Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
24.07.2013
Өзгерту күні
22.07.2013
Актіні қабылдаған орган
Жылыой ауданының әкімдігі
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Ізбасов
      Келісілді:
Жылыой аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
22 шілде 2013 жыл
З. Қалмұқанова

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 қаулысына қосымша

Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары


Елді мекен
Орналасатын жері
1
Құлсары қаласы
"№ 15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
"№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
2
Жаңа Қаратон поселкесі
"№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
3
Тұрғызба селосы
"№ 4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
4
Шоқпартоғай селосы
"№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
5
Қосшағыл селосы
"№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
6
Ақкиізтоғай селосы
"№ 10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд
7
Майкөмген селосы
"№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

      
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.