Күшін жойған

"Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
24.09.2014
Өзгерту күні
29.04.2015
Актіні қабылдаған орган
Қаратөбе ауданының әкімдігі
      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 29.04.2015 № 82 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3548 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      ""Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі" қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.";
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қаратөбе ауданы әкімінің аппаратының басшысы (К. Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Иманғалиевке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шахаров

  2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 134
Қаратөбе ауданының әкімдігінің
қаулысына қосымша
2014 жылғы 6 мамырдағы № 80
Қаратөбе ауданының әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы,
ветеринария және жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090800, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 19.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.
      14. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласында Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
      4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      10) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру;
      11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      12) мүдделi тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      13) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргiзеді;
      14) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;
      15) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      16) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      17) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы ауданның жергілікті атқарушы органының шешімдер қабылдауын ұйымдастыру;
      18) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы ауданның жергілікті атқарушы органының шешімдер қабылдауын ұйымдастыру;
      19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      22) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ақпарат беру;
      23) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ұсыну;
      24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      27) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
      30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
      31) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуді жүзеге асыру;
      32) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беруді жүзеге асыру;
      33) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
      35) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
      36) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
      37) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді резервте қалдыру;
      39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
      41) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
      42) арнайы жер қорын құру;
      43) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
      44) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
      16. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік орган өзінің құзыреті шегінде:
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға;
      мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
      мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға құқылы;
      2) мемлекеттік органның міндеттері:
      Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
      заңнамада белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
      2) заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      5) мемлекеттік мекеменінің басқа мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді;
      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және жұмысқа дербес жауап береді;
      7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, облыстық, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауап береді;
      8) Қазақстан Республикаларының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.