Күшін жойған

Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Регламент
Сипаттама
Сызба
Қаулы
Қабылдау күні
29.08.2013
Өзгерту күні
09.09.2014
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды облысының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.09.2014 № 46/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Лицензиялау туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы", 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1130 "Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулыларына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы N 41/03 "Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 25 шілдедегі
N 47/01 қаулысымен
бекітілген

"Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында
түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде
пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын
өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi
және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті
лицензиялау, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру"
электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқарушы органмен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші – "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы.
      2. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1130 қаулысымен бекітілген "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
      3. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
      Өтiнiш берушi немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және лицензиар – органның мөрiмен және басшысының қолымен расталады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткiзгiште берiледi.
      4. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету түрі: транзакциялық.
      5.Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер және қысқарған сөздер:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал және өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      3) БНАЖ – бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе;
      4) "Е-лицензиялау" веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ);
      5) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      6) "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға және олар туралы өзекті және нақты мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және құзыреттері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге субъектілерге де беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
      7) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
      8) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      9) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет көрсету;
      10) көрсетілетін қызметті алушы – оған электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
      11) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      12) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең ақпараттық технологиялар пайдалана отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия;
      13) электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
      14) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
      15) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
      16) "электрондық үкіметтің шлюзі" (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
      17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 1 диаграммасы):
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЭҮП тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
      5) 3-процесс – осы Регламентте нұсқалған "Е-лицензиялау" МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушымен қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттардың сұрау нысанына бекітумен, форматтық талаптар мен оның құрылымын ескерумен көрсетілетін қызметті алушымен нысанды толтыру (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – қызметті ЭҮТШ төлеу, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДБ АЖ түседі;
      7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тексеру;
      8) 5-процесс – қызметті көрсеткені үшін төлемдердің "Е-лицензиялау" МДБ АЖ болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      9) 6-процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалынған растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрауды өңдеу;
      14) 4-шарт – лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру, қызмет көрсетуден бас тарту туралы себепті жауабы) нәтижелерін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
      7. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 2 диаграммасы):
      1) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен логин мен парольді "Е-лицензиялау" МДБ АЖ енгізуі;
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ логин және пароль арқылы тексеру;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ құру;
      4) 3-процесс – осы Регламентте нұсқалған қызметті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен көрсетілетін қызмет алушының мәліметтерін, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушы өкілінің сенімхат бойынша мәліметтерін енгізу (нотариалдық куәландырылған сенімхат болғанда, сенімхатты өзге куәландыру кезінде – сенімхат мәліметтері толтырылмайды);
      5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді ЗТ МДҚ жіберу;
      6) 2-шарт – БНАЖ сенімхат мәліметтерінің, ЗТ МДБ көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің бар болуын тексеру;
      7) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
      8) 6-процесс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекіту;
      9) 7-процесс – сұрауды "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қызметтерді өңдеу;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
      11) 8-процесс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
      12) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ құрылған қызмет нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
      8. Қызметке сұрауды және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталында келтірілген.
      9. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша сұраудың орындалу мәртебесін көрсетілетін қызмет алушымен тексеру тәсілі: "электрондық үкімет" порталында "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде, сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органға өтініш білдіру кезінде.
      10. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі

      11. Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭПШ;
      3) ЭПТШ;
      4) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ;
      5) ЗТ МДБ;
      6) көрсетілетін қызметті алушы;
      7) көрсетілетін қызметті беруші.
      12. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген;
      13. Іс-қимылдардың сипатталуларына сәйкес олардың логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      14. Электрондық мемлекеттік лицензияның шаблоны және лицензияға қосымшалар осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
      15. Көрсетілетін қызметті алушыларға қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 4-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті алушыларға қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
      17. Қызмет көрсетудің техникалық шарты:
      1) Интернетке шығу;
      2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
      3) ЭҮП авторизациялау;
      4) ЭЦҚ көрсетілетін қызметті алушыда болуы;
      5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      18. "Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметі ішінара автоматтандырылған және халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетілмейді.

"Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және
құрамында түстi және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе) қалдықтары болған
мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда
болған түстi және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті
қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта
ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

      1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-қимылдарын сипаттау

іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының) N

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮТШ

ЭҮП

Іс-қимылдың атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) және оларды сипаттау

ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет браузеріне бекіту

көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, қызметті таңдайды және сұрау деректерін құрады

Қызметті төлеу

Төлемнің жоқ болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Сұрауды сәтті құру туралы хабарламаны көрсету

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Сұрауды сәтті құру туралы хабарламаны көрсету

Әрекетті сәтті аяқтау туралы хабарламаны көрсету

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Орындалу мерзімдері

10-15 секунд

20 секунд

1,5 минут

1,5 минут

10-15 секунд

Келесі іс-қимыл нөмірі

2-егер көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар бар болса;
3-егер авторизация табысты өтсе

-

4

5-егер төлемесе,
6-егер төлесе

-

      кестенің жалғасы

6

7

8

9

10

11

көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады

ЭЦҚ арқылы сұрауды куәландыру (қол қою)

Электрондық құжатты, өтінішті (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрауды өңдеу

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Электрондық құжат (электрондық лицензия)

Сұранысты бағыттау

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Сұранысты бағыттау

Өтінішке нөмір берумен сұранысты тіркеу

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Электрондық лицензия

10-15 секунд

10-15 секунд

1,5 минут

15 жұмыс күні

-

-

7-егер ЭЦҚ қате болса;
8-ЭЦҚ қате болмаса

-

-

Лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің біліктілік талаптарына және негіздерге көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеру



      2-кесте. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау

іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының) N 3

1

2

3

4

ҚФБ атауы

көрсетілетін қызметті беруші

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

көрсетілетін қызметті беруші

ЗТ МДБ

Іс-қимылдың атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) және оларды сипаттау

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ авторизацияланады

Деректерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады

Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызметті таңдауы

Көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеруге сұрауды ЗТ МДБ жіберу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Сұрауды сәтті құру туралы хабарламаны көрсету

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік қызметтен көрсетілетін бас тарту туралы хабарламаны құру

Сұрауды сәтті құру туралы хабарламаны көрсету

Сұранысты бағыттау

Орындалу мерзімдері

10-15 секунд

10 секунд

1,5 минут

1,5 минут

Келесі іс-қимыл нөмірі

1-көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логині мен паролі деректерінің түпнұсқалығың "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тексеру

-

4

5-егер көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтар бар болса;
6-егер авторизация табысты өтсе

      кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

көрсетілетін қызметті беруші

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

Деректерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру

Құжаттарды бекіте отырып сұраныс нысанын толтыру

Электрондық құжатты "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрауды өңдеу

Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ құру

Электронды құжат (электронды лицензия)

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Сұрауды сәтті құру туралы хабарламаны көрсету

Өтінішке нөмір берумен сұранысты жүйеде тіркеу

Сұраныс етілген электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру

Электрондық лицензия

1,5 минут

10-15 секунд

15 жұмыс күні



-

-

8-егер "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрау бойынша деректер болмаса,
9-егер сұрау бойынша деректер табылса

-

-

"Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және
құрамында түстi және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе) қалдықтары болған
мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда
болған түстi және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті
қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта
ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың
N 1 диаграммасы

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылдың N 2 диаграммасы

Шартты белгілер:

"Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және
құрамында түстi және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе) қалдықтары болған
мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда
болған түстi және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті
қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта
ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Нысан

Лицензия

20 __ жылғы "___" ________________ N _________________

_____________________________________________________________________
       ("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
_____________________________________________________________________
            сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ айналысуға
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
_____________________________________________________________________
      нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________ берілді        (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Лицензия түрі _______________________________________________________
                 ("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы
_____________________________________________________________________
                         Заңының 9-бабына сәйкес)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ___________________________
                                             ("Лицензиялау туралы"
_____________________________________________________________________
        Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес)
Лицензиар ___________________________________________________________
                        (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
                           (басшының (уәкiлеттi тұлғаның) Т.А.Ә.)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Берілген орны ______________________________

Лицензияға қосымша

Лицензияның нөмірі ____________

Лицензияның берілген күні 20 __ жылғы ___ ______________

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (лері) _____________________
                                                ("Лицензиялау туралы"
_____________________________________________________________________
             Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
_____________________________________________________________________
           лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
_____________________________________________________________________
Өндiрiстік база _____________________________________________________
                              (орналасқан жерi)
Лицензиат ___________________________________________________________
                (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері,
_____________________________________________________________________
          бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі,
____________________________________________________________________
      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
Лицензиар ___________________________________________________________
               (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
_____________________________________________________________________

Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
                           (басшының (уәкiлеттi тұлғаның) Т.А.Ә.)
Қолы ____________________________ (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)

Мөр орны (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)

Қосымшаның N ______________________________
Қолданылу мерзiмi _________________________
Берілген орны _____________________________

"Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және
құрамында түстi және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе) қалдықтары болған
мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда
болған түстi және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті
қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялау, қайта
ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру" электрондық
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтің: "сапа" және
"қолжетімділік" көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны

________________________________________________________________
(қызмет атауы)

      1. Сіз электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

      2. Сіз электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.