Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
15.08.2014
Өзгерту күні
20.11.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

       «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7206 тіркелген, 2012 жылы 18 ақпандағы № 64 (27136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 16-07/145 «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8448 тіркелген, 2013 жылы 17 қазандағы № 233 (28172) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)).
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықты заңдылықта белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 20 қарашасына дейін қолданылады.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 17 шілдедегі  
№ 7-1/369 бұйрығымен   
бекітілген         

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 46) тармақшасына сәйкес ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу, Министрліктің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақысыз мерзімсіз негізде жүргізіледі.

2. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу тәртібі

      3. Ветеринария саласындағы жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеуге жататын келесі кәсіпкерлік қызметінің түрлері:
      1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
      2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;
      3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
      4) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу;
      5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.
      4. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес лицензия алғанда қатар жүргізіледі.
      5. Тіркелген жеке және заңды тұлғалар туралы мәлімет ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар Тізіліміне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда енгізіледі.
      6. Есептік тіркеу рәсімі:
      1) осы Қағидаларының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тексеруді;
      2) Тізілімге жазба енгізуді;
      3) жеке немесе заңды тұлғаларды енгізілгені/енгізілмегені туралы хабардар етуді қамтиды.
      7. Есептік тіркеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаларының (немесе оның өкіліне берген сенімхаты бойынша) тікелей немесе электрондық пошта арқылы ұсынған өтінішінің негізінде жүргізіледі, мынадай құжаттарды қоса:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) ветеринария саласындағы білімі туралы дипломның көшірмесі.
      8. Құжаттарды қабылдау кезінде ведомствоның бөлімшесі түпнұсқалардың шынайылығын ұсынылған құжаттармен және мәліметтермен салыстырып тексереді, бұдан соң түпнұсқаларды қайтарады және жеке немесе заңды тұлғаларға (немесе оның өкіліне берген сенімхаты бойынша) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша талон береді.
      9. Комитет өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешікпей, есептік тіркеуді жүзеге асырады және жеке немесе заңды тұлғаларға Тізілімге енгізілгені/енгізілмегені туралы хабарлама жолдайды.
      10. Жеке немесе заңды тұлға немесе оның өкілі осы Қағидаларының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, Тізілімге енгізілмеу үшін негіз болады.
      11. Жеке немесе заңды тұлғалар Комитетке:
      1) бес күнтізбелік күннің ішінде - осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда;
      2) үш күнтізбелік күннің ішінде - басқа аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринариялық қызметпен айналысар алдында хабардар етеді.
      12. Жеке немесе заңды тұлғаларды Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) жеке немесе заңды тұлғаларының кәсіпкер ретінде ветеринария саласындағы қабылданған қызметті тоқтату туралы қағиданың 4-қосымшасына сәйкес үлгісі бойынша өтініші;
      2) жеке немесе заңды тұлғаларының кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы соттың шешімі.

Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларды есептік тіркеу
қағидасына           
1-қосымша            

Нысан

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын
жеке және заңды тұлғалар тiзiлiмi

Реттік №, күні (тіркеу нөмірі)

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН/Заңды тұлғаның толық атауы, БСН

Ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын орны

Көрсетілетін қызмет түрлері

1

2

3

4

Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларды есептік тіркеу
қағидасына           
2-қосымша            

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетіне
_____________________________________
(заңды тұлға, БСН/тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса), ЖСН)
Мекенжайы:________________________

Өтiнiш

      Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға ретiнде тiркеудi сұраймын.
      Қызмет түр(лер)і: _____________________________________________
      Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi: __________________
      бiлiм туралы дипломның көшiрмесi: _____________________________
      Жалған ақпарат және дәйексіз құжаттарды ұсынғаным үшiн
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. Мен ұсынған мәлiметтерді және
құжаттарды тексеруге қарсы емеспiн.
      Қызметті жүзеге асыратын орын: ________________________________
      20___ жылғы____________________
      _______________________________
          (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Қосымша: ______ парақта 1 данада __________________________
      Құжаттар 20 __ жылғы________________________________ қабылданды
                      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________
                                _____________________

Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларды есептік тіркеу
қағидасына           
3-қосымша            

Нысан

ТАЛОН

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен:
Құжаттар қабылданды _________________________________________________
                           (заңды тұлғаның аталуы, БСН/
_____________________________________________________________________
       жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН)
      Қосымша: ______ парақта 1 данада
      __________________________________________
      Құжаттар 20 __ жылғы «____» __________________ қабылданды
      ________ ______________________________________________________
      (қолы)   (құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты
                                   (болған жағдайда)
      Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________

Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғаларды есептік тіркеу
қағидасына           
4-қосымша            

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетіне
_____________________________________
(заңды тұлға, БСН/тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса), ЖСН)
Мекенжайы: ________________________

Өтiнiш

      Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғаларды есептік тіркеуден алып тастауды сұраймын. (керексізін сызып тастау),
_____________________________________________________________________
      себебі бойынша ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (мемлекеттік тіркеуден алып тастау жайлы жүгінуі бойынша
                          негіз мазмұндау)
      Көрсетілетін қызметтер: ______________________________________)

      ЖСН/БСН _________________________
      «____» __________ 20 __ ж.
      __________________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.