Күшін жойған

Шет ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
19.12.2014
Өзгерту күні
21.04.2015
Актіні қабылдаған орган
Шет ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 21.04.2015 № 29/261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шет ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы

А. Қызылов
 
Ә. Смағұлұлы


Шет аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 қарашадағы
ХХVI сессиясының №26/224 шешімімен
бекітілген

Шет ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Шет ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (одан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Шет ауданы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
 

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Шет ауданы ауылының, кентінің, ауылдық округінің әкімі шақырады.
      Шет ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шет ауданы ауылының, кентінің және ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.