Күшін жойған

"Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
16.05.2014
Өзгерту күні
03.05.2016
Актіні қабылдаған орган
Қарқаралы ауданының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 107 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Қарқаралы ауданының "Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Р. Сатыбалдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
К.М. Максутов

      

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 101 қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 23 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел предпринимательства и промышленности Каркаралинского района".
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларындағы мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру және іске асыру;
      2) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қамтамасыз ету;
      3) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларындағы әзірленген әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының орындалуына бақылау және мониторингісін жүргізу;
      4) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
      15. Функциялары:
      1) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын және басымдықтарын анықтауға қатысады;
      2) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмінің экономикалық бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмінің даму бағдарламаларын мәжілістерде қарауға дайындайды;
      3) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларын дамыту мен қаржылық сауықтыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс пен шараларды әзірлеуге катысады;
      4) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға, инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етуге қатысады;
      5) ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмінің дамуы бағдарламаларының орындалуы жөнінде есептерді дайындайды.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, баска да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
      2) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмінің экономикалық дамуының бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің басшысын Қарқаралы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлім басшысының өкiлеттiгi:
      1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза береді;
      4) Бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жауапты болады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Бөлімнің мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.