Күшін жойған

Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Әдістеме
Қабылдау күні
15.05.2014
Өзгерту күні
26.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.01.2015 № 42 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнің 51-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті
(Ж.Н. Шаймарданов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                          Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің          
2014 жылғы 15 сәуірдегі    
№ 102 бұйрығымен бекітілген  

Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі 1. Негізгі ережелер мен ұғымдар

      1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік органдарға жүктемені азайту және «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес жүргізілетін бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы (бұдан әрі – Есептік ақпарат) деректерді қайта тексеру рәсімін оңтайландыру мақсатында әзірленген.
      2. Әдістеме тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес Есептік ақпаратты қайта тексеру қажет Жарлық тізімінде көзделген орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО) мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарды (бұдан әрі – ЖАО) айқындауға арналған.
      3. Тәуекелдерді басқару жүйесі қайта тексерілетін мемлекеттік органдардың үлесін 20%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша Әдістемеге сәйкес қайта тексерілуге жататын төрт ОМО мен төрт ЖАО айқындалады.
      4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
      1) бағалаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі – бағалау қызметінің неғұрлым басым бағыттары бойынша таңдау мен қаржыны оңтайлы бөлу қағидаттары бойынша бағалау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;
      2) тәуекел – орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне сапасыз бағалау жүргізу ықтималдығы;
      3) тәуекел аймағы – осы Әдістеме бойынша есептеулерге сәйкес жиынтығында ең жоғары көрсеткіштерді (балл) иеленген сегіз ОМО мен алты ЖАО-дан тұратын топтың сипаттамасы;
      4) тәуекел деңгейін айқындау критерийі (К1, К2, К3) – алдыңғы кезеңдегі орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерімен байланысты сапалық көрсеткіштер;
      5) айыппұл балдары (К1) –алдыңғы жылғы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде дұрыс емес, толық және уақтылы емес ақпаратты беру фактілері бойынша шегерілген балдар;
      6) мемлекеттік органның серпіні (К2) – алдыңғы екі бағалау кезеңі ішінде мемлекеттік органды бағалаудағы балдардың елеулі өсуі;
      7) басым көрсеткіш (К3) – қайта тексеру үшін елеулі қызығушылық тудыратын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау критерийінің нәтижелері.
      4. Әдістеме үшін ақпарат көзі алдыңғы бағалау кезеңіндегі тиісті бағыт бойынша орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) нәтижелері туралы қорытындылар болып табылады.
      5. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау кезінде бағалаудың бес бағыты бойынша нәтижелер қолданылады:
      1) қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру;
      2) бюджет қаражатын басқару;
      3) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      4) персоналды басқару;
      5) ақпараттық технологияларды қолдану.
      6. Көрсетілген бағалау бағыттарының басым көрсеткіштерін (К3)осы Әдістеменің 1-қосымшаға сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      7. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау алдыңғы бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша жыл сайын жүргізіледі.

2. Тәуекел аймағына жататын мемлекеттік органдарды айқындау

      8. Тәуекел аймағына жататын мемлекеттік органдарды айқындау мақсатында мынадай есептеу формуласы қолданылады:

      мұнда:
      Xn – критерийлер бөлінісінде тәуекел аймағына жатқызылған бағыт бойынша мемлекеттік органның жиынтық көрсеткіші;
      K1n – «айыппұл балдары» критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші;
      K2n – «мемлекеттік органдар серпіні» критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші;
      K3n – «басым көрсеткіш» критерийі бойынша мемлекеттік органның көрсеткіші.
      9. Жүргізілген есептеулердің нәтижелері 8 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау 6-қосымшасына сәйкес тиісті бағандарына енгізіледі.
      10. Егер бағыт бойынша балдар сомалары бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері жаман мемлекеттік орган енгізіледі.

3. «Айыппұл балдары» – К1 критерийі бойынша рейтинг жүргізу

      11. «Айыппұл балдары» критерийі бойынша 8 орталық мемлекеттік органнан «айыппұл балдары» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан «айыппұл балдары» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау 7-қосымшасына сәйкес тәуекел аймағын айқындау мақсатында неғұрлым жоғары айыппұл балынан неғұрлым төменгісіне қарай рейтинг барлық ОМО мен ЖАО-ға жүргізіледі.
      12. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ОМО-ға 1 балл қадамымен 8-ден 1-ге дейін балл беріледі.
      13. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ЖАО-ға 1 балл қадамымен 6-дан 1-ге дейін балл беріледі.
      14. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіш болған жағдайда мемлекеттік органдарға тең балл беріледі. Тізімдегі келесі мемлекеттік орган бағалау көрсеткішін 1 балға аз алады.
      Мысалы егер осы критерий бойынша бірінші үш мемлекеттік органда айыппұл балдары бірдей болса, олардың барлығына 8 балдан беріледі және олардан кейінгі осы критерий бойынша неғұрлым төмен көрсеткіші бар мемлекеттік орган (төртінші) 7 балл алады.
      15. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері нашар мемлекеттік орган енгізіледі.
      16. 8 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау 6-қосымшасына сәйкес кестелерінің тиісті бағандарына балдар берілген мемлекеттік органдардың атаулары енгізіледі.

4. «Мемлекеттік органның серпіні» – К2 критерийі бойынша
рейтинг жүргізу

      17. «Мемлекеттік органның серпіні» критерийі бойынша 8 орталық мемлекеттік органнан «мемлекеттік органның серпіні» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан «мемлекеттік органның серпіні» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау 8-қосымшасына сәйкес барлық ОМО мен ЖАО-ға балдар өсімінің неғұрлым үлкен қарқынынан неғұрлым азына қарай рейтинг жүргізіледі.
      Бұл ретте серпін бағыт бойынша алдыңғы екі жылдағы бағалау нәтижелері бойынша балдар айырмашылығын білдіреді.
      18. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ОМО-ға 0,5 балл қадаммен 4-тен 0,5-ке дейін балл беріледі.
      19. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ЖАО-ға 0,5 балл қадаммен 3-тен 0,5-ке дейін балл беріледі.
      20. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген берілген балдар қолданылады.
      21. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіштер болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері нашар мемлекеттік орган енгізіледі.
      22. Осы Әдістемеге 2 және 6-қосымшалар кестелерінің тиісті бағандарына балдар берілген мемлекеттік органдардың атаулары енгізіледі.

5. «Басым көрсеткіш» – К3 критерийі бойынша рейтинг жүргізу

      23. «Басым көрсеткіш» критерийі бойынша 8 орталық мемлекеттік органнан «мемлекеттік органның серпіні» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан «басым көрсеткіш» критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау 9-қосымшасына сәйкес барлық ОМО мен ЖАО-ға неғұрлым нашар балдан неғұрлым жақсы балға қарай рейтинг жүргізіледі. Бұл ретте осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген бағыттар бойынша басым көрсеткіштер қолданылады.
      24. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ОМО-ға 1 балл қадаммен 8-ден 1-ге дейін балл беріледі.
      25. Осы критерий бойынша тәуекел аймағына жатқызылған ЖАО-ға 1 балл қадаммен 6-дан 1-ге дейін балл беріледі.
      26. Осы критерий бойынша көрсеткіштер бірдей болған жағдайда осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тәсіл қолданылады.
      27. Осы критерий бойынша бірдей көрсеткіштер болған жағдайда тәуекел аймағына бағыт бойынша бағалау нәтижелері нашар мемлекеттік орган енгізіледі.
      28. 8 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес және 6 жергілікті атқарушы органнан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау 6-қосымшасына сәйкес кестелерінің тиісті бағандарына балдар берілген мемлекеттік органдардың атаулары енгізіледі.

6. Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындаумен
жиынтық есептеу

      29. Бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, мемлекеттік органның балдар қосындысын қорытынды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      мұнда:
      Rn – бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып, мемлекеттік орган бойынша балдардың жиынтық сомасы;
      Х1n – «қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;
      Х2n – «бюджет қаражатын басқару» бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;
      Х3n – «мемлекеттiк қызметтер көрсету» бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;
      Х4n – «персоналды басқару» бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы;
      Х5n – «ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша тәуекел аймағына жатқызылған мемлекеттік органның балы.
      30. Әрбір бағыт бойынша осы Әдістемеге 2 және 6-қосымшаларға сәйкес тәуекел аймағына жатқызылған сегіз ОМО мен алты ЖАО балдары ең жоғары балл алған 4 ОМО айқындау және бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып жиынтық есептеу осы Әдістеменің 10-қосымшасына сәйкес және ең жоғары балл алған 4 жергілікті атқарушы органды айқындау және бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып жиынтық есептеу 11-қосымшасына сәйкес енгізіледі.
      31. Алынған балдарды қосу нәтижесінде барынша жоғары мән жинаған төрт ОМО мен төрт ЖАО айқындалады.
      32. Мемлекеттік органдар балдарының жиынтық сомасы бірдей болған жағдайда қорытынды тізімге барлық бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері нашар мемлекеттік орган қосылады.

7. Қорытынды ережелер

      33. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес ресімделетін, қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың қорытынды тізімі қалыптастырылады.
      34. Қайта тексеруге жататын Осы Әдістемені қолдану нәтижесінде айқындалған мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, қайта тексеру құқықтық мирасқор мемлекеттік органмен ұсынылған есептік деректер бойынша жүзеге асырылады.
      35. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау нәтижелері туралы қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 20 ақпанға дейінгі мерзімде жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
1-қосымша         

Бағалаудың бағыттары бойынша басым көрсеткіштер

Бағыт

Басым көрсеткіш

1

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру;

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу

2

Бюджет қаражатын басқару

Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу

3

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау

4

Персоналды басқару

Адами ресурстарды пайдалану тиімділігі

5

Ақпараттық технологияларды қолдану

Мемлекеттік органның функцияларын (процестерін) автоматтандыру

Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
2-қосымша         

8 ОМО-дан бағыт бойынша тәуекел аймағын айқындау

ОМО атауы

К1

ОМО атауы

К2

ОМО атауы

К3

ОМО атауы

Х - бағыт бойынша тәуекел аймағы

«айыппұл балдары»

8-ден 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

«мемлекеттік органның серпіні»

4-тен 1-ге дейінгі балдар (0,5 қадам)

«басым көрсеткіш»

8-ден 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

К1+К2+К3

2

3

4


6

7

8


9

10

11


12

13

1




1




1




1



2




2




2




2



3




3




3




3



4




4




4




4



5




5




5




5



6




6




6




6



7




7




7




7



8




8




8




8



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
3-қосымша         

8 орталық мемлекеттік органнан «айыппұл балдары» критерийі
бойынша тәуекел аймағын айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

К1

«айыппұл балдары»

8-ден 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




8




9



Балдар қойылмайды

10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20



21



22



23



24



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
4-қосымша         

8 орталық мемлекеттік органнан «мемлекеттік органның серпіні»
критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

К2

«мемлекеттік органның серпіні»

4-тен 0,5-ге дейінгі балдар (0,5 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




8




9



Балдар қойылмайды

10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20



21



22



23



24



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
5-қосымша         

8 орталық мемлекеттік органнан «басым көрсеткіш» критерийі
бойынша тәуекел аймағын айқындау

Орталық мемлекеттік органдардың атауы

К3

«басым көрсеткіш»

8-ден 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




8




9



Балдар қойылмайды

10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20



21



22



23



24



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
6-қосымша         

6 жергілікті атқарушы органнан бағыт бойынша тәуекел
аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К1

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К2

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К3

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

Х -бағыт бойынша тәуекел аймағы

«айыппұл балдары»

6-дан 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

«мемлекеттік органның серпіні»

3-тен 0,5-ге дейінгі балдар (0,5 қадам)

«басым көрсеткіш»

6 -дан 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

К1+К2+К3

2

3

4


6

7

8


9

10

11


12

13

1




1




1




1



2




2




2




2



3




3




3




3



4




4




4




4



5




5




5




5



6




6




6




6



7




7




7




7



8




8




8




8



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
7-қосымша         

6 жергілікті атқарушы органнан «айыппұл балдары» критерийі
бойынша тәуекел аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К1

«айыппұл балдары»

6-дан 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7



Балдар қойылмайды

8



9



10



11



12



13



14



15



16



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
8-қосымша         

6 жергілікті атқарушы органнан «мемлекеттік органның серпіні»
критерийі бойынша тәуекел аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К2

«мемлекеттік органның серпіні»

3-тен 0,5-ге дейінгі балдар (0,5 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7



Балдар қойылмайды

8



9



10



11



12



13



14



15



16



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
9-қосымша         

6 жергілікті атқарушы органнан «басым көрсеткіш» критерийі
бойынша тәуекел аймағын айқындау

Жергілікті атқарушы органдардың атауы

К3

«басым көрсеткіш»

6-дан 1-ге дейінгі балдар (1 қадам)

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7



Балдар қойылмайды

8



9



10



11



12



13



14



15



16



Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
10-қосымша         

Ең жоғары балл алған 4 ОМО айқындау және бағалаудың барлық
бағыттарын ескере отырып жиынтық есептеу

ОМО атауы*

Х1n

Х2n

Х3n

Х4n

Х5n

Rn

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру

Бюджет қаражатын басқару

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

ОМО барлық бағыттары бойынша балдар жиыны


2

3

4

5

6

7

8

























































*Жарлықтың қосымшасына сәйкес (орталық мемлекеттік органдарға қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесі)

Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
11-қосымша         

Ең жоғары балл алған 4 жергілікті атқарушы органды айқындау
және бағалаудың барлық бағыттарын ескере отырып жиынтық есептеу

Жергілікті атқарушы органның атауы

Х1n

Х2n

Х3n

Х4n

Х5n

Rn

Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру

Бюджет қаражатын басқару

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Персоналды басқару

Ақпараттық технологияларды қолдану

Жергілікті атқарушы органдар бойынша барлық бағыттары бойынша балдар жиыны


2

3

4

5

6

7

8









































Тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізінде есептік ақпараты қайта
тексеруге жататын мемлекеттік
органдарды айқындау әдістемесіне
12-қосымша         

Қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдардың тізбесі

Мемлекеттік органның атауы

Орталық мемлекеттік орган

1


2


3


4


Жергілікті атқарушы орган

1


2


3


4


Мемлекеттік органның басшысы      _________ _____________________
                                    (қолы)   (қолының түсінігі)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.