Күшін жойған

"Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Шешім
Қабылдау күні
23.07.2014
Өзгерту күні
28.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.03.2015 № 110-399 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін интернет-ресурсында және Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

И. Тасмағамбетов


  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 110-995 қаулысына
қосымша

"Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11 үй.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарма миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік ортаны құру.

      15. Міндеттері:

      1) мемлекеттік тілдің функцияларын кеңейту, оның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз етуді;

      2) қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану үшін жағдай туғызуға ықпал жасауды;

      3) мемлекеттік тілді меңгеруге қажетті жағдай туғызуға ықпал жасау және оны оқыту курстарын ұйымдастыруды;

      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда орыс тілінің ресми тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз етуді;

      5) этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне және дамуына қолдау көрсетуді іске асырады;

      6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

      7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;

      8) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау.

      16. Функциялары:

      ("Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес)

      1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) ведомстволық нысандар, шетелдік өкілдіктер, коммерциялық және басқа да құрылымдар ғимараттарының жарнамалық және басқа да маңдайшаларын безендіру кезінде тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;

      3) қалалық ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету, атаулар және қайта атаулар туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу:

      қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, қиылыстар, саябақтар, шағынгүлбақтар, көпірлер және қаланың тағы басқа құрамды бөліктері, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясының өзгеруі;

      Басқарманың құзыретіне кіретін физика-географикалық, топонимикалық, өнеркәсіптік және басқа да объектілер;

      4) қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің функциясын кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      5) мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды басшылыққа алу;

      6) тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;

      7) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты безендіру жұмыстарына консультациялық көмек көрсету;

      8) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің тіл туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;

      9) Қазақстан халқы тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;

      11) орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің тіл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 17.08.2017 № 110-1675 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      ("Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес)

      1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

      3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманың орындалуын бақылау нәтижелері бойынша мәселені жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының төрағалық етуімен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысшы тобының қарауына енгізу;

      5) меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар басшыларынан және тағы басқа органдар мен заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, құжаттарды сұрату;

      6) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысы Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

      20. Басқарма басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріндегі басшылардың міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды, лауазымдық жауапкершілігін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жауапты болады;

      5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      6) Басқарма құзіретіне кіретін құқықтық актілердің басқа да мәселелер жөніндегі құжаттардың әзірленуін бақылайды;

      7) өз құзыреті шегінде тіл туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оны бұзудағы деректерді қарастырып, шешім қабылдайды;

      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың мүддесін білдіреді;

      9) Басқарма әкімшісі болып табылатын төлемдер және міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      10) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 17.08.2017 № 110-1675 қаулысымен.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Басқарма егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.03.2015 № 110-399 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.