Күшін жойған

"Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
02.06.2014
Өзгерту күні
31.07.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы қазаңдағы № 40 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уақытша төмендету коэффициенті мемлекет, магистральдық темір жол желісінің операторы, концессионер мен тұтынушы және/немесе концессионер үшін осы шараның экономикалық тиімділігі есебінің және мақсаттылығының негізінде белгіленеді.
      Уақытша төмендету коэффициентін бекітудің экономикалық тиімділігі магистральдық темір жол желісі операторының және концессионердің, тұтынушының және/немесе концессионердің кірістерін алумен немесе кірістер ысыраптарын қысқартумен айқындалады».
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту мақсаттылығының өлшемдері мыналар болып табылады:
      1) мәлімделген жүкайналымы өткен жылдың тиісті кезеңі үшін нақты жүкайналымынан артқан (сақтаған).
      Жүкайналымын сақтаған жағдайда, өндірістің көлемін одан әрі арттыру мүмкін еместігі туралы тиісті салалық мемлекеттік органның қорытындысы ұсынылады.
      2) магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелерін пайдалану мүмкіндігі.
      Магистральдық темір жол желісінің жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелері құзыретті органның қорытындысымен расталуға тиіс;
      3) өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі.
      Өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысымен расталуға тиіс. Осы тармақшада көрсетілген өлшемге сәйкестігі жағдайында, уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту Ереженің осы тармағының 1)тармақшасында көзделген өлшемді сақтаған кезде ғана жүргізіледі.
      4) магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу бойынша тең тарифтік шарттарды қамтамасыз ету;
      5) жолаушылар тасымалының әлеуметтік мәнділігі.
      Жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңыздылығын темір жолмен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыны көрсете отырып, бағытын, құрамдылығын, субсидиялардың сомасын көрсетіп құзыретті орган растауға тиіс;
      6) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің көліктік жүйелерінің көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      7) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      8) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің темір жолдары арқылы бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту;
      9) жүк ағындарын жүктерді тасымалдаудың баламалы бағдарларына қайта бағдарлау мүмкіндігі;
      10) Қазақстан Республикасынан тыс жіберілетін, сондай-ақ қазақстандық өнімді өндіру үшін пайдаланылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жіберілетін жүктерді (қазақстандық өнімді) тасымалдау көлемдері төмендеген кезде, магистральдық темір жол желісі операторы кірістерінің ысыраптары қысқаруы болып табылады, егер мұндай төмендеу өткізу нарығы конъюнктурасының нашарлауына (өткізу көлемдерінің азаюы немесе бағалардың төмендеуіне) байланысты болса.
      Уақытша төмендету коэффициенті осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мәлімделген бағыт бойынша нақты қазақстандық өндіруші жүктерінің белгілі бір түрлерін тасымалдау кезінде магистральдық темір жол көлігі желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне қолданылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Көліктік инфрақұрылым саласындағы реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен:
      1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
      3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                      М. Оспанов

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрінің міндетін атқарушы
      А. Рау _______________
      2014 жылғы 19 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      Ж. Қасымбек ______________
      2014 жылғы 19 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ:»
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      Е. Досаев ________________
      2014 жылғы 20 мамыр

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.