Күшін жойған

"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
25.04.2014
Өзгерту күні
18.09.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
      101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «008 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қызметін қамтамасыз ету»;
      120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      006 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің аппараты» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
      1 «Әскери мұқтаждар» функционалдық кіші тобында:
      296 «Облыстың жұмылдыру дайындығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      003 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» және 007 «Аумақтық қорғанысты дайындау және облыстық ауқымдағы аумақтық қорғанысы» бюджеттік бағдарламалар бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
      120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      014 «Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      296 «Облыстың жұмылдыру дайындығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Жергілікті деңгейде жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» және 005 «Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» бюджеттік бағдарламалар бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      287 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      004 «Облыс ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 146 бюджеттік бағдарламасы бар 221, 231, 237 және 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
      «221 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      231 Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      237 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      066 «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      281 «Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      092 «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      288 «Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» және 373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
      066 «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      487 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      286 «Облыстың туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Жергiлiктi деңгейде туризм және сыртқы байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      3 «Орман шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      254 «Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      009 ««Шортанды - Щучинск» учаскесінде «Астана – Щучинск» автомобиль жолының бойында орман екпе ағаштарын отырғызу» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      5 «Қоршаған ортаны қорғау» функционалдық кіші тобында:
      237 «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 016 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 036 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «036 Нұра және Есіл өзендері бассейнінің қоршаған ортасын оңалту және басқару
      016 Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
      11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:
      2 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық кіші тобында:
      288 «Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                          Е. Досаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.