"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
29.07.2014
Өзгерту күні
30.06.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады:
      «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларында:
      мемлекеттік тілдегі атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады:
      «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидалары»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауының осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеудің тәртібін айқындайды.»;
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін оларда электр энергиясының көп мөлшерлемелі есептеу аспаптары болған кезде қолданылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) ең жоғары тариф - тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;
      2) ең төменгі тариф - тұтынушы-жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасын жергілікті атқарушы орган белгілеген шектерде тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф;
      3) есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәні – оның уақытша болмауы, не нақты көрсеткішті алу мүмкін емес болған жағдайда алдыңғы мерзімдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығысының (тұтынуының) осы мерзімдегі күнтізбелік күндердің санына көбейту жолымен анықталатын есептеу аспабы көрсеткіштері ретінде қабылданған электр энергиясының көлемі;
      4) көп мөлшерлемелі есепке алу - электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды есепке алу;
      5) көп мөлшерлемелі есептеу аспабы - электр энергиясын тәулік зоналары бойынша тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін есептеу аспабы;
      6) режим күні - жылдың екі маусымы бойынша жасалған, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының электр тұтыну жүктемесінің графигінен айқындалған электр энергиясының ең көп тұтынылатын күн;
      7) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер - осы Қағидаларға сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері;
      8) тәуліктік жүктеме графигі - нақты маусымның режим күнінде өңірдің электр энергиясын тұтыну тәулігінің сағаттық графигі;
      9) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер - осы Қағидаларға сәйкес тұтынушы - жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясының тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік);
      10) тұтынушы - электр энергиясын шарттың негізінде пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
      11) тұтынушылар тобы - ортақ белгілері бойынша: электр энергиясын тұтыну шарттары, тұтынылатын қуат және одан әрі топтарға біріктірілген тұтынушылар;
      12) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушының жүктелім кестесі) - тәулік зоналары бойынша қисық өзгерістер, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісінің графикалық көрінісі;
      13) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметке басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      14) шарттық (мәлдімделген) ең жоғары жүктеме - энергиямен жабдықтаушы ұйымда уақыт бойынша ең жоғары жүктеменің өту сағаттарымен сәйкес келетін аса үлкен жарты сағаттық қуат;
      15) электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) – белгілі бір мерзім кезеңіндегі электр энергиясы нақты көлемінің осы мерзімдегі күнтізбелік күндердің санына қатынасы ретінде айқындалатын электр энергиясының көлемі, бұл мерзім ішінде есептеу аспаптары жөнделген және пломбаланған. Мерзім есептеу аспаптарының алынған көрсеткіштері бар кездегі күнтізбелік отыз күн есебінен таңдалады;
      16) энергия өндіруші ұйым - электр энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) сату үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;
      17) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.»;
      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1. Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұратын жеке тұлғалардың санын ескере отырып анықталады, оны анықтауға тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын заңды тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Елді мекендерде азаматтарда пәтер иелері кооперативінің және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі берген тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Тұрғын үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін орындау үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін тұратын тұлғалардың санына үй иелерінің немесе сол тұрғын үй-жайларды жалға алушыларының саны теңестіріледі, оны анықтау үшін құқық белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-2, 10-3 және 10-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «10-2. Есептеу аспаптарының көрсеткiштерiн екі есеп айырысу кезеңі ішінде алу мүмкiн болмаған кезде, егер бұл ретте тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым ағымдағы айға жеке тұлға тұтынған электр энергиясына есептеу жүргізу үшін оның жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай немесе тәулік зоналары электр энергиясына арналған сараланған тарифтер бойынша электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәнін анықтай отырып есеп жүргізеді.
      Есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәнінен кем болса, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясы тұтыну көлеміне қайта есептеу жүргізеді, бұл тұтынушы-жеке тұлғаға жазған және берген төлем құжатында көрсетіледі.
      10-3. Бір айдан артық емес мерзімге есептеу аспаптары болмаған үшін электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша айқындалған тұрмыстық қажеттілікке тұтынылған электр энергиясына төлемақыны энергиямен жабдықтаушы ұйым орташа тариф бойынша саралаусыз ұсынады.
      Бұл ретте, есептеу аспаптары болмағанда электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынуы) бойынша есеп айырысу кезеңі бір есеп айырысу кезеңінен аспайды. Кейінгі қайта есептеулер белгіленген қуат бойынша жүргізіледі.
      10-4. Электр энергиясын үйге ортақ қажеттілік үшін тұтынуға (кезекті жарықтандыру, лифттер, паркингтер және басқалар) тұтынушылардың тиісті тобы үшін орташа тариф бойынша саралаусыз төлем ақы жүргізіледі.
      Коммерциялық есепке алу аспаптарын теңгерімдік тиістілік шекарасынан тыс орнатқан кезде бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату орнына дейінгі желі учаскесі электр энергиясының шығасыларын (трансформаторларда және желілерде) теңгерімінде көрсетілген желі учаскесі бар тарап тұтынушыларының тиісті тобы үшін орташа тариф бойынша саралаусыз төлем ақы жүргізеді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Осы Қағидалар екі деңгейлік және үш деңгейлік тарифтерді қолданып жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифті және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифті бір мезгілде қолдануды болжамайды.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланушы жеке тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар көп мөлшерлемелі есептеу аспабы бар болған кезде тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер белгілеу өтінімімен кез келген уақытта энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінеді.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Электр плиталарын пайдаланатын (Тмин1) жеке тұлғалар үшін ең төменгі тарифтер мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Тмин1 = (То *Wбыт1 - Тмакс*(Wбыт1-k*Wмин1)/k*Wмин1, (9)

      мұндағы:
      Wбыт1 - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      Wмин1 - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, электр энергиясын тұтыну шамасын асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      k - жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдерін энергиямен жабдықтауды ескере отырып қайта бөлу коэффициенті, осы Қағидаларды алғашқы рет қолдану кезінде k=1,1, кейіннен k=1.»;
      37-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-6. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы (П) белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      «39-1. Осы Қағидалардың 3839-тармақтарына сәйкес сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін ұсынылған құжаттар мен материалдарды энергиямен жабдықтаушы ұйым қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.»;
      1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                               «Тәулік зоналары бойынша және (немесе)
                                оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
                                 қарай электр энергиясына арналған
                                 тарифтерді энергиямен жабдықтаушы
                                  ұйымдардың саралау қағидаларына
                                               1-қосымша»;
      2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                               «Тәулік зоналары бойынша және (немесе)
                                оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
                                 қарай электр энергиясына арналған
                                 тарифтерді энергиямен жабдықтаушы
                                  ұйымдардың саралау қағидаларына
                                               2-қосымша»;
      3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                               «Тәулік зоналары бойынша және (немесе)
                                оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
                                 қарай электр энергиясына арналған
                                 тарифтерді энергиямен жабдықтаушы
                                  ұйымдардың саралау қағидаларына
                                               3-қосымша»;
      4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                               «Тәулік зоналары бойынша және (немесе)
                                оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
                                 қарай электр энергиясына арналған
                                 тарифтерді энергиямен жабдықтаушы
                                  ұйымдардың саралау қағидаларына
                                               4-қосымша»;
      5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                               «Тәулік зоналары бойынша және (немесе)
                                оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне
                                 қарай электр энергиясына арналған
                                 тарифтерді энергиямен жабдықтаушы
                                  ұйымдардың саралау қағидаларына
                                               5-қосымша».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, кейіннен жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
      3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі бұйрық көшірмесін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.