда);
      Көрсетілетін қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірме немесе заңды тұлғалар үшін - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлға мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      3) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектісіне меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) жылжымайтын мүлiк объектісіне ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт;
      6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған (ғибадат үйі (ғимараты) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, қайта бейімдеудің мақсаты, осы аумақта діни қажеттіліктерін қанағаттандыруды қажет ететін келушілердің саны, ғибадат үйінің (ғимараттың) діни қызметкеріне кандидатурасын көрсете отырып) ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейімдеу туралы анықтама-негіздеме;
      7) ғибадат үйі (ғимарат) құрылыс жоспарланған ауыл (село), кент, шағын аудан, квартал аумағында жергілікті қоғамдастықтың ғибадат үйін (ғимарат) қайта бейімдеуге келісімі туралы жиналыс (жиын) шешімінің көшірмесі (жақын жерде тұрғын үйлер болған жағдайда);
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші оның толық болуын тексереді. Құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.
      15. Өтініш үлгілері www.oblarhitecture.kz мекенжай бойынша, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық стендінде және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар осы регламентке 1-қосымшада мекенжайы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде осы регламенттің 14-тармағында қарастырылған құжаттар көшірмесін ғибадат үйлерін (ғимараттың) құрылысын келісу, олардың орналасқан жерін немесе үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарын) етіп қайта бейімдеуді (функционалдық мақсатын өзгертуді) анықтау үшін аумақтық органдарға жолдайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекет етеді:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) аумақтық органның маманы.
      17. Осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген, жергілікті бірлестік жиналысы (жиыны) шешімін алу тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің стендтері мен интернет-ресурстарыннан алуға болады.
      18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: Басқарма және аумақтық орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.
      19. Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдарының қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
      21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі Осы регламентке 6,  7 және 8 қосымшаларда берілген шаблон нысандарына сәйкес ұсынылуы тиіс.
      22. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушымен осы регламентке 9-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштері бойынша өлшенеді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      23. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдайтын шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауап береді.

6. Шағымдану тәртібі

      24. Басқармалар қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.
      25. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген байланыс деректері арқылы (мекенжайлар мен телефондар) басқарма басшысының атына беріледі.
      26. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде көрсетілетін қызметті алушыларға дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, басқармалар қызметкерлерінің әрекетіне шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына беріледі.
      27. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      28. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшін), пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс.
      29. Шағым басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде тіркеледі. Шағым беруші тұлғаға өтініштің тіркелген уақыты мен күні, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі көрсетілген оның көшірмесі беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері береді.
      30. Шағымдарды қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

"Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін анықтау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган

Р/с
N

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13

8 (7212) 42-53-65, 41-17-58

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма. Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен. Демалыс күндері: сенбі -  жексенбі

Р/с
N

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Қарағанды облысының дін істері департаменті

100000 Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6

8 (7212) 41-34-10, 42-07-52

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма. Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен. Демалыс күндері: сенбі - жексенбі

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін
көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының
(рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының
мәтіндік кестелік сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

Іс-қимылдың N

1

2

3

ҚФБ атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Іс-қимылдың(үдерістің, рәсімнің,операцияның) атауы және олардыңсипаттамасы

Өтінішті қабылдайды және құжаттардыесепке алу кітабында тіркейді

Келіп түскенқұжаттар бойыншашешім қабылдайды, жауапты орындаушыны белгілейді

Құжаттарды қарайды,аумақтық органға келісім үшін ілеспе  хатты дайындайды

Аяқтау нысаны(деректер, құжат,ұйымдастырушылық-басқарушылық шешім)

Көрсетілетінқызметті алушығатіркеу мөртабаны(кіріс нөмірі, күні) бар өтініштің көшірмесін беру

Бұрыштамадамемлекеттік көрсетілетінқызметті ұсынуғажауапты орындаушыны көрсету

Аумақтық органға ілеспе хатты жіберу

Орындау мерзімдері

30 минуттан артық емес

2 жұмыс күні

3 жұмыс күні

      кестенің қосымшасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

4

5

6

7

Аумақтық орган

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері

Сұрау салуды қабылдайды, құжаттарды есепке  алу кітабында тіркейді, қарайды және келісу туралы хатты, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  туралы уәжделген жауапты ресімдейді

Шешім жобасын, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындайды, басшының құжаттарға шешім жобасына немесе бас тарту туралы уәжделген жауапты қол қоюды қамтамасыз етеді

Құжаттарды қабылдайды, қарайды

Шешімді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы уәжделген жауапты тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жеке өзі келгенде береді немесе пошта арқылы жібереді

Келісу туралы хатты, немесе бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу

Шешім жобасын немесе көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне бас тарту туралы жауапты кеңсеге жіберу

Шешім жобасына немесе негіздемесі бар бас тарту туралы хатқа қол қояды

Шешімді немесе негіздемесі бар жауапты беру

15 жұмыс күні

30 минуттан артық емес

       Ескерту: ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірліктер

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдарының қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

"Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін анықтау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

Қарағанды облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)      

Өтініш беруші
________________________________________
(жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға
үшін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)

ӨТІНІШ

___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы көлемі
____ гектар жер учаскесінде ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы
шешім беруді сұраймын.
      Ғибадат үйі ___________________________________________________
                             (конфессияға тиесілілігі)
      Ғибадат үйі құрылысының қаржыландыру көзi _____________________
_____________________________________________________________________
              Ғибадат үйінің сыйымдылығы (адамдар саны)
_____________________________________________________________________
                Қолы, күні, мөрі (заңды тұлғаларға)

"Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін анықтау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша

Қарағанды облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш беруші
________________________________________
(жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға
үшін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)

ӨТІНІШ

______________________ мекенжайы бойынша орналасқан _________________
үйін (ғимаратын) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейімдеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беруді сұраймын.
      Ғибадат үйі ___________________________________________________
                           (конфессияға тиесілілігі)
_____________________________________________________________________
            Ғибадат үйінің сыйымдылығы (адамдар саны) _____________________________________________________________________
              Қолы, күні, мөрі (заңды тұлғаларға)

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
6-қосымша

Өтініш беруші: __________________
(т.а.ә.)   

Мекенжайы: ______________________
Телефоны: _______________________
Тіркеу N: _______________________

Шешім

      "Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысының дін істері департаменті"
мемлекеттік мекемесінің келісімдеуі бойынша ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және олардың ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ мекенжайы
бойынша орналасатын жерін айқындау жөнінде шешім қабылдайды.

      Маман                                _________________________
                                                      (т.а.ә.)
      Басқарма басшысы                     _________________________
                                                      (т.а.ә.)

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
7-қосымша

Өтініш беруші:__________________
(т.а.ә.)   
Мекенжайы:______________________
Телефоны:_______________________
Тіркеу N: ______________________

Шешім

      "Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысының дін істері департаменті"
мемлекеттік мекемесінің келісімдеуімен ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ мекенжайы
бойынша үйлерді (ғимарат) ғибадат үйлері (ғимараттарын) етіп қайта
бейімдеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды.

      Маман                                 ________________________
                                                    (т.а.ә.)
      Басқарма басшысы                      ________________________
                                                    (т.а.ә.)

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
8-қосымша

Өтініш беруші: __________________
(т.а.ә.)

Мекенжайы: ______________________
Телефоны: _______________________
Тіркеу N: _______________________

Бас тарту туралы шешім

      Құрметті _____________________________________________________
"Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысының дін істері департаменті"
мемлекеттік мекемесінің келісімдеуімен қабылданған __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беруден бас тартады.
_____________________________________________________________________
                       (қажетінің астын сызыңыз)
Бас тартудың себебі: ________________________________________________

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымдану құқығы:_________

      Маман                                  ________________________
                                                     (т.а.ә.)
      Басқарма басшысы                       ________________________
                                                     (т.а.ә.)

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейімдеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
9-қосымша

Мемлекетті көрсетілетін қызмет көрсеткішін анықтау
үшін сауалнама нысаны: "сапа" және "қолжетімділік"
_________________________________________
(қызмет атауы)

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің сапасы мен нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.
      2. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
      1) қанағаттанбадым;
      2) ішінара қанағаттандым;
      3) қанағаттандым.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.