Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 "Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
14.05.2014
Өзгерту күні
24.11.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 24.11.2014 № 511 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 болып тіркелген, 2013 жылы 17 шілдедегі № 172 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
      60-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi беттерi нөмiрленген бiр дана қағаз тасығышта, брошюра түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық бiрыңғай құжат айналымы жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығыштарда енгiзедi.»;
      66-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірлігі бағасының дерекқоры (бұдан әрі – Бағалар дерекқоры) пайдаланылады. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бағалар дерекқорында көзделген тауар, жұмыс, қызмет бірлігі іс жүзіндегі орташа құнынан аспайтын құнына бағдарланады. Бағалар дерекқорында жоқ болған жағдайда, жоспарланған шығыстарды негіздейтін кұжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады;»;
      66-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры пайдаланылады. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган бағалар дерекқорында көзделген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бірлігінің іс жүзіндегі орташа құнынан аспайтын құнына бағдарланады. Бағалар дерекқорында жоқ болған жағдайда, жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады;».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Е. Досаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.