"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
30.07.2014
Өзгерту күні
17.06.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 тіркелген, «Ресми газет» газетінінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесінде:
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа қосымша) негiзiнде қолданады. Осы шарт (шартқа қосымша) бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңiн және әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемдерiн әуе кемесiн пайдаланушының орындамағаны үшін тиiстi уақыт мерзiмiне уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданбастан көрсетілген қызметтердi тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрiнде жауапкершiлiгін көздейдi.
      Бұл талап осы Ереженің 6-тармағы 3) тармақшасының негізінде төмендету коэффициенттерін ұсынған жағдайда қолданылмайды.
      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Ереженің18-тармағында көрсетілген бұйрық күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Көліктік инфрақұрылым саласындағы реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
      3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов

     «КЕЛІСІЛГЕН»:                   «КЕЛІСІЛГЕН»:
     Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
     Көлік және коммуникация         Экономика және бюджеттік
     министрі                        жоспарлау министрі
     _____________ Ж. Қасымбек       ______________ Е. Досаев
     2014 жылғы 15 шілде             2014 жылғы 24 маусым

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.