Күшін жойған

"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Ереже
Қаулы
Қабылдау күні
05.08.2014
Өзгерту күні
02.03.2015
Актіні қабылдаған орган
Приозерск қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 N 9/4 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Приозерск каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Приозерск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/54 "Приозерск қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ. Камзин

Приозерск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 26/9 қаулысымен бекітілген

"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының кәсiпкерлiк және өнеркәсіп бөлiмi" (бұдан әрi – Мекеме) мемлекеттiк мекемесі кәсіпкерлік аясында, өнеркәсіп, индустириалды-инновациялық саясат, туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 101100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел предпринимательства и промышленности города Приозерск".
      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мекеменiң миссиясы: кәсіпкерлік аясында, өнеркәсіп, индустириалды-инновациялық саясат және туризм салаларында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
      14. Мекеменiң негiзгi міндеттері:
      1) қаладағы кәсіпкерлік, сауда қызметі, индустриялық-инновациялық дамуы, инвестициялық және сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдылықтарын қалыптастыру;
      2) Шағын және орта кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау бағдарламасын іске асыру және әзірлеу;
      3) туризмді дамыту бойынша аумақтық бағдарламаларды өңдеу және іске асыру болып табылады.
      15. Мекеме өз құзырлығы шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      3) қала аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      4) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
      5) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
      6) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      9) қала кәсiпорындарымен меморандумдар, келiсiмдер және келiсiм шарттар жасасу;
      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін Мекеме:
      1) Мекеме құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөнiндегi ұсыныстарды қала әкімінің қарауына енгізуге;
      2) заңнамада белгіленген тәртіпте және өз өкілеттілігі шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік кәсіпорындардың жұмысы мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге және келісім шарттарға, өзге заңды актілерге қол қоюға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Приозерск қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) заңнамаға сәйкес Мекеме қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Мекеме атынан шығады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Мекеме бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.