Күшін жойған

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Регламент
Сипаттама
Сызба
Қаулы
Қабылдау күні
20.03.2013
Өзгерту күні
27.05.2013
Актіні қабылдаған орган
Сәтбаев қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 27.05.2013 N 12/19 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Мадиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қ. әкімі                           Б.Д. Ахметов

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 6 ақпандағы
N 02/38 қаулысымен
бекітілді

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) білім беру ұйымы – меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымы;
      2) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер және оларға бағынысты жүйелер;
      3) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
      4) уәкілетті орган – "Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру рәсімін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      3. Мемлекеттік қызмет Сәтбаев қаласының негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарымен (толық атауы, заңды мекен-жайлары құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген) және "Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (байланыс деректері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген) көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
         5. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 27-бабына, 6-бабының 4-тармағының 21-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 13-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның анықтауымен мемлекеттік қызметті алушы экстернат нысанында білім алуға өтініш білдірген білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдағаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді;
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініші білім беру ұйымында тіркеу журналында тіркеледі және білім беру ұйымының басшысына беріледі;
      3) білім беру ұйымының басшысы экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің қарауына ұсынады;
      4) білім беру ұйымының басшысы бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер тәртібінің (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішке қоса:
      1) білім алушының денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі - МӘС) анықтама-қорытындысын;
      2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;
      3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан "Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде және www.obrazovanie.satpaev-akimat.kz "Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары" бөлімінде алуға болады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.
      16. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен болады.
      17. Мынадай:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
      4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
      1) білім беру ұйымының басшысы;
      2) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      3) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі.
      19. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылдарының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      21. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлға).
      22. Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде көрсетуді іске асыру мен сапасына жауапты болады.

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға
рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының байланыс деректері

N

Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымының атауы

Орналасқан орыны, мекенжайы, байланыс телефоны

Жұмыс кестесі

1.

"Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111, 2 қабат

satpgoo@mail.ru

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

2.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "С. Сейфуллин ат. Гимназия" КММ

Сәтбаев қ., Комаров көшесі 11а, телефон 3-34-68, 3-32-00

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

3.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласының N 1 мектеп-гимназиясы" КММ

Сәтбаев қ., Наурыз көшесі 144, телефон 7-25-48, Ф. 7-15-62

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

4.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 2 орта мектебі" КММ

Жезказган кенті, Ауезов көшесі 37А, телефон 2-23-20

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

5.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласының N 3 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Женис көшесі 17, телефон 7-15-81

Ф. 7-24-88

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

6.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Абай атындағы N 4 лицей - мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы 144 А, телефон 3-33-96, 4-18-07

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

7.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 5 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Бабыр би к. 5, телефон 4-07-18

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

8.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 7 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Тәуелсіздік даңғылы 20, телефон 3-47-46

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

9.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласының N10 орта мектебі" КММ

Жезказган кенті, Киров көшесі 13, телефон 2-64-39

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

10.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 12 орта мектебі" КММ

Жезказган кенті, Киров көшесі 12, телефон 2-63-30

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

11.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 14 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Наурыз көшесі 5, телефон 7-32-07, Ф. 7-12-68

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

12.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласы N 15 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Ерден көшесі 217, телефон 3-19-75

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

13.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласы N 16 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы 154, телефон 4-00-11

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

14.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 17 негізгі мектебі" КММ

Сәтбаев селосы, Клубная 1, телефон 8 7102 76-97-34, 8 7105 95-20-20

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

15.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласы N 19 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Комаров көшесі 11, телефон 3-75-28

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

16.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласы N 25 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Комаров көшесі 12а, телефон 3-70-46

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

17.

Сәтбаев қаласының әкімдігі "N 27 орта мектебі" КММ

Сәтбаев қ., Наурыз көшесі 14а, телефон 7-65-61

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) дәйектілігі

Негізгі үдеріс әрекеттері (жұмыс ағыны, барысы)

Іс-әрекет N (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының басшысы

Жауапты тұлға

Іс-әрекет (үдерістің, ресімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу

Экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені педагогикалық кеңес қарауына шығару

Бұйрықты тіркеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру

Бұйрықты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару

Бұйрықты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Орындау мерзімдері

30 минут

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға
рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 3-қосымша

ҚФБ әкімшілік іс әрекеттердің (үрдістердің) өзара әрекеті мен реттілік сипаттамасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.