Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
06.05.2014
Өзгерту күні
28.02.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге
енгізу және одан шығару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      аумақтық уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10469 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiне (бұдан әрі – Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі) сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;

      өтініш беруші – Тіркелімге енгізу үшін өтінім ұсынған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар салаларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде Тіркелімді қалыптастырады және жүргізеді.

      4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.

      Тіркелімнің республикалық бөлімі мынадай қызметтерді:

      1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;

      2) әуежай қызметтерін;

      3) теңіз порты қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.

      Тіркелімнің жергілікті бөлімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидалар Заңның 2-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

2. Тіркелімге енгізу және одан шығару тәртібі

      7. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тұтынушыларға реттелетін қызметтерді көрсеткен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсынып, уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.

      Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын, оларды бақылау мен реттеуді жекелеген салалардағы уәкілетті орган жүзеге асыратын дара кәсіпкер мен заңды тұлға жүгінген жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жекелеген салалардағы уәкілетті органға табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (одан шығару) туралы ұсыныспен қорытынды беру туралы тиісті сұрау салу жібереді.

      Ұсыныстары бар аталған қорытынды жекелеген салалардағы уәкілетті органның табиғи монополиялар салаларының көрсетілетін қызметтері бойынша талдау жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органға енгізіледі, оған қатысты жекелеген салалардағы уәкілетті орган осы салалардың шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу мәніне реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

      Жекелеген салалардағы уәкілетті органның ұсынысы бар қорытындыуәкілетті органға тиісті сауал келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде ұсынылады. Көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қарау мерзімі жекелеген салалардағы уәкілетті орган тиісті қорытынды бергенге дейін тоқтатыла тұрады, бұл ретте уәкілетті органның шешім қабылдау күні қорытынды берген кезден бастап қайта басталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы уәкілетті органның немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.

      Аумақтық уәкілетті органдар Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қорытындысының немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган қорытындысының негізінде уәкілетті органды хабардар ете отырып жүргізеді.

      Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетінге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығы жағдайы туралы қорытындыны табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті органның салалық құрылымдық бөлімшесі немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган жасайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғаның бірінші басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған Тіркелімге енгізу туралы өтінішті;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін және (немесе) "Е-лицензиялау" www.elicence.kz веб-порталынан лицензияны;

      4) тауарларды, жұмыстарды өндіруге және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия жағдайларында қызметтерді көрсетуге қажетті инженерлік желілер мен құрылыстардың өтініш берушілердің теңгеріміндегі немесе жалға берілген не сенімгерлік басқарудағы тізбесін, сондай-ақ карта-схемаларды (аталған құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен расталады);

      5) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметтерді тұтынушыларға көрсетудің жоспарлы көлемінің есептеулерін;

      6) өзге және (немесе) негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты;

      7) кәсіпорынның алдыңғы кезеңге арналған бухгалтерлік теңгерімін (жыл, тоқсан);

      8) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөр қойылған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды таратып жаза отырып, алдыңғы кезең ішіндегі қызметтер көрсету кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті қоса бере отырып ұсынады.

      Осы тармақта көзделген өтініш пен құжаттарды өтініш беруші қағаз немесе электронды түрде ұсынады.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Тіркелімге енгізу туралы өтінішті күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі құжаттарды берген күннен бастап есептеледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге тиіс шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген, Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілетін табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.

      Дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету фактісі анықталған және (немесе) Тіркелімге енгізу үшін құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда уәкілетті орган оларды Тіркелімге құжаттарды ұсынбай енгізеді. Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі Тіркелімге енгізілгеннен кейін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес оны Тіркелімге енгізу туралы Хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2)5) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құжаттардың нысаны және мазмұны өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі көрсетілген өзгерістер немесе толықтырулар жасалғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде бұл құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады.

      12. Табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтінішті және олар жүзеге асыратын қызметті тоқтатқанын растайтын құжаттарды, табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметті (жұмысты) уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте өтінішке бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Тіркелімнен алып тастау туралы өтінішті уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатуы туралы растайтын құжаттарды берген жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімнен алып тастау үшін, оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын негіздер:

      реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тiзбесiнен алып тастау;

      оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуына әкеп соққан табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру;

      табиғи монополия субъектісін тарату;

      табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімінің болуы;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің теңгерімінен басқа субъектінің теңгеріміне беру, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беру;

      табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын сот шешіміне сәйкес алып қою;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу шартының аяқталуы;

      табиғи монополия субъектісінің теңгеріміндег мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару;

      табиғи монополия субъектісімен бәсекелесетін жаңа табиғи монополия субъектісінің пайда болуы;

      оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын өзге де негіздер болып табылады.

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-2. Реттеліп көрсетілетін қызмет (тауар, жұмыс) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінен алып тасталған жағдайда, уәкілетті орган оны Тіркелімнен өз бетінше алып тастайды.

      Ескерту. Қағида 12-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 91 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.

      14. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ол туралы осы табиғи монополия субъектісіне хабарлайды.

      15. Тіркелімге енгізу және (немесе) одан шығару мәселелері жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64- НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының күші жойылды деп танылған
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-ОД бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2217 тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырда № 20 жарияланған);

      2. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" № 2217 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3272 тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2005 жылғы 29 қаңтарда № 5 жарияланған);

      3. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2006 жылғы 14 қаңтарда № 3 жарияланған);

      4. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4143 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 19 мамырда № 89-90(896) жарияланған);

      5. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4260 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 29 маусымда № 118(924) жарияланған);

      6. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 139(945) жарияланған);

      7. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 292-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4504 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл);

      8. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 132-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 23 мамырда № 77 жарияланған);

      9. "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2009 жылғы № 3 жарияланған);

      10. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9094 тіркелген).

  Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі

      ____________________________________________________________________

      (Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттiк тiркелiмі

      бөлімінің атауы, өңір атауы*)

р/с №

Табиғи монополия субъектісінің атауы

Табиғи монополия саласы

Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі

Табиғи монополия субъектісінің тіркелген орны (заңды мекенжайы)

Табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсету орны

Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні

Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы бұйрықтың нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8


      * өңір атауы – аумақтық уәкілетті орган көрсетіледі

  Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ____________________________________

      (уәкілетті немесе аумақтық органның

      атауы)

      ___________________________________

      (дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә.немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________

      (заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге

      енгізу туралы

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің

      (тауарлардың, жұмыстардың) түрі

      _____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар)

      көрсету аумағы)

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің

      атауы) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне

      енгізуді сұраймын

      _____________ 20 ___ жылғы "____" ____________

      (қолы) (қол қою күні)

  Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ____________________________________

      (уәкілетті немесе аумақтық органның

      атауы)

      _____________________________________

      (дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә. немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________

      (заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен

      шығару туралы

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (табиғи монополия субъектісінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін

      қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі

      _____________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (табиғи монополиялар саласындағы қызметтер

      (тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)

      ____________________________________________ Табиғи монополиялар

      (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің

      атауы) субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміннен шығаруды сұраймын

      _____________ 20 ___ жылғы "____" _____________

      (қолы) (қол қою күні)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.